Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Ежелгі орыс қалаларының археологиясы



Pdf көрінісі
бет61/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
 Ежелгі орыс қалаларының археологиясы 
Жоспары: 
1. Жалпы шолу 
2. Ежелгі Киев 
3. Ежелгі Новгород 
Шығыс славяндардың қалаларының пайда болуы қолөнердің, сауданың 
дамуымен және таптық қоғамның пайда болып, бөлек княздіктердің құрылуымен 
тығыз байланыста. 
Славяндардың ірі қалалары Киев, Смоленск, Новгород және Чернигов дербес 
княздектердің орталық қалалары болды. Орыс жерінде қалалардың дамуы ІХ-Х 
ғасырлардан басталып ХІІ-ғасырда бірнеше ондаған қалалар пайда болды. 
Орыс қалаларының негізгі тіршілігі қолөнердің дамуы. Сауда орталықтарының 
қалыптасуы, ал негізінен княздар мен боярлардың административтік орталығы 
болды. Қаланың дамуына сауда жолындағы географиялық қолайлы жерге 
орналасуы, қолөнердің әсіресе металлургияның дамуына шикізат көзіне жақын 
жатуы, орман-ағаштардың мол болуы үлкен әсер етті. Орыс қалалары үш бөліктен 
тұрды: бекініс бөлігі – кремль, сауда – қолөнер бөлігі – пасада, сауда – саттық 
бөлігі – «торга». Академик Б.А.Рыбаков ХІ ғасырда өмір сүрген князь замогі 
Любечті зерттеді. Князь замогының көлемі шағын 30х100 м. Қаланың қоршауының 
сыртынан терең канал қазылып, ол көпір арқылы ішпен қатынас жасайды. Қаланың 


сыртқы қабырғасы екі қатар қаланған, оның сыртында биік ағаш қорған болған. 
Бекіністің ішкі жағында әр жерде үлкен қазандар орналасқан, ол жаудың үстінен 
қайнаған су құйатын қазандар болған. 
Қолөнердің негізгі түрі темір балқыту және ұсталық кәсіп болды. Орыс 
қалаларының барлығында темірді салқын ауа айдау арқылы балқытқан пештерді 
және шлактардың қалдықтарын көреміз. Археологиялық материалдар ішінен – 
темір төстер, қысқыштар, шапқылар, балғалар жиі кездеседі. 
Орыс жеріндегі кең тараған кәсіп зергерлік, орыс зергерлері алтын және күміс 
заттарды біріне-бірін жабыстыра отырып әшекей заттар жасаған. 
Өндірістің дамыған сатысының бірі қыш ыдыстар жасау, ыдыстарды 
станоктарда жасаған. Х ғасырда орыс жерінде кірпіш пайда болды, кірпіштің 
көлемі 30х30 см, қалыңдығы 2,5 см. Х-ХІ ғасырда Киевте, Новгородта алғашқы 
орыс тиын ақшалары пайда болды. Ол ақшалар княздар Владимир Святославич 
және Ярослав Мудрый аттарымен шықты. ХІ-ХІІ ғасырларда орыс жерінде гривна 
айналымға түсті, олармен қатар қалалардан Батыс Европаның, Византияның, 
арабтардың ақшалары кездеседі. Ақшамен қатар қалалардан қорғасыннан жасалған 
мөрлердің 
қалдықтары 
табылуда. 
Мөрлердің 
беттерінде 
княздардың, 
архиепископтардың, мыңбасылардың, посадниктердің аттары жазылған. 
Ежелгі Орыс қалаларында жазу үлгілері пайда болып, 988-989 жылдары 
христиан діні тарады. Князь сарайларында, монастырларда летопистер жазылып 
қолданылды. 1951 жылы Новгород қаласын қазған кезде ХҮ ғасырға жататын 
қайыңның қабығына жазылған грамоталар табылды. Қазіргі кезде жүздеген 
берестаға жазылған грамоталар табылып, оқылуда. Берестаға жазған грамоталар 
Смоленскден, Псковтан, Витебскден т.б. қалалардан табылды. 
Ежелгі Киев 
Орыс жылнамасы “Повести временных лет” бойынша Киев үш ағайынды – Ки, 
Шеке және Харивтардың салуымен басталады. Киев қаласының негізін Андреев 
тауына ҮІІІ-Х ғасырлардағы орналасқан қоныстардан басталады. Қаланың 
алғашқы іргені, бекіністері, үйлері ағаштан салыныпты. Князь Владимир кезінде 
қала кеңіп, Ярослав Мудрый заманында одан да көркейді. Ярослав Мудрый кезінде 
қаланың бекіністері бірнеше рет қайта тұрғызылған. Ярослав кезіндегі Киевтың 
бекіністерінің ені 20 мертдей болған, орыс тарихында керемет бекініс болды. Киев 
саяси және административтік өмірде маңызды роль атқарды, оны княздардың 
елшілерді қабылдаған, дружиналарға, үлкен жиналыстарды өткізуге арналған 
сарайлардан көреміз. Осындай сарайға 989-996 жылдары Киевтің орталығында 


салынған Десятинның Церквісін көруге болады. Князь сарайының жанына қаланың 
атақты адамдары және байлар орналасқан, одан әрі қолөнершілер орналасты. 
Киевтің архитектуралық ескерткіштерінен Ярослав Владимирович тұсында 
тұрғызылған София соборын айтуға болады. Ол Киев мемлекетінде саяси-діни 
салада үлкен роль атқарылды. Сарпй 800 жылдай өмір сүрген және бірнеше рет 
қайта тұрғызылды. Храмның ішкі құрлысы бес бөліктен тұрады, ішінде княздің 
өзіне, семьясына және күтушілеріне арналған бөлмелер бар. Храмның қабырғасы, 
төбесі библияның тақырыбында әшекейленген, колонналар мен қабырғаларға 
әулиелердің суреттері салынған. София соборы Византиялықтардың үлгісімен 
салынған. 
Ярослав Мудрый кезінде үлкен қақпа салынды, кейіннен бұл орыс тарихында 
“Алтын қақпа” деп аталған, ол қақпа Византиялықтардың үлгісімен салынған. 
Киев қаласында салынған тас сарайлардың үлгісі кейінгі орыс қалаларында 
архитектуралық құрлыстарға үлгі болды. Қазба жұмыстарыкезінде Киев ХІІ-ХІІІ 
ғасырларда ежелгі орыс княздіктерінің орталығы болды. Киев қолөнершілері жай 
қыштан жасалған ыдыстардан бастап, өте нәзік ювелирлік заттарға дейін 
шығарған. Қалада ұсталық, қыш ыдыстар жасау, ағаш өңдеу, зергелік, сүйектеген 
бұйымдар жасау, шыны өңдеу т.б. қолөнер дамыды. 
1240 жылдың күзінде Киев қаласы татар-моңғолдардың шапқыншылығы 
кезінде қирады.археологиялық қазба жұмыстары кезінде Десятинский шіркеуі 
киевтіктердіңсоңғы қорғанысы болған. 
Ежелгі Новгород 
Новгород қаласы археологиялық тұрғыдан орыс қалаларының ішіндегі жақсы 
зерттелгені. Новгород қаласында басқа қалаларға қарағанда былғарыдан және 
ағаштан салынған заттар көптеп сақталған. Себебі Новгород қаласы ойпатқа 
орналасқан, ылғал өте жақын сондықтан зат жақсы сақталады. Новгород қаласында 
мәдени қабат жақсы сақталған. Қала бұрынғы қоныстың үстінен салынған. Х 
ғасырда қазба жұмыстары бойынша Волохов өзенінің екі жағына кеңейіп салынып, 
ірі сауда және мәдени орталық болған. ХІ-ХІІ ғасырларда Новгород ортағасырлық 
Европада үлкен қалаға айналып, бір княздіктің орталығы болды. Новгород сауда 
жолында жатты, Волхов өзенінің бойымен Ладога көліне, Нева өзеніне шығып, әрі 
қарай Швецияға, Голландияға және Балтық бойына сауда жасады. Новгородтың 
басқа орыс қалаларынан айырмашылығы жертөле /землянка/ үйлер жоқ, себебі 
қала батпақтың үстінде тұр, су өте жақын сондықтанадамдар екі қабат үйлерде 
тұруға тырысқан, төменгі қабаттың едені өте қалың, берік салынды. Адамдар 
жоғарғы қабатта ғана тұрған, ал төменгі қабат шаруашылық бөлмелері, мал 


тұратын жерлер болды. Новгород қаласында көпірлер көп, олар Х ғасырдан бастап 
тұрғызыла бастаған. Қала көшесі ағашпен төселген, кейіннен ағаш көшелер су 
топыраққа сіңіп кетіп, мәдени қабаттты құрады, Новгородтан осындай ағаштан 
төселген 30 мәдени қабат табылды. 
ХІ ғасырдың тастан салған архитектуралық құрлысына Новгородтағы 
Софиский соборды жатқызамыз. Шіркеуді салған кезде ақ тас пен күйдірілген 
кірпіш пайдаланылған. Тас құрлыстар қаланың дәл ортасына салынған, оған София 
шіркеуі, кремль, Ярослав дворы, веча алаңы, шет елдіктер мен қаланың ең 
байларының үйлері жатады. Новгород қаласы сауда мен қолөнер орталығы, 
қаладан ХІ-ХІІІ ғасырларға жататын май шайқайтын, етік тігетін, ойыншық 
даярлайтын шеберханалардың орындары табылды. 
Новгородтан көптеген ағаш өңдейтін механизмдер табылды, олар қаланың 
ылғалды жер қыртысына байланысты жақсы сақталған, ағаш құралдарға, тоқу 
станоктарының бөлшектері, роликтер, қақпаның бөлшектері, түрлі блоктар т.б. 
жатады. Археологиялық материалдар ішіндегі көп табылған заттарға қару-жарақты 
жатқызуға болады, оның ішінде темір садақ ұштары, найза сынықтары, қанжар 
және семсерді, темір сауыттардың қалдықтары кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет