Соңғы қола дәуірінің ескерткіштері ортаңғы қола дәуірінің ескерткіштерімен
тығыз байланысты. ¦қсастықтары: тас жәшіктерде немесе цисталарда жерлеу,
өліктің басын оңтүстікке қаратып, бүктетілтіп жерлеу, жанына қыштан жасалған
ыдыстар қою т.б. екі кезеңге де тән белгілер. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанның
соңғы қола ескерткіштерінде бір-біріне жалғасқан шеңбер қоршаулар, бір қабірге
бірнеше ересек адамдарды, кейде балаларымен бірге жерлейтін Оңтүстік Сібір мен
Алтайдың карасук тайпаларының мәдениетінің ықпалы аңғарылады. Бұл ықпалдың
қыш ыдыста да, металл бұйымдарда да ізі бар.
Шығыс Қазақстан тайпаларының соңғы қола
мәдениеті Сібірдің карасук
мәдениетіне, Орал сыртының Замараев және Орталық Қазақстанның беғазы-
дәндібай мәдениетіне тұстас келеді.
Алдыңғы және ортаңғы қола мәдениеті. Шығыс Қазақстандағы алдыңғы қола
дәуірінің ескерткіштеріне Қанай аулы іргесіндегі бейіт жатады. Ол жер үстіне
тігінен қойылған тақта тастардан тұратын шаршы қоршаумен белгіленген. Жерден
қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек
пен әйелдің сүйектері шықты. Сүйектердің біразы жосамен боялған. Қабірден
жебенің қоладан жасалған ұшы, ашық-жасыл тас моншақ,
сыртына өрнек салған
қыш ыдыстың сынықтары табылды.
Қола дәуірінің ортаңғы кезеңіндегі Шығыс Қазақстанның қоныстары мен
қорымдары Қанай аулы маңынан, Зевокино селосынан, Сары көлден, Кіші Қойтас,
Нұрмамбет аулынан зерттелді.
Ертістің оң жағалауындағы Қанай қола кезеңінің қонысын қазған кезде
жартылай жертөле тәрізді үйлердің орындары ашылды. Құрлыс қабырғаларының
негізі-тіреулер, олардың арасына қамыс салып, балшықпен сыланған. Едені жер,
онда тастан қаланған үш ошақ бар. Оның екеуі тамақ дайындауға біреуі үйді
жылытуға арналған.
Жапсарлас салынған үйден мыс рудасының түйірі мен мыс шлагы жабысқан
қыш ыдыстың сынығы және құйма қалыптың жартысы табылды. Қоныстың
оңтүстік-шығыс шетьінде салмағы 6 кг. астам уатылған мыс рудасының кесектері
табылды. Қонысқа жақын маңнан ағаш көмірмен араласқан мыс шлагының 10 кг.
кесектері және мыс рудасын қорытқан пештің орны ашылды.
Тұрғындар шаруашылықта
және тұрмыста тас дәнукіштер, уккіштер,
келсаптар, тас тоқпақшалар, кетпендер, құйма қалыптар, сүйек пышақтар, тарақ
тәрізді қалыптар,
қола біздер, моншақтар, білезіктер, буйірлі көзелер мен иіні
дөңгелек келген қыш құмыралар тұтынған.
Зевакино селосы, Қанай аулы, Сарыкөл көлі, Қаражал мен Кіші Қойтас,
Нұрмамбет атыраптары маңындағы, Усть-Буконь селосы түбіндегі
қорымдарды
қазу кезіндегі алынған материалдар қола дәуірі адамдарының шаруашылығы,
тұрмысы, кескін-кейпі туралы біздің мағұлматымызды кеңейтіп, толықтыра түседі.
Ертістің оң жағалауындағы Зевакино қорымы әр кезеңге жататын 500-ден
астам бейіттен тұрады. Зерттеу нәтижесінде бұл бейітке адамдарды тас жәшіктерге,
цисталар мен ағаш қималарға салып жерлеген. Жерленгендер сол және оң
қырынан, басы батысқа қаратылып, бүктетілтіп жатқызылған. Ерлер мен әйелдер
қабірлеріндегі қоса көмілген құрал-саймандар көзе сияқты бүтін ыдыстар, ернеуі
қайырылған құмыралар,
қола тоғалар, туйреуіштер, моншақтар және еңбек
құралдары, қару-жарақтар табылды.
Шідерті өзенінің оң жағалауына орналасқан Нұрмамбет қорымындағы екі
адамның қаңқасы шыққан қабір ерекше көңіл қоярлық. Жерленгендер бір-біріне
бетпе-бет құшақтастырылып салынған: ері – сол қырынан, әйелі – оң қырынан
жатқызылған. Ер адамның бас жағына қола қанжар қойылған. Әйелдің
саусақтарында
бес қола сақина, ал білектерінде қола білезік, аяқтарында қола
моншақтар бар. Бас жағына қола біз бен ине қойылыпты.
Достарыңызбен бөлісу: