бейіт шықты. Неғұрлым көбірек зерттелгені Вишневка І шағын қонысы /Петропавл
қаласының маңында/ болды. Онда сақталған
конструкциялар алдыңғы қола
дәуіріндегі тұрғын үй туралы түсінік береді. Бұл жер бетіне салынған үй,
едені
құмайт жердің топырағы. Үйдің аумағы 126
шаршы метр,
төбесін ұзынынан
салынған
бөренлермен жапқан, ал бөренелер бірнеше бағаналардың үстіне
бекітілген.
Бұл аймақтағы алдыңғы қола дәуірінің тайпаларында мынадай жерлеу ғұрыпы
сақталған, мысалы Қарға аралы мен Бескөл селосы маңындағы қабірлерден өлікті
өртеп жерлегендігі анықталды. өлген адамның сүйегін өртеп қыш ыдыстың ішіне
салып жерлеген. Екінші қыш ыдысқа малдың сүйегін толтырара салған.
Алдыңғы
қола
ескерткіштерінің
материалдары
неолит
дәуірімен
салыстырғанда халықтың көбірек отырықшы болғанын көрсетеді. Балық аулау мен
аң аулау бірте-бірте екінші қатарға ығысқан. Бұл кез-кешенді малшылық-егіншілік
шаруашылығы қалыптасқан және металл игерілген кез.
Қоладан жасалған
бұйымдар аз, тастан жасалған тас балталар, үшкір және талдың жапырағы тәріздес
жебе ұштары, сыдырғыштармен қырғыштар жиі кездеседі.
Алдыңғы қола ескерткіштеріндегі ыдыстар құты сияқты, түбі жайпақ. Бескөл-
1,5, Вишневка-2, Пестрое қоныстарынан және бейіттерінен табылған ыдыстардағы
үшбұрышты, төртбұрышты және сопақша келген түрлі
шұңқырша ойықтар-
өрнектер бүйірінен түбіне салынған.
Ыдыстардың Вишневка-1, Петровка-1, Алтын күз,
Қарғалы-І қоныстарынан
табылған бөлігінің беттеріне тарақ тәрізді қалыппен және таяқшамен түсірілген
суреттері бар. Ыдыстардың бүйірі ғана өрнекпен қапталған. Ал түбінің сәнделуі
сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: