Құрастырушы: аға оқытушы Рахметова А. М



бет5/21
Дата25.08.2017
өлшемі9,41 Mb.
#26550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Суда тіршілік ететін қарапайымдармен салыстырғанда топырақ қарапайымдарының дене тұрқы өте кіші, ұсақ болады. Мысалы тұщы суда тіршілік ететін амебалар 50-100 мкм, ал топырақтағылары 10-15 мкм. Әсіресе топырақ талшықтыларының денесі өте кіші – 5 микроннан аспайды. Бірақ олардың саны топырақта аса мол: тек 1 г ғана топырақта 103-106 пішінсіз амебалар (Amaebina) мен талшықтылар (Mastigophora), 104 бақалшақты амебалар (Testacea), 103 кірпікшелілер (Infusoria) кездеседі. Саны осынша мол болғандықтан, олардың биомассасы да едәуір көп: 1 шарлы метр жердің топырағында 2-10 грамға жетеді. Бұған қоса олардың өнім беру қабілеті аса жоғары, өсімі өте тез. Мысалы: амеба 1 сөткенің ішінде өзінің салмағын 5 есе арттырып өседі. Талшықтылардың салмақ қосу қабілеті амебадан да артық. Қарапайымдардың тағы бр қасиеті – олар өте тез көбейеді. Олардың популяциясы 1-3 сөткенің ішінде түгелдей жаңа ұрпақпен ауысып отырады. Жылына 50-300 рет көбейіп, ұрпақ шашады.

Топырақ қарапайымдарының негізгі қорегі – бактериялар. Бактериялар өсімдіктің қалдығын ыдыратып, топырақта қарашірінді (гумус) түзілу үрдісін жеделдетуі арқылы адамға, табиғатқа аса маңызды міндеттер атқаратыны ежелден белгілі. Сол себептен кейбір ғалымдар қарапайымдыларды зиянды деп көрген. Олар топырақтағы бактериялардың санын болымсыз мөлшерде ғана азайта алады. Оның есесіне олар өзінен биологиялық пәрменді заттар бөліп шығарады. Биологиялық пәрменді бұл заттар микроағзалардың, өсімдіктің тамырының өсіп жетілуіне демеу беріп, өсімдік тұқымының шығымын жоғарлатады және өсімдіктің әртүрлі ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтардың белсенділігін бәсеңдететін әсер көрсетеді. Сонымен қатар қарапайымдар топырақта тіршілік ететін көптеген пайдалы жәндіктердің қоректік қоры ретінде маңызды рөл атқарады.



М и к р о ф а у н а тобына топырақтың ішіндегі үлкенді-кішілі қуыстар мен бос кеңістіктерде тіршілік ететін дене мөлшері сол бос кеңістіктерден кіші жәндіктер жатады. Мысалы: сауытты кенелер (Oribatei), гамазид кенелер (Mesotigmata), құйрықаяқтылар (Collembola), протура (Protura), симфила (Symphyla) т.б. ұсақ буынаяқтылар топырақтың микрофауна жәндіктер тобын құрайды (6-сурет). Олар демтүтіктері (трахея) арқылы топырақтың қуыстарында, қылтүтіктерінде жиналған ауамен тыныс алады. Денесі өте кішкене, топырақ түйіршіктерінің арасындағы қуыс, бос кеңістіктен дене мөлшері әлдеқайда кіші болғандықтан топырақтың қатты бөліктерімен әсерлеспей-ақ қуыс, тесік, қылтүтік тәрізді бос кеңістіктерді аралап еркін қозғалады. Топырақта тіршілік еткенімен оның сұйық және қатты фазасымен әсерлеспейді. Тек топырақтағы ауалы бос кеңістікті иеленіп өмір сүретіндіктен бұл ағзалардың экологиялық ортасы жер бетіндегі еркін ауалы ортаға ұқсас. Топырақта жиналған ауаны (газ фазасын) тіршілік ортасы болдырып топырақта мекендейтін бұл жәндіктер г е о а т м о б и о н т т а р деп аталады. Микрофауна тобына жататын геоатмобионттар ылғал сүйгіштігімен (мезофил, гигрофил) ерекшелінеді. Жалпы топырақтағы ауа қалай да су буымен қаныққан түрде кездесетіндіктен ылғал сүйгіш жәндіктер тіршілік етуге толық мүмкіндік туады. Өте тығыз және сазды, балшықты топырақта ауа аз болатындықтан микрофауна тобының жәндіктері аз кездеседі. Сондай-ақ топырақта су шамадан тыс көбеюінің салдарынан (мысалы, су тасқыны кезінде арнасынан асқан өзен суы жайылуынан) топырақтағы ауаның азаюы микрофаунаның тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет