Құрастырушы: аға оқытушы Рахметова А. М



бет17/21
Дата25.08.2017
өлшемі9,41 Mb.
#26550
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
27-сурет. Жапырақты орман белдемшесіне тән жануарлар.

1- кәдімгі құрбақа; 2- кәдімгі сұржылан; 3- сайрауық; 4- мысықторғай; 5- бұлбұл; 6- пайыз торғай; 7- қарақас; 8- қабан; 9- қаракүзен; 10- елік.

Қорегінің түріне қарай орман құстарын жәндік жемірлер, тұқым жегіштер, жеміс жемірлер, жыртқыштар деген қоректік топтарға бөледі.

Дінге өрмелеуші құстардың көбі жәндік жемірлер. Мысалы, тоқылдақтар, көкшымшықтар және шиқылдақтар (Certhiidae). Олардың тұмсығы өткір, біршама ұзын. Жәндік жемір құстардың бір тобы жәндіктерді ағаш, бұталардан теріп жейді. Бұл топқа сандуғаштар (Sylviidae), шөжеқұстар (Regulidae) және кейбір сайрауықтар (Phylloscopus) жатады. Бұлардың тұмсығы үшкір, жіңішке болады (27-сурет).

Жәндікжемір құстардың енді бір тобы жәндіктерді ауада ұшып жүріп аулайды. Мысалы, шыбыншы торғайлар (Muscicapidae), ұзынқанат қарлығаштар (Apus туысы).

Шұбар шымшық (Fringilla coelebs), суықторғай (Pyrrhula pyrrhula), шыпшық (Spinus spinus), пайыз (Garduelis garduelis), шекілдек (Acanthis flammea), самыркеш (Nucifraga caryocatactos), орман қарға (Garrulus glandarius), қайшыауыз (Loxia curvirostra), ементұмсық (Coccothraustes coccothraustes) қатарлы құстар тұқым жегіш құстар тобына жатады. Олардың тұмсығы тұқымды жарып бөлуге бейімделіп қысқа және конус пішіндес болып келеді.

Орман құстарының белгілі бір тобын жыртқыш құстар құрайды. Олардың тұмсығының ұшы имек. Аулап ұстаған жемін имек тұмсығымен іліп-жұлып ұсақтап жейді. Және олардың аяғы қарулы жуан, тұяқтары ұзын, өткір болатындықтан жемін оңай өлтіреді.

Жапырақты және аралас ормандарды алуантүрлі сүтқоректі жануарлар мекен етеді. Жарғанаттардан құлақты жарғанат (Plecotus auritus), ымырттың жирен жарғанаты (Nyctalus noctula) жапырақты және аралас орман белдемшесіне тән негізгі түрлерге жатады. Олар күндіз ағаштың қуыстарында, тастың үңгірлерінде басын төмен қаратып салбырап тұрады. Ымырт жабылып, қараңғы болысымен ұшып, түнде ұшатын жәндіктерді ұстап жейді. Жарғанаттардың көзі нашар жетілген, есесіне есту қабілеті өте күшті дамыған. Түнде ауада ұшып жүрген шыбын, шіркейдің ызыңы бойынша оларды тура тауып, ұстап жейді. Қыста қыстық ұйқыға кетеді, немесе жылы жаққа барып қыстап, көктемде қайта оралады.

Жапырақты орманда мекендейтін ұсақ сүтқоректілердің негізгі өкілдері – орман тышқаны (Sylvimus sylvaticus), сары тоқалтіс (Clethrionomys glareolus), қызыл тоқалтіс (Cl. rutilus). Бұлар шөптесін өсімдіктермен, жеміс, тұқымдармен қоректенеді. Сары тоқалтіс қыста ағаш, бұтаның өркенін, қабығын кеміріп жейді. Орман тышқаны еменнің, самырсынның жаңғағын қысқы азыққа дайындап жинайды. Жапырақты және аралас орманда тұрақты кездесетін жануарлар тобына қарақас тұқымдастар (Gliridae) жатады. Орман белдемшесінде қарақастың 4-5 түрі кездеседі. Европа, Орта Азия, Кіші Азия және Қазақстанның жапырақты ормандары мен тоғайларында орман қарақасы (Dryomys nitedula) кең тараған. Ағаштың қуысына немесе бұтақтардың арасына ұялайды. Жазда бір рет туып 2-6 күшік табады. Қысқы ұйқыға кетеді, бірақ қыстың кейбір жылы күндерінде ұзақ ұйқыдан «оянып», ұясына күзде жинап алған өсімдіктің тұқымымен қоректенеді.

Айыртұяқты сүтқоректілерден жабайы шошқа (Sus scropa), елік (Capreolus capreolus); Қиыр Шығыста теңбіл бұғы жиі кездеседі. Жабайы шошқа қорек талғамайтын жануар: өсімдіктің жапырағы, жемісі, тамыры, жауын құрты, әртүрлі жәндіктер және олардың дернәсілдері, балық, бақа, кесіртке өлген жануарлардың өлексесі т.б. кездескен қоректік заттың бәрімен қоректенеді.

Елік, бұғылар көбінесе ағаш, бұтаның жапырағымен, қыста бұталардың жас өркенімен қоректенеді. Орман арасындағы алаңқылар мен сирек орманды жерлерді кермаралдар (Cervus elaphus) мекен етеді. Кермарал бұғылар шөптесін өсімдіктермен қатар саңырауқұлақ, жаңғақ, жеміс-жидекпен, ағаштың және бұталардың жапырағын, өркенін, бүршігін жеп, қабығын кеміріп қоректенеді. Кермаралдардың 3-4 дарағы үйір құрып тіршілік етеді. Құлжасы (еркегі) жылдың көп уақытында үйірден бөлек жеке – жалқы тіршілік етеді. Тек күздің ортасынан бастап, үйірге түсер мезгілде ғана үйірге қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет