5. Баға қою саясаты Білім алушылар үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, білім алушының дербес жұмысы( бұдан әрі – БАДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескерілі отырып есептеледі.
Дисконт: 1. Себепсіз бір сабақ жіберу – (-10 балл)
2. Бір тапсырманы орындамау – (-10 балл)
3. Тапсырманы уақытылы орындамау – (-10 балл)
4. Сабақ үстіндегі мәдениетсіздігі үшін үш ескерту – (-10 балл)
Бонус: 1.Сабаққа белсенді қатысу- 10 балл
2.Сабақты ерекше тауып айтуы- 10 балл
3.Жұмысты мезгілінен бұрын тапсыру – 10 балл