2. Пәннің қысқаша мазмұны: “Нан және нан-тоқаш, кондитер өнімдерінің өндірісін заманауй ұйымдастыру” пәні нан, нан-тоқаш және кондитер өнімдерінің ғылыми негіздері мен технологиясын қарастырады. Шикізат пен жартылай дайын өнімдерде жүретін үрдістерді қарастырады.
Мақсаты: “Қазіргі кезеңде нан және нан өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру” пәнін оқыту мақсаты нан пісіру өндірісі саласында студенттердің білімін арттыру және тәжірибелік дағдыларды игеруді үйрету. Сонымен қатар нан өнімдерінің түрлерін дайындау технологияларымен таныстыру.