Құрастырушы: п.ғ. к., доцент Касентаева А. Т


тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі



бет4/23
Дата29.11.2022
өлшемі155,77 Kb.
#160296
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5211019 4256 2

3 тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялықпедагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдері. Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі. Қазіргі əлеуметтік-мəдени жағдайлар жəне олардың жеке тұлғаға əсері. Тұлғалықбағдарлық білім беру тұжырымдамасы. Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогтық кəсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну болашақ мұғалімнің кəсіби жолды таңдауындағы жəне кəсіби өзін-өзі жетілдіруіндегі жетекші
мотивтер ретінде. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік
педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негізі. Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың авторитеті. Бағыттылық - педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттері жəне оның ерекшеліктері. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мəселесі. Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы. Педагогикалық білім беруді жаңғыртудың əлемдік тенденциялары. Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту.
«Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тəсілі», «мұғалімнің кəсібипедагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мəні. Кəсіби құзыреттілік жəне
педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың шарттары жəне негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары. Мұғалімнің кəсіби-педагогикалық өсуінің қазіргі заманғы формалары. ХХІ ғасырдағы ұстаз моделі.
Негізгі ұғымдар: тұлға, тұлғалық қатынастар, тұлғалық-бағдарлық білім беру, болашақ мұғалім тұлғасы, іс-əрекет объектісі жəне субъектісі, мұғалім тұлғасының кəсіби-маңызды қасиеттері, құзыреттілік, құзырет, құзыреттілік тəсілі, кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктер.


4 - тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мəні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы. Үздіксіз білім алу - тұлғаның кəсіби сұранысқа ие болу жəне болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кəсіби іс-əрекетіндегі үздіксіз білім алудың мəні.
Үздіксіз педагогикалық білім – мұғалімнің кəсіби-тұлғалық дамуындағы жəне өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара əрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
Əртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі. Педагогтың сөйлеу мəдениеті – кəсіби іс-əрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің
тəрбиелік жəне білім берушілік əсері. Кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері. Педагогтың кəсіби өзін-өзі тəрбиелеуін
ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, əдістері. Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тəрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тəрбиелеуіндегі рөлі. Өзін-өзі тəрбиелеудің үздіксіз білім беру жағдайында педагогтың кəсіби құзыреттілігін
жоғарлатудағы рөлі. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі.
Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің нормасы жəне түрі. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі – оның өздігінен білім алу іс-əрекетінің нəтижесі.
Негізгі ұғымдар: үздіксіз білім беру, үздіксіз педагогикалық білім беру
жүйесі, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, «Ментұжырымдама», сөйлеу мəдениеті, сөйлеу техникасы, өзін-өзі тəрбиелеу, кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу, өзін-өзі тəрбиелеу əдістері, педагогикалық рефлексия, өздігінен білім алу, өздігінен білім алу əдістері, өздігінен білім алу құзіреттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет