Құрастырушы: п.ғ. к., доцент Касентаева А. Т


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/23
Дата29.11.2022
өлшемі155,77 Kb.
#160296
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5211019 4256 2

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
"Педагогика" пәнінің бағдарламасы 6В01703 - "Білім" бағытындағы мамандықтарға арналған типтік оқу жоспарына сәйкес мамандарды дайындау үшін түзілген.
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдердің кәсіби - педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
1) студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;
2) болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетінің жүйелі түрде көрінуін қалыптастыру;
3) болашақ мұғалімдерде тұлғалық, мәнді, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;
4) болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу, іскерлікке қабілеттілігі ретінде түйінді құзырлығын қалыптастыру.
5) студенттердің өзіндік кәсіби білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек
құзыреттілігіне қойылатын талаптарына сəйкес, студент
- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
- əлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;
- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кəсіби құзыреттіліктері туралы жəне т.б. түсінуге;
- қазіргі қоғамдағы педагогтың əлеуметтік мəні мен рөлі туралы;
- болашақ мамандықтарының əлеуметтік мəні мен мазмұны туралы;
- болашақ мұғалім іс-əрекетінің объектісі жайлы;
- педагогтың үздіксіз кəсіби-тұлғалық қалыптасуының факторлары туралы.
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы;
- педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздерін жəне оның даму тарихын, əлемдік педагогикалық мұраларды;
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
- мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін жəне т.б. білуге;
- педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынасты орната алу жəне өзара əрекеттестікті жүзеге асыру;
- сөйлеу жəне педагогикалық қарым-қатынас мəдениетін, өздігінен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу негіздерін меңгеру;
- педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тəрбиелік тетіктеріне сəйкес оқу-тəрбие жұмыстарын жобалау жəне жүзеге асыру;
- сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) жəне оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тəрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
- оқу-тəрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-əрекет түрлерін, формалары мен əдістерін таңдау;
- білім беру мен тəрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың əр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну жəне т.б. біліктіліктерін игеруге;
- ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетті;
- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;
- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субъект-субъектілі өзара əрекеттестікті ұйымдастыру;
- білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;
- педагогикадан алған білімді кəсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кəсіби міндеттерді шешу; кəсіби іс-əрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді жəне мобилді (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;
- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кəсіби міндеттерді орындауда;
- қазіргі мектептегі кəсіби-педагогикалық іс-əрекет саласында;
- кəсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тəсілдерінде құзыретті болуға міндетті.
Педагогика гуманитарлық білім жүйесіндегі пəнаралық байланыстар арқылы жүзеге асыруды талап ететін ғылым ретінде интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған. Бұл педагогика курсын оқыту студентке педагогикалық іс-əрекет пен нақты мотивацияланған өмірлік таңдауын сəйкестендіруге, сонымен қатар үздіксіз білім алу мен өздігінен білім алу
қажеттілігін жете түсінуіне септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет