ламинасы, оның негізін құрайтын аралық филаменттердің деполимеризациялануы салдарынан, ыдырайды-ал ядро мембраналары ұсақ көпіршіктерге бөлшектенеді.
Осы сияқты құбылыс цитоплазмада да байқалады, яғни эндоплазмалық тор (ЭПТ). Гольджи кешені визикулаларға (көпіршіктерге) ыдырайды.
Әрқайсысы жұп центролядан тұратын екі диплосома жасуша полюстеріне қарай біртіндеп ығысып жылжиды және бөліну жіпшелерін қалыптастыра бастайды.
Рибосомаларда ақуыз синтезі күрт төмендейді.
б) Метафазада – митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне (деңгейіне) жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына (ортасына) шоғырланады.
Хромосомалардың хроматидаларын өзара байланыстырушы когезин кешені бұзылады және метафаза аяғында хроматидалар бір-бірінен азды-көпті ажырайды, олар тек сырт көзге ғана байланысқан күйде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |