Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия (1), Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия, Ашық сабақ, 11 сынып БЖБ, тест 11., 2 5228961217879482876
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Ма-
қалалар және әдеби зерттеу /Құраст. Р. Нұрғалиев.-Алматы: Жа-
лын, 1991.-464 бет.
2.Дандай Ысқақұлы. Сын өнері. (Оқу құралы). Алматы: ҚАЗақ-
парат, 2001.-304 бет.
3.Жанр және шеберлік. Алматы. Ғылым, 1968.-347 б.
4.Жанр сипаты. /Редакциясын басқарған М. Қ. Қаратаев. Алма-
ты: «Ғылым» баспасы, 1971. 268 бет. 
5.Хализев В. Е. Теория литературы: Учебник/ В. Е. Хализев. – 
4-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк., 2005 – 405 с. 
6.Джуанышбеков Н.О.,Темирболат А.Б. Теория литературы:У-
чебное пособие/-Алматы, 2009.-284с.
7.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 
1984. – 272 б.6-19 бб.
8.Бахтин М. М. Проблемы поэтики Достоевского. М., 1979. – 
С.121.
9.Чернец Л.В. Литературные жанры. МГУ.1982. – 338 с.
10.Жанр және поэтика мәселелері.-Алматы, 2004.-300 бет.
11.Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. Горс-
кого; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 1989. – 406 
с. – (Классика литературной науки)
12.Ахметов З. Поэзия шыңы– даналық. Зерттеу. Алматы: Қазақ 
университеті, 2009.-368 б. 


16
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
17
 Әдеби тектердің 
шығу тарихын оқыту
Ә
дебиеттің текке бөліну мәселесі сөз болғанда 
ежелгі дүние ойшылдары Сократ, Платон пайым-
дарын ескермеуге болмайды. Аристотельдің «Поэтика» 
еңбегінде қарастырылатын текке бөлу мәселесі де көне
ойшылдардың пайымдарымен үндестік тауып жатады. 
Көрнекті әдебиет теоретигі В.Е.Хализев Қайта Өрлеу 
дәуірінде Аристотель триадасы нақтыланғанын көрсе-
теді /1/.
Мәселен, көне ойшылдардың тұжырымдауынша (ди-
фирамба) ақынның өз атынан сөйлеуі лирикаға тән бол-
са, шығарманы кейіпкерлердің пікір алмасуына құру, 
ақын сөздерінің кейіпкерлер сөзіне араласпауы тра-
гедия мен комедияға тән болуы, өз сөзін кейіпкерлер 
сөзімен біріктіруі әрі арасында өз атынан сөйлеуі эпос-
қа тән екендігі пайымдалады. 
Қазіргі уақытта орыс әдебиетінің теоретиктері 
В.Е.Хализев, Л.В.Чернец сөз өнерінің бұл үш тегін сөй-
леушілердің қарым-қатынасы типі сипатында қарасты-
рады. Дегенмен, зерттеушілердің пікірінше, әдебиеттің 
аталған үш тегі XIX ғасырда алдымен романтизм эсте-
тикасында көркемсөз формасы емес, философиялық ка-
тегория мәніндегі көркем мазмұн сипатында қарасты-
рылғандығы, сондықтан да олардың поэтикадан алшақ 
болғандығы белгілі /2/.
Жанр зерттеушілері қайсысы да Шеллинг, Гегель 
пайымдарын назардан тыс қалдырмайды. Гегельше, 
эпикалық поэзия объективті, лирика субъективті екені 
пайымдалады. 
В.Е.Хализев эпика және эпикалық, лиризм, драма-
тизм туралы тұжырымдарды стильмен байланыстыра-
ды. В.Е.Хализев Аристотельше, әдеби тек – көп жағдай-
да жинақтаушы және адам өмірінің негізгі формаларын 
бейнелеудің әралуан тәсілдеріне негізделген әдебиеттің 
қалыптасқан тарихи жіктелуі болып табылатындығын 
айқындай келіп: «Демек, Аристотель әдебиетті текке 
бөлудің негізі ретінде шындықты суреттеудің тәсілін 
қарастырады, эпос – оқиға туралы өз атыңнан айтыл-
ған әңгіме, баяндау, лирика – өз-өзіңмен сырласу, драма 
– суреттелген қаһармандардың іс-әрекеті, Гегель негіз 
ретінде бейнелеу пәнін қарастырды: эпос – оқиға, ли-
рика – көңіл-күй жағдайы, драма – әрекет», – деп тұжы-
рымдайды /1/.
Жанр типологиясын оқытуда әдебиеттің текке бөліну 
мәселесін алдыңғы қатарда қарастыра отырып ғылы-
ми негіздемелерге сүйену қажеттігі анық. Сондықтан
қазіргі әдебиеттанудағы белгілі теоретиктердің тек тура-
лы концепцияларын ұғындыруда ғылыми технология-
лық инновацияларды пайдалану да қажет. Мәселен, Ти-
мофеевтің текті композициялық ерекшеліктеріне қарай 
ажырататындығы, Эльсбергтің сатираны өзінше текке 
жатқызатындығы, Г.Н. Поспеловтің, Н.А. Гуляевтің әде-
би тектерді адам мен өмір шындығы қарам-қатынасының 
типтері бойынша жіктейтіндігін, В.Е.Хализевтің текті 
әдеби шығарманың тілдік құрылымының типі сипатын-
да қарастыратындығын технологиялық құралдарды қол-
дану арқылы нақты да айқын тәсілдермен түсіндіруге 
болады. Олардың қатарына әртүрлі шығармашылық 
еркін сызбалар мен кестелерді жатқызуға болады.


18
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет