Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
141
мүмкін емес деп, түңіліп кетемін кейде..«оқыған сайын 
түк білмейтінімді» сеземін, бірақ ұстаздардың ұстазы 
профессор Майтанов қойған жауапкершілік бар, қайт-
кенде игеру керек, студенттің деңгейінен жүз есе артық 
білуің керек дейді, компьютер заманындағы қағазбас-
тылықтан қашатын айтулы тұлғалар әдебиеттен сабақ 
беруге келмейді дейді. Бақытжан Қауасқанұлы бақилық 
болғаннан кейін жауапкершілігім оның рухы алдында-
ғы зор парызға айналғанын да сездім..
Кафедраның көңілді басқосуларында бастық екенін 
ұмыттыратын. Бір басқосуда Абайдың «Көзімнің қа-
расын» айтып берді. Үнді қоңыр дауыспен ән салғанда 
жүзінде Абайға тән даналықтың табы білінді. Кейіннен 
ұстазымның өлең жазатын қабілетін де білдік. Кітабын 
қысыла-қымтырыла сыйлап тұрып: «Кейбір әдебиет 
сыншылары менің таза ғалым болғанымды қалайды» 
деді. Мен ұстазымның өлең жазатынына таң қалғаным 
жоқ, өйткені талант көп қырлы емес пе? Мен оның 
«Бір атаның ұланымыз» атты поэзия кітабынан бір-екі 
өлеңін жыраулар поэзиясын аударып жүрген досым, 
белгілі аудармашы Қайрат Жаңабайға орысша аудар-
тып, өзіне сыйға тарттым. «Қалай шығады орысшасы» 
деп баладай қуанып қалды. Сонда өзі бұл «сыйыма» 
таңырқай отырып, оқып-талдаған «Теория Гераклита» 
атты өлеңінің мәтіні мынадай еді: 
«Из огня весь мир рожден,
И чиста вся вещь огнем.
И с огнем играет век, 
Им гоним и- поглощен. 
Вновь придет он, как огонь,
Вновь умрет он, как огонь.
Возрождаясь, вновь и вновь
Он смеется, как огонь.
Взявши жар и дух огня,
Огневого бытия, 
Если сможечь, то пылай,
Побеждая и творя»
Сырттай томаға-тұйық ғалымның ақындығы да бар 
екен, өлеңдері философияға толы. Қамыққан, ширық-
қан сәтінде өлеңге отыратынын айтатын. Мен: -Неге, 
жазушы болмадыңыз?-дегенімде:-Оған менің өмірлік 
тәжірибем жетпейді ғой,-деп қысқа жауап қайырды.
Бір кафедрада қызмет істеп жүргенде тағы бір байқа-
ғаным, академик Зәки Ахметовті ерекше құрмет тұта-
тын. Әсіресе, академик Рымғали Нұрғалиды өзіне ұс-
таз, аға тұтып ардақтайтын. Оның қазасын кафедрада 
жұмыс үстінде естігенде, Бақытжан Қауасқанұлының 
жүзі қарауытып, қатты түтігіп кеткенін көрдім. Жақын-
да ғана ол кісі туралы «Тайбурыл» деген мақала жазып 
бітіргенін айтып қуанып келгені есімде еді.
Майтанов жайлы естеліктерде профессор Г. Орда 
оны періштеге де балайды, өйткені шын ғалым бала 
мінезді ғана емес, дана мінезді болмай ма?! «Ғылым 
ақылсыз адамды жынды етеді, шала ақылдыны ақыл-
ды етеді, ақылды адамды дана етеді» дейді екен қазақ 
билері. Әлемдік жаһандану оқу үдерісіне де кері әсерін 
тигізбей қоймады. Қағазбастылық басып, әдебиет са-
ғаттарының үлесі күрделі мәселеге айналып бара жат-
қан бір кезеңде, сабырлының сабырлысы саналатын 
Майтанов, асықпай сөйлеп, ақырын жүріп-ақ, кафедра 
мүддесін ғана емес, сол кафедра қазығы саналатын бар-
шаның анасындай-әдебиет мүддесін қорғаудан аянып 


142
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
143
қалған жоқ, бар ақыл-ойымен қызмет етті. Бірақ сондай 
алмағайып сәттер, әлемиленудің қитұрқылығы бойын-
да пысықайлық мінез жоқ, жаратылысынан табиғаты 
таза ғалымды жирендіргендей болды. Пендешіліктерге 
бой алдырмағанмен, оны басқа бір мәселелер мазалай 
берді. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс-
титутымен үнемі байланысын үзбей жүретін ол: «Заман 
өзгеріп барады, мен таза ғылымға кеткім келеді, жос-
парлар бар. М. О. Әуезовтің 50-томдығын шығаруға ат-
салысуым керек» деп қызмет ауыстыруды меңзегендей 
болды. Мен жабырқап қалдым... Көп ұзамай үйге теле-
фон шалды:-Раушан, мен ауысатын болдым. Ендігі бас-
шыға айттым, әдебиет теориясы сабақтарын сен беретін 
боласың. Саған сенемін. Жақсы,-деді. Мен дағдарып 
қалдым. «..Мұныз не, кетіп бара жатырсыз.. Әдебиет 
теориясы сізге оңай шығар.. Ал, маған... Мен кіммін..а..
Сіздің орныңызға сабақ беретін..Уа-шіркін, зырғыған 
уақыт-ай..» Неге екені белгісіз, менің көзіме жас келді.. 
Қиналғаным ба, қамқор ұстазды қимағаным ба... Кейін 
білдім, бір жамандықты сезгенімді... Сол кеткеннен 
кейін бір көргенімде секем алып қалдым да, тағы бір 
ғылыми шараларда көргенімде сырқатынан оңалғандай 
еді.. Көп ұзамай 2011 жылдың 17 қазаны күні суық ха-
бар жетті жұмыс үстінде.. Ардақты, асыл аға-ұстазым-
нан айрылып, адасқан қаздаймын... Бүкіл факультет
студенттер күңіренген күй кешті.. білем.. Содан бері де 
аттай үш жыл өтіпті-ау дейміз енді күрсініп.. 
Өзі ғылымның қасиетті ордасы санайтын тәуелсіздік 
дәуіріндегі әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметінде 
(2010-2011 ж.ж.) істеп жүріп ересен істер тындырды, 
тынбай жазды, жаза берді.. Профессор Майтановтың
ғылыми жетекшілік етуімен және оның қатысуымен 
(4-50 томдар) М. О. Әуезовтің 50 томдық жинағы жа-
рық көрді. Ғалым өзі пір тұтқан ұлы тұлғасы алдында-
ғы басты борышы орындалғандай мына дүние есігін 
ақырын ғана жауып жүре берді...Артында аяулы жары 
Маруан апай мен ұлы Арнұр қалды, ғылыми қазынасы 
қалды. Шүкір, өзі ардақ тұтқан М. О. Әуезов атында-
ғы Әдебиет және өнер институты қабырғасы қайысып, 
естеліктер жинағын, библиографиялық көрсеткіштерін 
шығарып қолдан келгенін жасауда. 
Ішкі зар.. Қайран, асыл ұстаз, мына алмағайып заман-
да ғылым жолындағы жастарға бағдар беретін темірқа-
зық жұлдыздай едіңіз.. Әдебиет теориясындағы небір 
түйткілді тұжырымдарды түптей түсіндіріп беретін ғы-
лыми әлеуеті жоғары, әлемдік әдеби үдеріс заңдылық-
тарымен үндесіп жататын мақалаларды Сіз ғана жаза-
тын сияқты едіңіз, көзі қарақты, ойлы оқырманыңыз 
үздіге күтіп, тамсана оқыр еді.. 
Кейбір теориялық мақалаларда шөп-шалам араласып 
кетсе, байқап отыратынсыз. Оны маған айтатынсыз да 
қоятынсыз. Содан сақтан дегеніңіз бе? Әдебиет теория-
сы мәселесіне келгенде, сізден жүйрік ешкім жоқ еді, 
дегенмен момақан қалпыңыздан танбайтынсыз. Қазіргі 
кейбір мақалалар мен ғылыми еңбектерде сіздің ойла-
рыңыз бен сөздеріңіз «оныкі» болып айтылып жатады. 
Интерпретацияға да, интертекске де келмейді, олардың 
көркемдік қызметі бөлек емес пе? Кейбір әдебиетші ға-
лымдардың мақалалары жасанды, айтар ойы жоқ бол-
са да жарияланаты несі? Бақытжан аға, тіпті диплом 
жұмыстарында «плагиат» болмауын қадай айтқаныңыз 
есімде.. Әй дейтін әже жоқ дегенді байқайсың кейде..
Дегенмен, олар сізден сырттай қаймығатын, сіз әдебиет 
тазалығының Тәңір жаратқан табиғи сақшысы едіңіз. 


144
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет