16
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
17
Әдеби тектердің
шығу тарихын оқыту
Ә
дебиеттің текке бөліну мәселесі сөз болғанда
ежелгі дүние ойшылдары Сократ, Платон пайым-
дарын ескермеуге болмайды. Аристотельдің «Поэтика»
еңбегінде қарастырылатын текке бөлу мәселесі де көне
ойшылдардың пайымдарымен үндестік тауып жатады.
Көрнекті әдебиет теоретигі В.Е.Хализев Қайта Өрлеу
дәуірінде Аристотель триадасы нақтыланғанын көрсе-
теді /1/.
Мәселен, көне ойшылдардың тұжырымдауынша (ди-
фирамба) ақынның өз атынан сөйлеуі лирикаға тән бол-
са, шығарманы кейіпкерлердің пікір алмасуына құру,
ақын сөздерінің кейіпкерлер сөзіне араласпауы тра-
гедия мен комедияға тән болуы,
өз сөзін кейіпкерлер
сөзімен біріктіруі әрі арасында өз атынан сөйлеуі эпос-
қа тән екендігі пайымдалады.
Қазіргі уақытта орыс әдебиетінің теоретиктері
В.Е.Хализев, Л.В.Чернец сөз өнерінің бұл үш тегін сөй-
леушілердің қарым-қатынасы типі сипатында қарасты-
рады. Дегенмен, зерттеушілердің пікірінше, әдебиеттің
аталған үш тегі XIX ғасырда
алдымен романтизм эсте-
тикасында көркемсөз формасы емес, философиялық ка-
тегория мәніндегі көркем мазмұн сипатында қарасты-
рылғандығы, сондықтан да олардың поэтикадан алшақ
болғандығы белгілі /2/.
Жанр зерттеушілері қайсысы да Шеллинг, Гегель
пайымдарын назардан тыс қалдырмайды. Гегельше,
эпикалық поэзия объективті, лирика субъективті екені
пайымдалады.
В.Е.Хализев
эпика және эпикалық, лиризм, драма-
тизм туралы тұжырымдарды стильмен байланыстыра-
ды. В.Е.Хализев Аристотельше, әдеби тек – көп жағдай-
да жинақтаушы және адам өмірінің негізгі формаларын
бейнелеудің әралуан тәсілдеріне негізделген әдебиеттің
қалыптасқан тарихи жіктелуі болып табылатындығын
айқындай келіп: «Демек, Аристотель әдебиетті текке
бөлудің негізі ретінде шындықты
суреттеудің тәсілін
қарастырады, эпос – оқиға туралы өз атыңнан айтыл-
ған әңгіме, баяндау, лирика – өз-өзіңмен сырласу, драма
– суреттелген қаһармандардың іс-әрекеті, Гегель негіз
ретінде бейнелеу пәнін қарастырды: эпос – оқиға, ли-
рика – көңіл-күй жағдайы, драма – әрекет», – деп тұжы-
рымдайды /1/.
Жанр типологиясын оқытуда әдебиеттің текке бөліну
мәселесін алдыңғы қатарда қарастыра отырып ғылы-
ми негіздемелерге сүйену қажеттігі анық. Сондықтан
қазіргі әдебиеттанудағы белгілі теоретиктердің тек тура-
лы концепцияларын ұғындыруда
ғылыми технология-
лық инновацияларды пайдалану да қажет. Мәселен, Ти-
мофеевтің текті композициялық ерекшеліктеріне қарай
ажырататындығы, Эльсбергтің сатираны өзінше текке
жатқызатындығы, Г.Н. Поспеловтің, Н.А. Гуляевтің әде-
би тектерді адам мен өмір шындығы қарам-қатынасының
типтері
бойынша жіктейтіндігін, В.Е.Хализевтің текті
әдеби шығарманың тілдік құрылымының типі сипатын-
да қарастыратындығын технологиялық құралдарды қол-
дану арқылы нақты да айқын тәсілдермен түсіндіруге
болады. Олардың қатарына әртүрлі шығармашылық
еркін сызбалар мен кестелерді жатқызуға болады.