20
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
21
Гегель теориясын В.Г.Белинскийдің дамытқаны
белгілі. В.Е. Хализев В.Г.Белинскийдің еңбегінде
ХVІІІ-ХІХ ғғ. романдарында жеке адам мен қоғам ара-
сындағы қарым-қатынастардың сипатталғандығын, со-
циалистік реализм әдебиетіндегі романтиканың жаңа
типті
коллизиясы пайда болғандығын, жанр тарихын
жеке тұлғаның дамуымен байланыстырғандығын ба-
ғалай келіп, оның тұжырымдарының гегельдік жанр
типологиясымен ұштасқандығын тұжырымдайды.
Сондай-ақ, зерттеушілер В.Г.Белинский пайымдары-
ның Гегельмен ортақ сипаттарын ашады. Шығармашы-
лықтың субъективтілігі, жанрларды мазмұны бойынша
ажыратудың Гегель, Веселовский концепцияларына тән
екендігін айқындайды. Жалпы, Веселовский теориясы-
ның Гегель теориясынан өзгешелігі тектердің айыр-
машылығын ажырата алмағандығымен түсіндіріледі.
В.Г.Белинский Өрлеу дәуірін жеке адамның рухани
күрделенуіне, тұлғаның бостандығын оқшаулап көрсе-
туіне қатысты қарастырғанын айқындап, Гегель теория-
сын өрлеу фонында көрсетіп, толықтырады.
Әдеби тектерге жеке тоқталатын болсақ,
эпос грек-
ше сөз деген ұғымды береді. Эпос кейіпкерлер тағды-
ры, олардың іс-әрекеті, көңіл-күйі, сюжетке негіз бола-
тын өмірлік оқиғалары туралы баяндау екендігі мәлім.
Эпоста баяндау өткен шақта айтылады. Баяндау
телімдері әдебиетте әртүрлі қолданылатындығы да
белгілі. Баяндау кең мағынада алғанда шығармадағы
пейзаж, жағдай, кейіпкерлердің келбеті, көңіл-күй-
лерінің суреттелуі, тілдік бейнелеу,
қайталаулар, ав-
тор сөздері, диалог пен монологтар, ішкі сөздер болып
табылады. Сондықтан эпикалық шығармада баяндау
доминант болады. Баяндау латынша наррация деп ата-
лады. В.Е. Хализев еңбегінде баяндау дискурсының
мәтіндік талдауға негіз болатындығы туралы пайымын
француз структуралисі Ж. Женнеттің пікіріне сүйеніп
тұжырымдайды /1/.
Зерттеушілердің пікірінше, уақыт пен кеңістікте өмір
шындығы еркін және көркемдік құралдар арсеналы
арқылы игеріледі. Оның мысалдары: «Махабхарата»,
«Одиссея», «Соғыс және бейбітшілік», «Сага о Форсай-
тах» (Дж. Голсуорси), У. Фолкнер трилогиясы, «Абай»
эпопеясы, «Қан мен тер» трилогиясы т.б.
Эпикалық шығармада басқа өнер түрінде болмай-
тын кейіпкерлер саны, оқиғалар, тағдырлар, детальдар
болуы мүмкін. Баяндау формасы тұрғысынан алғанда
эпикалық шығармада адамның ішкі жан әлеміне терең
суреттеледі. Эпикалық шығармада қалыптасу үстіндегі
күрделі характерлердің сомдалатындығы белгілі. Ендігі
бір мәселе – эпос тегіне тән мүмкіндіктердің барлық
баяндау түрлерінде бола бермейтіндігі. Эпос өмірді
көркемдік
тұтастықта суреттейді, дәуірлік шындықты
ашады. Эпостық шығармашылықтың бірегейлігі мен
ауқымдылығын, эпикалық жанрдың табиғатын ашуда
теориялық анықтамаларды түсіндіруде алдын-ала әзір-
ленген көрнекі құралдарды пайдалану арқылы игерту
жолдарын қарастыруға болады. Олар: диаграммалар,
ұяшықтар, сызбалар т.б. екені мәлім.
Осы негізде XIX-XXғғ. әдебиетіндегі баяндаушы-
кейіпкер мәселесінің
шындыққа көзқарастар сапасы-
ның әрқилылығы мен бағалаушылық бағдары тұр-
ғысынан қарастырылуы маңызды. Үшінші жақтан
баяндаудағы автор мүмкіндігі: ұстанымы, өз пайымы
мен бағасы, автордан өзге «мен» болуы, «Мен» әңгі-
меші, А.С. Пушкин «Капитан қызындағы» Гринев,