Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к,Турлубеков К. К. Кайникенова Г. К


Тақырып №11. Әлеуметтік геронтологияның заңдылықтары, принциптері және әдістері



бет5/11
Дата18.02.2018
өлшемі3,29 Mb.
#37888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырып №11. Әлеуметтік геронтологияның заңдылықтары, принциптері және әдістері


  1. Әлеуметтік геронтологияның заңдылықтары

  2. Әлеуметтік геронтологияның принциптері

  3. Әлеуметтік геронтологияның әдістері


1.Әлеуметтік геронтологияның заңдылықтары. Әлеуметтік геронтологияда өзіндік ғылымға тән нысандар мен заттар арасындағы мағыналы, тұрақты байланыстарды айтарлықтай ашатын келесі негізгі заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады.

- темптердің шарттылығы және қартаю процессінің сапасының әлеуметтік, биологиялық және пстхологиялық себептердің жиынтығы.

Бұл заңдылықтың артықшылығы халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған денсаулықты анықтаудан шығады. «Денсаулық тек аурулар мен физикалық ауытқушылықтардың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар адамның толықтай физикалық, психологиялық және әлеуметтік жайлылығы». Айтылып кеткендей қартаю процессі тұлғаның денсаулығы, психикасымен, оның әлеуметтік өзін өзі қалай сезінуімен байланысты. Қартаю процессінің медико психодогиялық зерттеулері барысында алынған мәліметтер бойынша тыныш, сау, сәтті, бақытты және ең басты белсенді өмір әрекеті тыныш, бақытты және сәтті кәрілікке әкелетіні айтып айтпастай шарт болып табылады және керісінше, жастық шақтағы адамдар барлық ауруларды, стресстерді жеңседе олар ағзада, психикада өз ізін қалдырады және адамның инволюциондық периодының соңғы этаптарына яғни қарттық және кәрілік жасқа келгенде алшақталған зардаптар түрінде пайда болады. Белсенді әрекет адамның биологиялық ағзасы түрінде маңызды, негізгі қажеттілігі болып саналады, ал оның әлеуметтік мәнділігі өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған еңбектік әрекетте көрсетіледі. Көптеген мәліметтер бойынша адамның кәрілік шақта өз жасынан жас көрінетіндерге бір ғана сипат мінезделеді: олардың барлық өмірлерінің барысында белсенді және әрекетті болуы. Көп өмір сүрушілер арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей олардың барлық өмірлері балалық шақтан кәрілік шаққа дейін еңбектік әрекетпен байланысты және қазір терең кәрілікте олардың мүмкіншіліктерінің төмендеуіне қарамастанкөп өмір сүруші белсенді өмір салтын сақтауда. Соған қоса олар эмоцияларға толы: бәріне мәлім қайғылы жағдайды басынан кешірген адам өз жасынан кәрі болып көрінеді. Егер өмір сүру барысында тұлға әртүрлі себептерге байланысты теріс эмоцияларға бөленсе, онда ол өз құрдастарынан айтарлықтай тез қартаяды. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық фактор үлкен мағынаға ие, зерттеулер көрсеткендей өз ұрпағында көп өмір сүрушілердің болуы көп өмір сүру мүмкіндігіне әкеледі (әрине индивидтің өмірлік жағдайына байланысты).

- Қарттық және кәрілік шақта өмір әрекеттерін шектеу.

Бұл заңдылық адам ағзасының жүйелерінің және орган функцияларының төмендеуімен, кәрілікті анықтаудан басталады, ол өз кезегінде тұлғаның жалпы мүмкіндіктерінің төмендеуін тудырады.

Егер сонымен қартаю потологиялық, күні бұрын, спецификалық және спецификалық емес аурулар пайда болса, онда тұлғаның өмірі әрқашан бұл жағдайды детерминаттайды, әлеуметтік және экономикалық белсенділікті төмендетеді, оны қоғамнан және отбасынан тәуелсіздік дәрежесін жоғарлатады. Бірақ кексе адамның өмір әрекетін шектеудегіағзаның мүмкіншіліктерінің төмендеуі үлкен рөл атқармайды. Соған орай қоғамдық сананың стериотипі аз емес мағынаға ие. Көп жағдайда қарт адамдардың өзі, зейнеткерлер бола тұра, әлеуметтік рөлдерінің спектрін белсенді емес түрде қабылдайды, ал ол өз кезегінде әлеуметтік қоршаған орта және қоғам жағынан ұсынылады. Қарттық және кәрілік жастағы өмір әрекетін шектеу объективті және субъективті мінез құлыққа ие, ол ағзадағы және психологиядағы нақты жастық өзгерістерге және әлеуметтік стериотиптерге негізделеді. Соған қоса маңыздысы тұлғаның физикалық және психологиялық мүмкіншіліктерін шектеу олардың әлеуметтік мүмкіндіктеріне объективті түрде ізін қалдырады.



  • Қарт азаматтардың әлеуметтік беделінің жиынтығының мемлекеттің әлеуметтік саясатына тәуелділігі.

Әлеуметтік саясаттың концепцияларын қалыптастыруда мемлекет негізінен принциптер тобына негізделеді, ең бірінші кезекте гуманизм және әлеуметтік әділдік принциптері. Қоғамның әлеуметтік әлсіз қабаты туралы мемлекеттік деңгейде қамқорлық. Оларға қарт және кәрі азаматтар қатысты.

Оларды әлеуметтік саясаттың маңызды обьектісі ретінде қарастыра мемлекет олардың қамқорлықты, көмекті қаншалықты қажет ететіндіктерін мойындайды, сол уақыттаоларды әлеуметтік топ ретінде қоғамға маңыздылығын көрсетеді. Қарт адамдардың 40 жастан астам уақытын қоғамдық пайдалы жұмысқа арнағанқарт адамдардың барлығы қоғамның маңызды әлеуметтік топтарының бірі болып саналады. Сонымен бірге жаңа ұрпақ өткен ұрпақтың және қазіргі зейнеткерлердің жұмыстарының нәтижелерінің білімдерін, кәсіби тәжірибелерін пайдаланып өз әрекет, жұмыстарын ұйымдастырады. Осыған қатысты үлкен ұрпақ өкілдері және олардың әрекеттерінің нәтижелері еңбек ету барысында тірек болып табылады, ол өз кезегінде келесі жас ұрпаққа жұмыстарын істеуге көмектеседі және ол арқылы қоғамның, ғылымның,мәдениеттің және т.б. әрі қарай дамуы мүмкін емес. Қоғамдағы қарт адамдар дәстүр бойынша спецификалық әлеуметтік топ ретінде қарастырылады, тұрақтылықтың гаранты болып табылады. Қарт және кәрі адамдарға жан жақты көмекті ұйымдастыра отыра мемлекет олардың қоғам алдындағы сіңірген еңбектері үшін ғана емес, соған қоса осы әлеуметтік топтың актуалдық әлеуметтік құндылықтарының қажеттілігінің қоғамның қалыпты дамуы үшін және тұрақтылықтың қажеттігі үшін.



  • Еңбек ете алатын жаста олардың өмір әрекетінің формалары және түрлеріне қарт адамның жеке әлеуметтік мәртебесіне тәуелділігі.

Бұл заңдылық тұлғаның нақты еңбектері және олардың қоғамдық мойындаушылықтары арасындағысәйкестікті қарастыратын әлеуметтік әділдік принципін бөліп көрсетуші болып табылады. Тұлғаның белсенділігінің шарықтау шегі оның еңбектік және қоғамдық әрекеті еңбек ете алатфын шақта келеді, ол өз кезегінде зейнеткерлік жасқа жеткендегі сыйластық пен құрметте өз көрінісін табады. Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу периодында, периодтарын экономикалық саяси, және әлеуметтік дезорганизациясының және құндылықтарының жоғалуына байланысты әлеуметтік әділдік принципі бұзылуда. Зейнеткерлер әлеуметтік топ ретінде қоғамда балаларға, жастарға және қоғамның басқа әлсіз топтарына қоғамдық ресурстарды алшақтатып өзіне қарай тартуы оларды қоғам алдында балласта ретінде қарастыруға әкеледі. Қарт адамдардың көбі материалдық қиыншылықтарды сезінеді. Заң бойынша зейнетақы көлемі олардың кезінде қаншалықты еңбек етуіне байланысты болса да, инфляцияға байланысты тұлғаның нақты еңбек етуіне қарай зейнетақы көлемі көп жағдайда дұрыс белгіленбейді. Максималдық және минималдық зейнетақы көлемінің арасы үлкен емес. Оған дәлел 1996 жылы зейнетақының көп уақытының төленбеуі, зейнетақы бойынша қарыз 14 трлн. Құрады. Минималды зейнетақы және еңбекақы, еңбектік және әлеуметтік зейнетақы тағайындау барысында абстрактылық мінез құлыққа ие, соған байланысты тұлғаның еңбегі және оның әрекеті жұмысының нәтижесінің бағасы бұзылады, көптеген зейнеткерлер регионалдық күн көріс минимумынан төмен зейнетақы алады. Минималдық зейнетақы көлемін регионалдық күн көріс минимумына дейін көтеру, тұлғаның еңбегін ескере отыра есеп методтарын ұйымдастырып пайдалану және ең басты адекваттық индексация сұрақтарын шешу әлеуметтік әділдік принципінің шарықтауына әкеледі.

  • Кәрілік және қарттық шақта қоғамға тәуелділік деңгейінің өсуі.

Жоғарыда қарт адамдардың қоғамға және отбасына экономикалық тәуелділігі жөнінде айтылған. Атып кететін жайт кәрілік шақта қарт адамдар қарапайым өз өздеріне тұрмыстық қызмет кеөсету мүмкіндіктерінің шектелуіне дейін жетеді, ол өз кезегінде қарт адамға әлеуметтік, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсететін көп функционалдық және көп салалық қызмет көрсету орталықтарын ашу қажеттілігін тудырады. Бұл жағдай да қарт адамдарды әлеуметке тәуелді етеді, өйткені олар әлеуметтің (экономикалық, саяси және т.б.) оларға құқықтық, медициналық, психологиялық және әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тәуелді. Соған қоса мемлекеттегі қарт адамның материалдық жағдайларын ескере отырып, мемлекеттік және муниципалдық әлеуметтік органдар және геронтолгиялық профильді көрсететін қызметтер қолжетімді, тегін және әлеуметтік төмен бағамен болуы керек. Зейнетақының төмен болуы оларды отбасына тәуелді етеді. Отбасында өмір сүретін қарт адам отбасы мүшелеріне тек материалдық сұрақтарымен ғана емес, сонымен қоса өзінің тұрмыстық және психологиялық мәселелерін шешу үшін де барады, ол олардың мәселесі ғана болмай, толық отбасы мәселесіне айналады.

- Қарт адамдарға байланысты әлеумет мәселелері және әлеуметтегі қарт адамдардың мәселеренің өзара тәуелділігі және өзара байланысы.

Бұндай өзара тәуелділік және өзара байланыс цевилизациялық қоғам үшін тән. Ол қоғамдық қажеттілік болып саналады, ол жүйке тұлғаға әлсіз әлеумет қабаттарына қамқорлық көрсетеді. Мысалы, әлеуметтік сұрақ жауап өткізу барысында қарт адамдардың 65 % нан көбі ең басты мәселесі денсаулық екенін айтқан және оны денсаулық сақтау органдары растаған. 65 жастағы қарт адамдардың 3 нен 2 мүгедек болуы мүмкін. Үлкендер арасында фактілік мүгедектер пайызы жоғардатылған. Әрбір адамның ыңғайлығы өмір сүруін мақсат қойған әлеуметтік мемлекет үшін әлеуметтің қарт адамдардың денсаулығын сақтауын қамтамасыз ететін қызметтер және органдар жүйелерінің мәселелерінің дамуын автоматты түрде білдіруі керек. Бәріне мәлім, қарт адамдар үлкен өмірлік, әлеуметтік, кәсіби отбасылық тәжірибеге ие, ол геронтологиялық саясаттың дұрыс қалыптасуында қоғамға және өте қарт адамдарға үлкен көмек көрсетуі мүмкін. Дегенмен, қазіргі уақытта декларацияға қарамастан қарт адамдардың бұл потенциалы кректі көлемде қолданылады, ол мемлекеттің мәселесі болғандықтан оны шешу қажет.

Қарт адамдарға қамқорлық көрсетудің негізделген әлеуметтік, саяси, экономикалық және этикалық қажеттілігі.

Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелерін тұлғалық арқылы, тұлғалықты бірлік арқылы шешу.

Әрбір әлеуметтік топ әдеттегідей кейбір белгілерге ие, ол оларды топ ретінде қарастыруға негіз болады. Бұндай белгілер қарттардың әлеуметтік топтарында кездеседі: мысалы: жас, іс әрекеттің жіктелуі, қоғамға тәуелділіктің өсуі және соған орай мәселлердің пайда болуы. Дегенмен, қарт адамдар әлеуметтік тобы бір түрлі емес: оған белсенді және белсенді емес, жалғыз басты және өз қарым қатынастарын сәтті ұйымдастырған, денсаулығы мықты және нашарлары да бар. Сондықтан көптеген қарт адамдарға тән мәселелерді бөліп көрсетуге болса да олармен жұмыс істеу барысында оларға жеке қарау керек. Қарт адамдарға көмек көрсетуде маман шарт бойынша тұлғаның ерекшелігі мен өткен өмір мен байланыстыбелгілі бір құрылған мәселелер кешенімен іспеттес. Тұлға әлеуметтік мүшесі болғандықтан тұлғаның мәселесін шешу әлеуметтің мәселесінің бір бөлігін шешумен тең. Қарт адамдардың басты мәселелердің бірі аз қамтамасыз етілулері. Ол көбінесе зейнетақы көлемінің аздығымен, еңбек ету арқылы қосымша табыс таба алмауында. Қарт адамдардың зейнетақы уақытында төленуін ретке келтіре әлеуметтік қызметкер олардың мәселелерін бір бөлігін шешуге септігін тигізеді.

Қарт адамдарды қорғаудың әдістері мен формаларының олардың өмірлік әрекеттерінің шарттарына негізделуі.

Бұл заңдылық қарт адамдардың әлеуметтік топ ретінде жалпы құдылықтарға ие болумен негізделеді. Дегенмен, әрбір тұлға өзіндік индивидуалдық мінез құлыққа ие, олар жыныс, жас, табысы және табыс көздері, мекен жайы, тұрмыстық жағдайы, денсаулық жағдайы, еңбекке және өз өзіне қызмет көрсете алу қабілеті, білімі және тәжірибесі, әлеуметтік ортасы және т.б. Барлық осы ерекшеліктер адамның бұл категориясымен жұмыс істеуде жалпы және жеке әлеуметтік технологияларды ұйымдастырып қолдануды ғана талап етпейді, ол және әр тұлғаға индивидуалдық жақындауды талап етеді. Оларға жеткілікті әлеуметтік көмекті көрсету үшін әлеуметтік қорғаудың нақты әдістері мен формаларын таңдау қажет.

Әлеуметтік жұмыстың және әлеуметтік геронтологияның өзара байланысы және өзара тәуелділігі.

Мұндай өзара байланыс және өзара тәуелділік айқын болып көрінеді, өйткені әр түрлі көмекті қажет ететін қарт адамдар әлеуметтік қызметкердің көптеген клиент топтарының бірі болып табылады. Осыған орай қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиясы олардың бір мінез құлыққа ие екендігіне қарамастан нақ осы азаматтар категориясымен жұмыс істеуге бейімделуі керек. Кері қарым қатынаста қарт адамдарды қолдау, қызмет көрсету, қамтамасыз етудің оптималды нұсқаларын ұсына отыра әлеуметтік геронтология әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік ресурстарын және мүмкіндіктерін қарт адамдармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлерінің алынатын ақпараттарды толық есепке алу қажет. Осылайша, әлеуметтік геронтология қарт адамдармен әлеуметтік тәжірибелік жұмыстың сапасына және деңгейіне әсер етеді, ал әлеуметтік жұмыс өз кезегінде әлеуметтік геронтологияның даму бағытын детерминанттайды.

Қарт клиенттермен тәжірибелік әлеуметтік жұмыста заңдылықтарды білу және есепке алу әлеуметтік қорғау жұмыстарының қызметінде максималды тиімділікке жетуге мүмкіндік береді және экономикалық шарттарда стилімен образын қамтамасыз етуді, қоғамдағы олардың беделі және құндылықтарын жоғарлатуға әсерін тигізеді.

2. Әлеуметтік геронтологияның принциптері. Әлеуметтік геронтология ғылым ретінде белгілі бір принциптерге ие. Оларды өз жұмыстарында мамандар пайдалану керек, олардың негізгілері келесілер:

- әлеуметтік, тұлғаның қартаюы және қартаю мәселелерін зерттеу және шешуге интегративтік жақындау принципі.

Бұл принцип зерттеулерді, зерттеудің мақсатына және бағытына қарамастан индивидтің және әлеуметтің қартаю процессіне әсер ететін әртүрлі факторлардың кешенін максималды есепке алуға бағыттайды. Бұл мақсатпен ғылыми зерттеулерде әлеуметтік геронтология әдістерімен қоса басқа ғылымдардан алынған әдістер сонымен қоса өзіндік зерттеулерде алынған мәліметтер қолданылуы қажет. Әлеуметтік геронтология интегративтік ғылыми пән ретінде ғылымның барлық білімдерінің кешенді, нысанды, жан жақты толық білімді өз зерттеулері және пәні ретінде біріктіру қажет.

- Детерминизм принципі.

Бұл принципке сәйкес жалпыға бірдей және объективті мінез құлыққа ие қартаю процесі және мәні шартталған қарапайым себептермен қарастырылуы тиіс, тұлғаның қалыптасуы және өмірлік әрекеті қиын көлемде биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шарттардың байланысымен өзара қатынасы оның барлық өмірлік периоды барысында болуы тиіс. Бұл себептер оъективті және субъективті мінез құлыққа ие, бұл тұлға онтогенезінде үлкен немесе кіші мәнге ие болады. Тұлғаның өмірлік әрекетіндегі ғылыми және тәжірибелік әрекетінің анализі мен есебі әлеуметтің және барлық қоғамның дамуының болжамдарын бөліп көрсету және құру мүкіндіктерін береді.

- Гуманизм принципі.

Бұл принцип қарт адамдарға сыйластықпен, қамқорлықпен қарауды талап етеді, ол тек қарт адамдардың әлеуметтік топтарының ең төменгі тобы болғандықтан ғана емес, сонымен қоса гуманистік көзқарас бойынша адамдарға деген қатынас олардың жасына, табыстарына және физикалық жағдайына қарамастан, қарт адамдарға жоғары мәртебелі құндылық деп қарау керек екендігінде. Қарт адамдардың құндылықтарын «кешегі» өз актуалдылығын жоғалтқан нәрсе деп қарауға болмайды. Бұл дегеніміз қарт адамдарға деген сыйластық, оларға деген қамқорлық олардың көмексіздіктеріне негізделмейді, тұлға ретінде актуалдық құндылықтарына негізделеді.

- Әлеуметтік әділдік принципі.

Осы принципке сәйкес қарт азаматтар Қазақстан Республикасының Конституциясында белгілеген мемлекетпен кепілдендірілген әлеуметтік қамқорлыққа, қолдауға қызмет түрлерін пайдалануға құқылы. Әлеуметтік қамсыздандыру, қолдау және қызмет көрсету қарт адамдардың табысын ескере отыра, заң бойынша іске асырылады, негізгі бөлігін зейнетақы құрайды, қарт адамдардың еңбектік әрекетінің экономикалық белсенді шақтағы бағасы. Дегенмен, айтылып кеткендей, әлеуметтік әділдік приципі заңдылық базасының іске асырылуына және экономикалық тұрақтылықтың болмауына, қаражаттың жетіспеушшілігіне байланысты қазіргі уақытта ол толық көлемде іске асырылмағандықтан көптеген зейнеткерелер өздерінің қоғам алдындағы еңбектеріне қарамастан, аз қамтамасыз етілгендер категориясына жатады.

- Мүмкіндіктерді түзеу принципі.

Барлық жас және әлеуметтік топтар үшін негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру және адам құқықтарының іске асырылуы бірдей мүмікндіктерді құруды негіздейді. Бұл принцип әлеуметтегі қарт адамдардың және қарттар тобындағы адамдардың мүмкіндіктерін теңестіруді қарастырады.

- Адрестік принцип.

Қарт адамдарға белгілі бір нақты әлеуметтік көрсетілетін көмектердің көлемін және формасын анықтауда ескерілуі қажет.

3.Әлеуметтік геронтологияның әдістері. Қарт адамдарға қатысты БҰҰ мүшелерінің мемелекеттік әрекеті ұсынған прициптер бірнеше топқа біріккен: «Тәуелсіздік» атты бірлескен принциптер бойынша қарт адамдар басқа жастық топтармен бірге қызмет түрін пайдалануға, экономикалық әрекеттерді, жұмыстарды жүргізуге, білім беру бағдарламасына қатысуға және т.б. әрекетерге қатысуға құқылы болуы. «Қатысу» бірлескен принципі бойынша қарт адамдардың барлығын қоғамдық істерге белсене қатысуға тарту қарастырылған.

Ғылым ретінде әлеуметтік геронтологиянның негізгі әдісі кешендік әлеуметтік анализдеу және моделдеу әдісі болып табылады. Өзіне сандық және сапалық зерттеулерін әдістерін біріктіреді. Әлеуметтік геронотологиялық қызмет көрсетуде әлеуметтік жұмысының әдістері қолданылады, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік экономикалық, психологиялық, әкімшілік, ұйымдастырушылық, педагогикалық, әлеуметтік медициналық және т.б. әдіс топтары.

Қарт адамдардың мәселесін шешуде әлеуметтік әдістерді ойланып, дұрыс қолдану максималды әрекетті қамтамасыз етіп, тиімді түрде мақсатқа жеткізеді
Тақырып № 12. Кәрілік түрлері
Геронтологияның ең басты мәселесінің бірі келесіден тұрады: қартаю процесін қалай деп ойлауға болады- физиологиялық және ауыртпалы, потологиялық па? Бұл сұрақ ерте кезеңнен бастап келе жатқан пікір талас. «Кәрілік ол ауру» деп Римдік философ Теренций Публий ең алғаш сөз ойын айтты, ал Сенеканың ойы бойынша кәрілік- « емделмейтін ауру(. Гален кәрілік –бұл ауру емес ол организімдегі ерекше құбылыс және біржақтан ол денсаулық емес деп есептеген. Френсис Беконның ойы бойынша кәрілік бұл ауру және оны емдеу керек деп есептеген. И.В.Давыдовтың ойы бойынша кәрілік биологиялық мақсатпен ерте және кеш пайда ьолады деп есептеген, бірақ ереже бойынша ол өз уақытында келеді. Румындық геронтолог К.Парзон «.. біз қарастырған және «физологиялық» қартаю потологиялық процесс өзіндік оброз ретінде» деп ұсынған.

Табиғи (физиологиялық жай) қартаю- жастың өзгеруіне байланысты нақты бір темппен және тіркестікпен мінезделеді, адамның популяциясының биологиялық, бейімдеу-регуляторлық мүмкіндіктерінің өзгерісіне сай.

Ақырындатылған (ретардировтық) қартаю- жастың өзгеруінің темпімен өте баяу дамуымен ерекшеленеді.

Күні бұрын (потологиялық, тездетудің) қартаю- ерте жастың өзгеруіне байланысты мінезделеді. Күні бұрын қартаю жеке бағдарламаларды ғана құруға көмектеспейді олар әр түрлі комплекстік прафилактикалық мерекелер, эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) миханизімдер және олардың құылуын анықтайды. Күні бұрын қартаю синдромының әдісі биологиялық жасты анықтау болып келеді. Күні бұрын қартаю 4-5 онжылдықтарда шығад, осы орайда геронтологияда бәрі бір ойға келеді.

Қарттар қандай болмасын қоғамда әлеуметтік топтарының бірін құрайды. Олардың әлеуметтік өмірдегі рөлі олардың өмірінің барлық жан жақтарына қатысуымен шартталады. Әлеуметтегі қарттар парасаттылық, салт дәстүр, тәжірибе сақтаушы рөлін атқарады және өз білімдерін қоғамның жас ұрпағына мұра ретінде жеткізеді. Кәсіби шығармашылық әректерінің кәсіби шеберлігі үлкен жаста шарықтау шегіне жетеді, ол бұл әрекет түріне зейнеткерлерді тартуды қажетсінеді. Өздерінің күшімен денсаулығын жоғарлатса қарт адамдар өздерінің әлеуметтік қоршаған ортасы үшін керексіз болып қалмайды, ол жас ұрпаққа немесе отбасына әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан қарт әлеуметтік топтың саны ұрпақтар тізбегінде қажетті звено болып табылады, ал олардың әлеуметтік сәттілігі барлық әлеуметтің тұрақтылығының маңызды факторы. Қарт адамдарға қамқорлық көрсету тек қарт адамдарға ғана емес барлық әлеуметке қажет.



Тақырып № 13. Кәрі адамдарды және қарттарды әлеуметтік қорғау


  1. Қарт адамдарды әлеуметтік қорғаудың принциптері мен механизімдері

  2. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің формалар

Әлеуметтік қорғау дегеніміз- бұл мемлекет тарапынан қоғамның мұқтаж мүшелеріне деген адамсүйгіш пен адамгершілік принциптеріне негізделетін, қарт және егде жастағы азаматтар үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер кешені. Қарт және егде жастағы адамдарды әлеуметтік қорғау олардың қызығушылықтарындағы барлық заңды және практикалық қызметтерді кіргізеді.

Қарт және егде жастағы адамдарды әлеуметтік қорғау- алдын алу, қолдау мен өкілеттіліктен құралады.

Алдын алудың мақсаты қарт адамның әл-ауқатын сақтау, тәуекел факторларын қысқарту немесе жою және сол арқылы оның әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлы мекемелеріне орналастырылуын болдыртпау болып табылады.

Қолдау өзіне-өзі қызмет көрсетудің максималды деңгейін сақтау үшін қарт адамдарға қажетті көмек көрсету болып табылады.

Өкілеттілік- қажетті көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды деп мойындалған қарт адамдардың қызығушылықтарын олардың атынан қорғау.

Дәстүрлі түрде біздің қоғамда халықты, соның ішінде қарт адамдарды әлеуметтік қорғаудың үш бағыты қалыптасты:


  1. әлеуметтік көмек (қарт адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсыну);

  2. әлеуметтік қызмет көрсету;

  3. зейнетақымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қарт адамдарды әлеуметтік қорғаудың механизмі мемлекеттік және аумақтық деңгейлерде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік деңгейі заңмен белгіленген зейнетақы, қызметтер мен жнңілдіктерді ақшалай әлеуметтік нормативтерге сәйкес кепілдендірілген түрде ұсынуды қамтамасыз етеді.

Аумақтық деңгейде жергілікті шарттар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, қамтамасыз етудің деңгейін мемлекеттен тыс қосымша түрде қамтамасыз етудің аумақтық нормалары бекітілуі мүмкін бірақ ол заңнамада бекітілгеннен төмен болмауы тиіс.

Қазіргі кездегі мемлекеттік әлеуметтік саясатының ерекшелігі қарт және егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудағы ауырлық күші жер –жерлерге ауыстырудан тұрады. Әлеуметтік қорғау мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен, сонымен қатар халықты әлеуметтік қолдаудың арнайы қорлары қаражатының есебінен қарт адамдарға материалдық көмек көрсету бойынша қосымше шаралар кешені болып табылады.

Қалыптасқан нарықтық жүйе жағдайында қарт адамдардың табысы, еңбек зейнетақысының қосқанда, өмірдің қалыпты деңгейі мен сапасын ұстап тұру үшін жоғары болуы қажет. Олар әлеуметтік қызмет көрсету саласында медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша барлық қажетті қызметтерді алуы тиіс.

Қарттық –дегеніміз бұл объективті тәуекел, сондықтан қарттық жастағы өмірлік қызметтің шектелуіне бейімделу үшін қажетті алғышарттарды құру қажет.

Қазақстанның азаматтары, әсіресе қарт адамдар өздерінің өмірлік маңызды қажеттіліктерін кепілдендіріп қамтамасыз етілуін қажет етеді. Нақтылайтын болсақ: тұрақты тұрғын үй, тиімді және толыққанды тамақтану, қалған еңбек мүмкіндіктерін пайдалану үшін өмірлік қызметінің қолайлы ортасы мен шарттарын құру, адамдық қарым-қатынас пен түсіністік, денсаулық сақтау, медициналық-әлеуметтік күтім, сонымен қатар қайтыс болғаннан кейінгі жерлеу рәсімінің абыройымен өтуі.

Халықты әлеуметтік қорғау органдарының гуманитарлық бастамасы- жалпы адамдық адамгершілік пен мемлекеттік құрылымдардың практикалық әлеуметтік бағдарланған қызметінің арасындағы байланыстырушы құрамдас бөлік болып табылады. Ерекше халық топтары ретіндегі қарт адамдар туралы сенімді ақпараттың маңызды мөлшеріне сүйене отырып, олардың дүниеге көзқарастарының өзгеруін бақылай отырып және әлеуметтік мәселерді шешу жөніндегі мемлекет мүмкіндіктері мен ресурстары туралы толық мәліметті иемденіп, олар халықтың, соның ішінде қарт адамдардың қызығушылықтарын білдіруі, билік құрлымдарына азаматтардың қазіргі және болжанып жатқан қажеттіліктері туралы уақытында хабарлауы, ол қажеттіліктерді қанағаттандыру туралы ұсыныстар әзірлеу, адам мен мемлекет арасында гумнистік қатынастарды ықшамдауы тиіс.

Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғаудың сапалық жүйелері бар. Олардың қызметі келесі жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс:


    • қарт адамдардың конституциялық құқықтары мен заңды қызығушылықтарын сақтау, соның ішінде әлеуметтік қамсыздандырылуын қамтамасыз етуге үлесін тигізу;

    • қарт адамдардың жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайлардағы өмірлік қызметіне жеке бейімделуінің ұтымды деңгейіне қол жеткізу;

    • қарт адамдардың толыққанды өмір сүруі үшін қажетті шарттарды құруға септігін тигізетін қажетті әлеуметтік көмекпен кепілдендірілген әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

    • қарт адамдардың түйінді мәселері мен жағдайына қатысты қоғамдық консенсустың қалыптасуына қатысу;

    • мемлекеттік емес көздерді пайдалана отырып, қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыруға қосымша инвестицияларды таратуға үйлес тигізу.

Бұл қызмет келесідей принциптерге сүйенеді:

    • қарт адамдардың проблемаларын туғызатын себептердің алдын алу;

    • қарт адамдардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға үйлесін тигізу, өз көзқарастарын білдіру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және белсенді қоғамдық өмірден шеттеудің алдын алу;

    • әлеуметтік көмек пен қызметтерді алудағы қарт адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қадағалау;

    • қарт адамдардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік тәуекел факторларын есептеудің негізінде қарт адамдардың әр түрлі топтарының проблемаларын шешу жолдарын дифференциациялау;

    • қарт адамдардың әлеуметтік көмек пен қызмет көрсетуге жеке қажеттіліктерін анықтау;

    • қарт адамдардың қажеттіліктері мен сұранымдарын өтеудегі әлеуметтік жұмыстың жаңа технологияларын қолдану;

    • қарт адамдардың өз-өзіне қызмет көрсету мен бірін-бірі қолдаудың дамуына бағдарлану;

    • қарттардың қоғамдағы жағдайы, қарттық жастағы әлеуметтік көмек пен қызметтерді алу мүмкіндігі мен құқықтық кепілдіктері туралы ақпараттық бүкіл халыққа насихатталуы.

Қарт және егде жастағы азаматтарға әлеуметтік көмек- бұл әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекетпен заңнамалы түрде бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді ескере отырып ұсынылатын ақшалай немесе натуралды формада, қызметтер немесе жеңілдіктер түрінде қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік көмектің зейнетақы мен жәрдемақыларға тұрақты және бір жолғы төлемақылар, қарт адамдардың мұқтаж санаттарына атаулы, дифференциациялды көмек көрсету мақсатында натуралды төлемдер мен қызметтер жағымсыз әлеуметтік-экономикалық шарттардың әсерінен пайда болған өмірдің қиын жағдайларын жою немесе нейтрализациялау сияқты сипаты бар.

Қазіргі кездегі әлеуметтік көмек негізгі принциптері келесідей:



  • нақты мұқтаж тұлғаларға олардың жеке қабілеттерін ескере отырып, әлеуметтік көмекті ұсынуды қарастыратын атаулық принципі;

  • жергілікті органдарға жолыққан қарт адамдарға міндетті түрде көмек көрсетуді қарастыратын кепілдік принципі;

  • мекен-жайы мен қызметтер спецификасына байланысты көмектің мөлшері мен түрлерін анықтаудағы жеке ыңғайда қарау принципі;

  • бос уақытта бірнеше көмек түрлерін ұсыну мүмкіндігін қарастыратын кешенді принципі (ақшалай, натуралды, қызметтермен жеңілдіктер түріндегі көмек);

  • әлеуметтік көмек көрсетуді орталықтандырылған шаралармен бірге ұйымдастыру мен өткізу ісінде жергілікті билік органдары мен әлеуметтік қорғаудың өздігінен жұмыс істей алу принципі;

  • өмір құнының өсуі, еңбек ақы төлеудің ең төменгі мөлшері мен күнкөріс минимумының өсуіне байланысты әлеуметтік нормативтерді қайта қарауды құрастыратын әлеуметтік ықпал ету принципі.

Шұғыл түрде көрсетілетін әлеуметтік көмекті өткір түрде қажет ететін қарт адамдарға бір жолғы көмек көрсету болып табылады. Оған: ыстық тамақпен немесе азық-түлікпен бір жолғы қамтамасыз ету; киіммен, аяқкиіммент қамтамасыз ету; материалдық көмекпен бір жолғы қамтамасыз ету; уақытша тұрғын үйді алуда үлес тигізу; экстрималды психологиялық көмек пен заңнамалық көмекті қамтамасыз ету кіреді.

Бірқатар аумақтарда халықты әлеуметтік қорғау органдарының қарамағында жасына байланысты эейнеткерлер үшін өте маңызды әлеуметтік емханалар, әлеуметтік асханалар, мамандандырылған дүкендер, тұрмыс үйлері мен басқа да объектілер бар. Маңызды бөлігін қарт адамдар құратын аз қамтылған азаматтарға қызметтер мен көмекті арзанға ұсынатын шаштараздар, кір жуу орындары, тұрмыс техникасын жөндеуге арналған шебеоханалар, жалға беру пунктері жұмыс істейді.

Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз- бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарды, Астана мен Алматы қалаларында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (тобасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17-ші шілдедегі  246-ІІ Заңы).

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарды Астана мен Алматы қалаларында отбасының әрбір мүшесіне есептеген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.

Қатты ауыратын азаматтарға бригадалық көмек түрі- бұл әлеуметтік және медициналық қызметтерді ұсыну арқылы кешенді қызмет көрсету. Әлеуметтік қызметкерлер ауру адамдарға тұрмыстық сипаттағы қызметтер көрсетсе, медбикелер дәрігерлік күтімді жүзеге асырады.

Қарт адамдарда пайда болатын түйінде мәселерге қортынды жасау әлеуметтік, экономикалық және этикалық көзқарас бойынша оларға көп қырлы әлеуметтік көмек ұсынуды қажеттілігін көрсетеді. Басымды қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, жалғыз басты және аз қамтылғандығымен сипатталатын қиын өмір жағдайларындағы қарт адамдарға көрсетілуі тиіс.

Ең алддымен қарт адамдардың мемлекетке, қоғамға және отбасына әлеуметтік-экономикалық тәуелділігінің дәрежесін төмендетуге үлесін тигізу алдыңғы жоспарға шығады. Қарт адамдардың әлеуметтік көмек пен қызметтерді пассивті тұтынушы рөліне түспеуіне көмек көрсету керек.

2.Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің формалар



Әлеуметтік қызмет көрсету- дегеніміз бұл үй жайларында немесе мамандандырылған мемлекеттік несесе муниципалды (жеке меншік) мекемелері жағдайында ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің жиынтығы. Оған әлеуметтік-тұрмыстық көмек пен моральды-психологиялық қолдау кіредіг.

Мемлекет қарт және егде азаматтарға әлеуметтік әділеттілік принципі негізінде жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, шығу тегі, мүліктік немесе лауазымдық жағдайы, тұрғылықты мекен-жайы, дініне қарым-қатынасына тәуелсіз әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндігіне кепілдік береді.

Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметтің негізгі принциптері келесідей:


  • адам мен азаматтың құқығын сақтау;

  • мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну;

  • әлеуметтік қызметтерді ұсынудағы тепе-тең мүмкіндіктер мен қарт адамдардың оларға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрлерінің сабақтастығы;

  • қарт жастағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуі бойынша шаралардың басымдығы.

Осы принциптерге сәйкес әр түрлі әлеуметтік көмек ұсынылады.

Материалдық: мұқтаждығына байланысты жәрдемақылар, мақсатты төлемдер (көмір, киім, дәрі-дәрмек алуға), экстримальді өмірлік жағдайларға азаматтарға жәрдемақылар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды алуға арналағн жәрдемақылар.

Натуралды: алғашқы қажетті заттарды, киім, азық-түлік, тегін тамақтануды әзірлеу, қонатын жайды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмекті алу барысында қарт адамдар: әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлер жағынан сыйлы қатынасқа; өздерінің құқықтары туралы ақпарат алуға, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға; әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің әлеуметтік қызметкерлеріне әлеуметтік қызметтерді көрсету барысында анық болған ақпараттық құпиялығына, өз құқықтарын қорғауға, соның ішінде соттық тәртіпке қорғауға құқылы.

Қарт адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің келесі формалары анықталады:


  1. әлеуметтік-медициналық көмекті қамтитың үйде көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсету ;

  2. әлеуметтік қызмет көрсету мекемесіндегі күндізгі қабылдау бөлімінде жартылай стационарлы мекемелерінде стационарлы әлеуметтік қызмет көрсету ;

  3. қарттардың қоғамдағы бейімделуіне өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайда бейімделуді жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік-консультациялық қызмет көрсету;

  4. экстрималды жағдайлардағы көмек көрсету мақсатында жедел әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге дереу әлеуметтік қызмет көрсету;

Әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлы формаларына интернат-үйлер мен пансионаттар кіреді. Стационарлы әлеуметтік қызмет көрсету өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттерін толық немесе жартылай жоғалтқан және денсаулық жағдайларына байланысты тұрақты бақылау мен күтімді қажет ететін қарт және егде жастағы азаматтарға жан-жақты әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетуге бағытталған.

Қарт адамдарға арналған интернат-үйлер. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға арналған 58 интернат-үйлері жұмыс істейді. Олардың ішінде 16 мыңнан астам адам өмір сүреді. Сол интернат-үйлерінің ішінде Қарағанды облысы бойынша 18 интернат-үйі жұмыс істейді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі- бұл күтімді тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік еңбек реаблитациясын қажет ететін қарттар мен мүгедектердің күнделікті өмір сүруіне арналған әлеуметтік –медициналық мекеме. Интернат-үйіне зейнеткерлік жасқа жеткен жалғызілекті адамдар және жалғызілекті адамдардың ішінен 18 жастан асқан, І, ІІ топ мүгедектері қабылданады.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің жартылай стационарлы формаларына күндізгі және түнгі қабылдау б, бейімдеу орталықтары жатады. Бұл қызметке қарт және егде жастағы азаматтарға әлеуметті-тұрмыстық, медициналық және мәдени қызмет көрсету, олардың тамақтануын, демалысын ұйымдастыру, еңбек қызметіне араластыру және белсенді өмір салтын қолдау кіреді.

Күндізгі қабылдау бөлімі зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, олардың демалысын ұйымдастыруға, еңбек қызметіне тартуға арналған. Мұндай бөлімдердің мақсаты- қарттардың жалғыздықты, тұйықтықты жеңуіе көмектесу болып табылады. Бұл бөлімдерде қызметкерлер қарттарға бұрынғы жолдастарымен қарым-қатынас жасауға және жаңа адамдармен танысуға болатын үйдегідей жағдай құруға талпынады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысы бойынша «азаматтық демографиялыық жағынан қарттық кезеңге өтуі мен оның қоғамдық экономикалық, мәдени және рухани өмірдегі мүмкіндіктері мен срабдал шешімдердің даму үшін ашатын перспективаларды мойындау» ретінде 1999 жылы Халықаралық қарттар жылы ретінде өткізілді.

Жыл мақсаты БҰҰ-ның қарттарға байланысты принциптерінің жүзеге асырылуына жағдай жасау ретінде анықталған. Бұл принциптер бес топқа біріктірілген:


  1. тәуелсіздік;

  2. қатысу;

  3. күтім;

  4. ішкі потенциалды жүзеге асыру;

  5. абырой.

«Тәуелсіздік » принципінің мәні- қарттардың негізгі игіліктері мен қызмет көрсетуге, жұмыс істеуге немесе табыс әкелетін басқа да қызметтермен айналысу мүмкіндіктерінің болуы, еңбек қызметін аяқтау мерзімін анықтауға қатыс мүмкіндіктерінің сақталуы, жеке әдеттер мен өзгеріп келе жатқан жағдайды кскере отырып қауіпсіздік жағдайларына өмір сүру мүмкін болғанша үй жағдайында өмір сүруге қолғабыс алу болып табылады.

«Қатысу» принципі қарт адамдардың қоғам өміріне араласу және олардың игілігіне қатысу саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруға белсенді қатысу, қарттық жастағы тұлғалардың қозғалыстары мен ассоциаларын құру мүмкіндіктері мәселерін қарастырады.

«Күтім» принципі қоғам мен отбасы жағынан күтім мен қорғаныстың қамтамасыз етілуі, аурулардың алдын алу және қалыпты физикалық, психикалық және эмоционалдық жағдайдың деңгейін қайта қалпына келтіру немесе қалыпты ұстау мақсатында медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізу, әлеуметтік және құқықтық қызметтерге қол жеткізу проблемаларын, қамқорлық мекемелерінің қызметтерін пайдалану және әлеуметтік мекемелердегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтары құқықтарының, соның ішінде абырой, наным-сенім қажеттіліктер мен жеке өміріне деген сыйластың міндетті түрде сақталуын, сонымен қатар күтім және өмір сапасыь жағынан шашім қабылдау құқықтарын қамтиды.

«ішкі потенциалды жүзеге асыру» принципі қарт адамдардың өз потенциалын яғни мүмкіндіктерін жан-жақты жүзеге асыру мүмкіндіктерінің болуына, олар үшін білім алу, мәдени, рухани өмір және демалыс салаларындағы қоғамдық құндылықтарға кіру жолы ашық болуына шақырады.

«Абырой» принципі қарт адамдарға деген экспултация физикалық немесе психолдогиялық зорлықтың болдыртпауы жөніндегі, жасы, жынысы, нәсілі немесе этникалық ерекшеліктеріне мүгедектігі немесе мәртебесі, сонымен қатар алдыңғы экономикалық салымына қарамастан, олардың әділетті қатынасқа деген құқықтарын қамтамасыз ету мәселерін қамтиды.

Тақырып № 14. Қарттармен және кәрілермен әлеуметтік жұмыс


  1. Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетулер

  2. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті

  3. Егде адамдар күтімінің моделі

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы  № 306-б бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережелерінде бекітілген егде адамдар күтімінің 2 негізгі моделі қолданылады. Осы Үлгілік ережелерге сәйкес егде адамдарға үйде және әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, жүйке-неврологиялық диспансерлер мен аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік мекемелер болып табылады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы осы баяндаманың 2.2-тарауында айтылған.

Осы бөлім көрсетілетін әлеуметтік қызмет көрсетулердің зейнеткерлерге аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы (аумақтық орталық) адам құқықтары саласында стандартқа сәйкестігі және үйде әлеуметтік қызмет көрсету туралы мәселеге арналған.



    1. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

Аумақтықтық орталық медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет кн алу, бос уақытын өткізу және демалу мақсатында жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қортындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің күндіз болуына арналған. Тұрақты тұрмыстық күтімді талап ететін адамдар күндізге қабылданбайды.

Невроздарды, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды қоспағанда, мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекйиялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы аумақтық орталықта әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады. Бюджет қаржы есебінен қызмет көрсету кезінде аумақтық орталықтарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның жолдамасы бойынша азаматтар қабылданады.

Мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың қабылдауына рұқсат етіледі.

Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттардың негізінде қабылданады:



  1. өтініш;

  2. уәкілетті органның жолдамасы ( бюджет қаражаттың есебінен қызмет көрсету кезінде);

  3. тұрғылықты жері туралы анықтама;

  4. денсаулық жағдайы туралы медициналық карта;

  5. амбулаторлық картадан үзіндінің көшірме;

  6. зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);

  7. мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар үшін).

  8. мүгедектігі туралы анықтаимадан үзіндінің көшірмесі;

  9. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі;

Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық –эпидемиологиялық нормаларға қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді, қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталықтың ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар мөлшері , орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну кезінде көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, жеке қасиеттері ескеріледі.

Аумақтық орталықта болу тәртібі мекеме немесе уәкілетті орган бекіткен Ішкі тәртіп ережесімен айқындалады. Аумақтық орталықтың әкімшілі келушілерді есепке алу журналын жүргізеді. Журналда: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұратын мекен-жайы, үй телефоны; келгені туралы белгі бар айдың күні; көрсетілген әлеуметтік қызмет көрсетулердің түрлері сияқты бағандары болады.

Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша есептен шығару:


  1. Қызмет көрсетілген адамның жеке өтініші бойынша;

  2. Басқа жерден көшкен кезде;

  3. әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болған кезде;

  4. қызмет көрсетілетін адам Ішкі тәртіп ережесін жиі-жиі бұзған кезде (үш реттен көп), соның ішінде есірткі құралдарын пайдаланған, спирт ішімдіктерін ішкен, тауар-материалдық құндылықтар мен өзге де мүлікті бұзған, заңға қарсы әрекет жасаған кезде;

  5. қызмет көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

2006 жылдың бірінші шілдесінде республикада жеті аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның құрамында үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және жартылай стационарлық күндізгі бөлімше бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге 45 орынды Булаев аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қажеттілігіне байланысты олардың санын көбейтіп, осындай орталықтарды республиканың әр облысында құру қажет.

Мекеме қызметкерлері мәдени-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, күндізгі уақытта күшейтілген еңбек қызметін, бір-бірімен қарым-қатынасты ұйымдастырады.

Күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетуге есептелген адамдар клуб үй-жайларын, моншаларды, кітапханаларды стационарлық орталықтарды тұратындармен бірдей пайдалана алады. Оларға мекеме көлемінде медициналық көмек көрсетілуі тиіс.

Күндізгі бөлімшелердің мағынасы- егде адамдарға жалғыздықты еңсеруге көмектесу, тұйықтықтан арылу. Мұндай бөлімшелерде қызметкерлер таныстарымен әңгімелесуі, жаңа таныстар табуы үшін үйдегі жағдайда ұқсас тұрмысты, қонақ-жайлы қонақ үйді жасауға тырысады. Осы жерден дәрігерге дейінгі көмекті, сауықтыру рәсімдерін алуға, тегін немесе жеңілдікпен тамақтануға болады. Мұндай бөлімшелерде түрлі күшейтілген еңбек түрлері ұйымдастырылады. Киім тігу, қол өнер, кәсіппен ақша тауып, сол арқылы келтіретіндігін сезінеді. Күндізгі бөлімшенің клиенттері мерекелерде, туған күндері бірге атап өте алады.

2) Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі

егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй жағдайында қалғысы келеді, ал мамандандырылған мекемелерде көмек алу шығынды талап етеді. Бұл егде адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз үйлерінде қалуға мүмкіндік бере отырып, олардың арасында рурулар мен мүгедектіктің алдын алуға ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау қажеттігіне итермелейді. Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.

Осыған байланысты үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі әлеуметтік қызмет көрсетудің басымдық нысаны болып қалады.

Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің келіп-тұруы қарттар үйіне келіп түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қолданыстағы 1457-2005 Мемстандартқа сәйкес үйде әлеуметтік қызметтің мынандай түрлерін белгілейді:


  • әлеуметтік-түрмыстық қызмет көрсетулер;

  • әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;

  • әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;

  • әлеуметтік- құқықтық қызмет көрсетулер;

заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын кәмелетке толған еңбекке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық ауруы болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерже тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын туған-туысқандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады.

Мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.

Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін невроздарды, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшілдігі мен жеке басының айқын білнетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды, карантинді инфекцияларды, жұқпалы тері мен шаш руруларын, венереологиялық ауруларды, ЖҚТБ-ны қоспағанда, ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.

Қызмет көрсетілетін адамға қалыпты әлеуметтік ортада болуға қолайлы жағдай жасау, гигиеналық талаптарға сай тұру жағдайларын қолдау, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну және оңалту іс-шараларын өткізу үйде қызмет көрсетудің негізгі міндеттері болып табылады.

Үйде қызмет көрсетуге адамдар қабылдауды уәкілетті орган мынандай құжаттардың негізінде жүзеге асырады:


  1. өтініш;

  2. жеке куәлік;

  3. тұрғылықты жерінен анықтама;

  4. медициналық карта;

  5. материалдық-тұрмыстық жағдайдағы зерттеу актісі (белгіленген нысанда);

  6. зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);

  7. мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар үшін).

  8. мүгедектігі туралы анықтаимадан үзіндінің көшірмесі;

мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі

Қызмет көрсетілетін әрбір адамға әлеуметтік мекемеде сақталатын жеке іс жүргізіледі.

Шартты бұзу үшін.


  1. Қызмет көрсетілетін адамның өтініші;

  2. әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдауға медициналық қарсы айғақтамалардың болуы;

  3. қызмет көрсетілетін адамның басқа жерге көшуі;

  4. қызмет көрсетілетін адамның әлеуметтік қызметкердің адамдық абыройын төмендететін негізсіз айыптаулар мен қорлаулар негіз болып табылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде жалғызілекті егде адамдарға көмек ұйымдастыру ерекше орын алады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсете отырып, адаммен қарым-қатынастың жетіспеушілігін білдіртпейді. Жалғызілекті, қозғалуға шамасы келмейтін егде адамдарға баратын әлеуметтік қызметкерлер мәжбүр еткен жалғыздықтан арылады. Әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсетуі аса маңызды.

1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мынадай әлеуметтік қызмет көрсетеді:



  • қарт адамдар күтімі бойынша қызмет көрсетулер;

  • кереуеттен тұруға, киінуге, жуынуға, тамақтануға, дәретхананы пайдалануға, үйде жүріп-тұруға көмек;

  • хат жазуға және оқуға көмектесу;

  • стационарлық мекемеге апаруға жәрдемдесу;

  • тамақ өнімдерін, ыстық түскі асты, бастапқы қажетті өнеркәсіптік тауарларды, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және үйге жеткізу;

  • тамақ дайындауға жәрдемдесу;

  • жеке үйлерде су әкелу, пеш жағу, орталық жылу жоқ үйлерде тұратын адамдар үшін отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • киімдерді жууға көмектесу;

  • тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге жәрдемдесу;

  • әдеп-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру;

  • денсаулық жағдайын ескере отырып, күтімді қамтамсыз ету, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетулер;

  • денсаулық жағдайын бақылау (температурасы мен қысымын өлшеу);

  • психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, тыңдау, сергіту,белсенділікке ықылас қою, өмірлік тнуысын психологиялық қолдау;

  • шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

  • техникалық, техникалық корнын толтырушы құралдарды алуға жәрдемдесу, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге жіберу;

  • медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

  • тиесілі кепілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды алуға жәрдемдесу;

  • әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулерді ұсыну, әлеуметтік мәселері бойынша консультация беру.

Тізбеден кандай, әлеуметтік қызметкерлер бастапқы, физиологиялық сипаттағы өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет көрсетеді, психоәлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсынуға тырысады.

Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығына алған адамдарға кесте бойынша келеді, Кесте қарттар мен мүгедектердің тілегі ескерліп жасалады. Оны меңгеруші бекітеді.

Әлеуметтік мекемелердің жұмысында үлкен жастағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасын орындайтын кәсіпқойлардың оқытуы маңызды орын алуы тиіс. Егде адамдармен жұмыс істеуде негізгі қағидаттардың бір жеке адамды құрметтеу болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлер егде адамдарда туындайтын көптеген психололгиялық, психопатологиялық, моральдық-этикалық проблемаларды түсіну, күнделікті практикалық жұмыста және қызмет көрсетілетін халық топтарымен қарым-қатынас кезінде олардың күш-жігерін жеңілдететін және көмектесетін әдістер мен технологияларды игеру қажет. Әлеуметтік қызметкерлерден әрбір қарт адам үшін нақты қажеттіліктеоді шешуде жеделдік, бастамашылық, зеректік талап етіледі.

Осыған байланысты қарт адамдарға қызмет көрсетуде бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін білікті кадрлардың болуы қажет.

Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері 1457-2005 ҚР Стандарттарына сәйкес айқындалған. Соған сәйкес қалаларда 8-10 адамға және селолық елді мекендерде 4-6 адамға 1 әлеуметтік қызметкерден келуі тиіс. Қазақстан Республикасында барлығы 329 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді және 33 мыңнан астам жалғызілекті қарттарға қызмет көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің ең көп саны Қарағанды облысында жұмыс істейді. Қарағанды облысында- 47( әлеуметтік қызметкер штаты -509, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер- 4971), Шығыс Қазақстан облысында- 42 (штатта- 543 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер- 4610адам), Алматы қаласында – 27 (штатта- 329 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер- 2826), Солтүстік Қазақстан облысында- 27(штатта- 474 әлеуметтік қызметкер, 2741адамға қызмет көрсетіледі). Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облысында 26 әлеуметтік көмек бөлімшелері жұмыс істейді. Павлодар облысында әлеуметтік қызметкер штаты 391 адам, қызмет көрсетілетін жалғызілекті зейнеткерлермен еңбекке қабілетсіз азаматтар 2188 адам. Оңтүстік Қазақстан облысында 2687 адамға қызмет көрсетіледі. Батыс Қазақстан облысында 24 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта -396 әлеуметтік қызметші, қызмет көрсетілетін жалғызілекті қарттармен мүгедектер- 2507), Қостанай облысында 20 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта- 269 мүгедекке, 125 соғысқа қатысушыларға, 29 қайтыс болған жауынгерлер бар отбасыларға, 1879 жалғызілекті егде адамдарға қызмет көрсететін 396 әлеуметтік қызметкер) жұмыс істейді. Алматы облысында 19 батта 161 қызметкер, 1407 егде адамдарға қызмет көрсетіледі), Ақтөбе облысында- 16 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта- 313 әлеуметтік қызметкер, қамқорлық көрсетілетін егде адамдар-1387) жұмыс істейді.

Ең аз әлеуметтік көмек бөлімшелері мынадай облыстарды: Қызылорда облысында- 9 (штатта- 161 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсететін жалғызілекті қарттар- 828), Маңғыстау облысында- 8 бөлімше (штатта-109 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсететін жалғызілекті және қарт адамдар- 647), Жамбыл облысында- 7 (штатта 80 қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар -612), Астана қаласында- 3 (штатта жалғыз тұратын  150 адамға қызмет көрсетілетін 31 маман) бөлімше жұмыс істейді.

Үйде әлеуметтік көмек қызметтерінің іс-қимылының айқын оң нәтижелері оларды құрғаннан кейін өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, көмек пен күтімге мұқтаж адамдар арасында интернат-үйлеріне келу үшін кезектер азайғанынан анық көрінеді. Енді осы адамдар қалыпты жағдайда, бұрынғы өмір стилімен өз үйлерінде тұра алады. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зеәнеткер қашан оларға көмек сұрап келетінін күтпейді, олар өздері қолдауға мұқтаж екендіктерін айтуы тиіс.

3) Әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары

Осылайша, үйдегі әлеуметтік қызмет көрсету саласында бірінші кезектегі шешуді талап ететін мәселелер мыналар болып табылады:



  1. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтар санын көбейту;

  2. әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік деңгейінің төмендігі;

  3. үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мен қызметкерлер санының жеткіліксіздігі;

  4. әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту қажеттігі.

Н.4.02-02


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Факультет Кеңесі шешімімен

факультет деканы

А.С. Хамитова

«19» _06_ 2014 ж.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
Кайникенова Гульмира Какимовна
5В090500 Әлеуметтік жұмыс

студенттері үшін Әлеуметтік геронтология

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет