Рецензенттер: Қанапина С.Ғ



Дата31.01.2018
өлшемі165,95 Kb.
#37109
ӘОЖ 337.24

КБЖ 74.102

Б 94

Рецензенттер:

Қанапина С.Ғ., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедасының доценті филология ғылымдаының кандидаты

Құрастырушылар:

Керибаева М.Т. - №40 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Суйеубаева Г.А. - №40 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениетінің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.

Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз да еліміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, біздің елордамыз-Астана, жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.


ISBN 978-601-316-269-0 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы 2016ж.

Түсініктеме хат

«Астана-отанымыздың жүрегі,

тәуелсіздігіміздің тірегі»

Н.Ә.Назабаев

Еңсесін тік көтеріп, өркениетке нық қадам басқан қазақ елі өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі мерекесін аз ғана уақыт аралығында асықпай жүріп, анық басып, қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей, биік-биік белестерді бағындыра білген орасан зор жетістіктерімен әлемді тамсандырып, ел өмірінің сан қырлы саласындағы басым бағыттардың қалай жүзеге асқанын саралап, сүзгіден өткізіп, болашақты бағамдап, ертеңіне бұдан да зор үміт артқан айырықша сезіммен атап өтуде.

Біз бүгінге жеткен барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің жолында қол жеткіздік. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін республикамызда үлкен өзгерістер болды. 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты жаңаша Астана деп аталды.

Ерте заманнан бастап мемлекеттердың астанасын үлкен өзендердің жанына орналастыру дәстүрі бар екендігі белгілі. Суы көп болса, қала әдемі және жасыл болады. Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Сондықтан ересек тобының тәрбиешілері «Қатынас» білім саласының 36 сағат саны бойынша «Біздің елордамыз - Астана» атты вариативтік компонентін құрастырды. Вариативтік компонент 5-6 жас аралығындағы балаларға арналған, аптасына 1 рет болады.

«Біздің елордамыз - Астана» вариативтік компонентінің



Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы ойларын қалыптастыру, Елорда Астана оның көрікті жерлері жайлы білімдерін кеңейту, қаланың тарихын білу, қала туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлығын, ой өрісін, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу, қаланың көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштерін аялауға, мақтаныш тұту.

Міндеті:

- балаларға туған елі, отаны Қазақстан Республикасы, президент Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерін кеңейту;

- Елордамыз Астананың тарихын, Ұлы ғұлама адамдардың есімдерін, олардың ескерткіштері қай жылы, қайда орналасқандарын білу;

- Туған елдің, қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы ойларын қалыптастыру;

- көрікті жерлерінің атауларын, көшелердің аттарын, онда нелер орналасқанын білу;

-мұражайларда, театрларда болып, халқымыздың мәдениетін, салт дәстүрін біліп, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өнерге құштарлыққа тәрбиелеу;

- Отанымыздың өткені мен болашағы туралы қызығушылықтарын дамыту;

- сөздік қорларын байыту үшін олармен Астанаға оның көрікті жерлеріне байланыс тақпақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жаттау, көрнекілік, презентация, видиоларға қарап шағын әңгімелер құрастыруға үйрету;

-қол маторикасын мен шығармашылықтарын дамыту үшін суреттер салып, жапсыруды қолдану;

- Елордамыз Астанаға деген мақтанышын, махаббат сезімімен және патриоттық сезіміне тәрбиелеу. Өзі тұрып жатқан жерлердің табиғатын аялауға, жанашырлық көрсету, көркейтуге ат салысу;



Күтілетін нәтиже:

-Астана қаласы туралы әр түрлі көрнекіліктер, презентациялар көрсетіп, әңгімелер айтылады. Көргендерін шағын әңгіме құрастырумен, ойын, фото сурет салу мен жапсырумен, Астана туралы видиофильмдер арқылы бекіту;

-Астанамен таныса отырып балалардың тілдерін дамыту мен сөздік қорларын байыту үшін әр-түрлі тақпақтар, мақал-мәтердер, жүмбақтар мен нақыл сөздер үйрену;

-Астанаға деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттырып, сұлулық пен мәдениеттіліктерін дамыту;


Тәуелсіз елдің жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ Отанға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздың алдында тұрған басты мақсаттардың бір – Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бағдарламаның тақырыптық жоспары

«Біздің елордамыз - Астана»



Тақырыбы

Саны

1

«Гүлдене бер, Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту. Қазақстан туралы тақпақ жаттау.

Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтыру, ойлары мен тілдерін дамытып, дүниетанымдарын жалғастыру.



1

2

«Менің Отанымның жүрегі- Астана»

Мақсаты: Балалар еліміздің бас қаласы- Астана екенін білу, мәлімет беру. Балалармен «Астана-арман қала» атты тақпақ жаттау. Балалардың ізгілік қасиеттерін дамыту, ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қиялын ұштастыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елің , Отаның сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

1

3

«Астана тарихы »

Мақсаты: Балаларды Астана бұрынғы Целиноград қаласы, содан кейін Ақмола қаласы болғаны туралы естеріне салып, кейін Ақмола қаласының орнына Астана салынғаны туралы түсініктерін толықтыру.

Астананың шығу тарихы туралы және Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Астананы көшіру туралы білімдерін дамыту. Астана қаласының достопримечательность балалардың ой-өрісін кеңейту.



1

4

«Ел тірегі-ел басы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп, елбасының туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Балаларды отансүйігіштік, патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз еліміздің патриоты болуға, президентімізді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

1

5

«Көп ұлтты Астана»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының көптеген ұлт өкілдері тұратынын түсіндіру; Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүріне, ұлттық киімдері, тағамдары туралы түсінік беру; басқа ұлт өкілдеріне құрмет пен сыйлаушылыққа тәрбиелеу.

1

6

Президент сарайы «Ақорда»

Мақсаты: Балаларды президент сарайы-Ақордамен таныстыру; президенттің жұмыс істейтін кабинетімен; еліміздің бүкіл саяси жұмыстары: кездесулер, жиналыстар, саяси шешімдер қабылдайтын сарайы туралы түсіндіру; балаларды халқын, жерін сүюге азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

1

7

«Қазақстанның бірінші президентінің мұражайы»

Мақсаты: Бірінші президенттің мұражайы туралы балалардың білімдерін кеңейту; мұражайдағы көптеген ғылыми жұмыстарға, кітаптарға, өзге елдердің президенттке арналған сыйлықтарына сүйіспеншіліктерін, құрметтерін бағалай білуге жетілдіру.

1

8

«Астана-Бәйтерек» монументі.

Мақсаты: Қаланың басты символы- «Бәйтерек» мұнарасы екенін балаларға түсінік беру, оның мазмұнын , Самрұқ құс туралы мағлұмат беру. Бәйтеректің суретін салу, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Астана қаласының көрікті жерлерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

1

9

«Есіл» өзені.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасындағы бар өзендерді атап, Астанада орналасқан Есіл өзенімен таныстыру. Астана осы Есіл бойында орналасқанын балаларға айтып түсіндіру. Ойлау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту. Қазақстан табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

1

10

Астана символы «Хан Шатыр»

Мақсаты: Балаларға Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда- саттық орталығымен таныстыру. Хан Шатырдың суретін қарап отырып қай жылы және қандай мақсатпен ашылғанын балаларға айту. Балалармен сурет арқылы қысқаша экскурция жасау. Балалардың қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту. Әдемі, әсем жерлерді көріп, тамашалауға тәрбиелеу.

1

11

«Бейбітшілік пен келісім сарайы»

Мақсаты: Балаларға Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыруды ары қарай жалғастырып, «Бейбітшілік пен келісім сарайымен» таныстыру. Бұл сарай қандай мақсатпен салынғанын, қай жерде орналасқанын суреттен көрсете отырып айтып түсіндіру. Балалармен «Достық» туралы мақал-мәтел жаттау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру. Сөздік қорларын дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

1

12

Қазақстан картасы «Атамекен»

Мақсаты: Балаларға астана қаласындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған Атамекен – «Қазақстан картасымен» таныстыру. Балаларға мәдени-құндылылықтардың, халықтың қолжетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтау, сондай-ақ, ҚР бүкіл табиғи зоналары мен экономикалақ жетістіктерін көбейту мақсатында жасалғанын айтып, әңгімелеу. Қызығушылықтарын арттыру. Мәдени орындарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

1

13

«Президент күні»

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Балалар жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

1

14

«Ескерткіштер»

Мақсаты: Балаларға Астана қаласында көп ескерткіштер бар екенін айтып, барлық ескерткіштермен таныстыру. Балаларға презентация ұсыну. Әр ескерткіштін өз тарихы маңыздылығы бар екенін, ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды екенін балаларға түсіндіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Өз Отанынын тарихи мұраларын сақтауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

1

15

«Думан» ойын-сауық орталығы.

Мақсаты: Балаларға Астанадағы ең үлкен ойын-сауық орталығымен таныстыру. Онда Қазақстандағы тұңғыш океонариум және балалармен үлкендерге арналған көптеген ойын-сауық орталықтары бар екенін айту. Балалардың шығармашылықтарын дамыту үшін ұнаған «балық» суретін салуға шақыру. Қызығушылық пен қуаныш сезімдерін дамыту. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.

1

16

«Астана Опера» театры.

Мақсаты: Балаларды Астанадағы «Астана опера» театрымен таныстыру; оның әсемділігіне, сұлулығына назар аудару; театрда кімдер өнер көрсететіне, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерді сүйюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

1

17

«Нұр Астана» мешіті.

Мақсаты: Балаларды Астанадағы ең басты мешітімен таныстыру; мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты, ғибадат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Рухани тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, достыққа. жылы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

18

«Тәуелсіздік елдің ұланымыз»

Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік туралы берілген тақпақтарын, өлеңдерін айту. Балалардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын дамыту. Болашаққа өз үлестерін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке тәрбиелеу.

1

19

«Конгресс-Холл»

Мақсаты: Балаларға «Конгресс-Холлдың» қай кезде салынғанын, бұрын қалай аталғанын айтып, таныстыру. Астанадағы іс-шаралар, концерттер т.б. шаралар осы сарайда болатынын балаларға түсіндіру. Балалармен жаттаған тақпақтарын естеріне түсіріп, айту. Балалардың тілдік қорларын дамыту, қойылған сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Өз мәдениетімізді қастерлеуге, басқа ұлт мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.

1

20

«Тәуелсіздік сарайы»

Мақсаты: Балаларға Астананың жана көркем жерімен таныстыру. Оны қандай мақсатта қолданады, ғимараттың ішкі құрылысымен танысу. Балалармен «Тәуелсіздік таңы атты» тақпағын бірге жаттау. Сөздік қорларын, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

1

21

«К.Байсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры»

Мақсаты: Балаларға жалпы мәдени орталықтарымен таныстыра отырып, соның ішінде К.Байсейтова атындағы опера және балет театрымен таныстырып, түсінік беру. Өнер туралы мақал-мәтел жаттау. Балалармен әңгімелесу: қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, сөздік қорларын дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлеу үшін әңгіме құрастыруға дағдыландыру. Балаларды мәдениетті сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

1

22

«EXPO-2017» - болашақ қуаты.

Мақсаты: Балаларға ЕХРО-2017 туралы мәлімет беру; ЭХРО-2017 елімізге қандай пайда әкелетінін; болашақта экологиялық тазалық, қоршаған ортаға зиян келтірмеу жұмыстары туралы білімдерін кеңейту. Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру.

1

23

Назарбаев Университеті-«мәңгілік елдің» маңдай алды оқу орны.

Мақсаты: Балаларға Астана қаласында жоғарғы оқу орындары көп екенін айта кететіп, соның ішінде халықаралақ жоғарғы оқу орны Н.Ә.Назарбаев атындағы жаңа университетімен таныстыру. Білім туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттау. Оқу не үшін керек? екенін балалардан сұрау. Бұл университет қазіргі заманға сай, заманауй құрылғырары бар, ғылыми орталықтары бар университет екенін айту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Білімді сүйюге, өз білімдерін ары қарай жетілдіруге тәрбиелеу.

1

24

«Қазақстан» спорт сарайы.

Мақсаты: Балаларға денсаулықтың маңызын айта отырып, денсаулық болу үшін не істеу керек? Деген сұраққа жауап беру. Осы мақсатпен Астана қаласында «Қазақстан» спорт сарайы салынған, балаларға таныстыру. Қазақстанның спорт шеберлерімен таныстыру. Денсаулық туралы мақал-мәтел жаттату.Балаларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір сүруге және зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету. Спортшылырымызды құрметтеуге, мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу.

1

25

«Қорғалжын – ұлттық паркі»

Мақсаты: Балаларға Ақмола облысында орналасқан қорықпен таныстыру. «Қорық» деген не? Қорғалжын паркінде өсетін өсімдіктер мен жануарларды суреттерін презентация арқылы көрсету. Қызығушылықтарын арттырып, сөздік қорларын молайту. Өсімдіктерді, жануарларды баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғатты сүйіп, қастерлеуге, мәпелеуге үйрету.

1

26

«Астана Цирк»

Мақсаты: Астанадағы «Астана цирк» ғимаратына балалардың назарын аудару; цирк артистерінің жанрымен таныстыру; балалардың сүйікті клоуны-Мұрат Мутурғановтың өмір жолымен таныстыру; өнер сүйетін, шығармашылық сезімдерін арттыру.

1

27

«Айдын Аймбетов- үшінші қазақ ғарышкері»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының үшінші ғарышкерімен, оның өмір жолымен балаларды таныстыру; Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің портреттерін көрсетіп айтып кету. Балаладың шығармашылығын дамыту үшін, олармен бірге «ракета» құрастыру. Қол маторикасын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

1

28

«Астана айшықтары» ең ұзын ғимараттар.

Мақсаты: Астана қаласында қазіргі заманға сай әдемі, әсем, көз тартарлық биік салынған ғимараттар көп екенін айта отырып, 15 ең биік ғимаратпен таныстыру. Әр ғимараттың өз аты бар екенін айту. Астана өте сұлу, жаңа, көрікті жерлері көп, қазіргі заманғы қала екенін айту. Балалармен бірге мнемотаблица арқылы Астана қаласы туралы шағын әңгіме құрастыру, балалардың сөздік қорын дамыту. Туған жерімізді мақтан тұтуға, сүйюге тәрбиелеу.

1

29

«Қазақ драма театры»

Мақсаты: Балаларды қазақ драма театрымен таныстыру. Онда әртістер қазақша қойлымдар, спектакілдер, концеттік бағдарламалар қойылытынын айту. Балаларға қазақша спектакіл үзіндісінен видио көрсету. Шығармашылықтарын дамыту. Өз тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

1

30

«Орыс драма театры»

Мақсаты: Балаларды орыс драма театрымен таныстыру. Онда әртістер орысша қойлымдар, спектакілдер, концеттік бағдарламалар қойылытынын айту. Балаларға орысша спектакіл үзіндісінен видио көрсету. Шығармашылықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

31

«Әуенді фантандар» бағы.

Мақсаты: Астананың ең көрікті де, көз тартарлық жерлердің бірі – «әуенді фантандар» бағымен таныстыру. Түрлі-түсті су бұрқақтары әр түрлі классикалық әуенін орындауында қосылады. Балаларға «әуенді фонтондар» видиосын ұсыну. Сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

1

32

«Астана - Арена» стадионы.

Мақсаты: Астана Арена стадионы туралы балалардың білімдерін кеңейту; еліміздің даңқын шығарған спортшылармен таныстыру-Илья Ильин-екі мәрте Олимпиада чемпионы, Серік Сапиев-Олимпиада чемпионы;

стадионда өтетін шаралар туралы түсіндіру; балалардың денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын тәрбиелеу.



1

33

«Дені сау бала – болашақ жемісі»

Мақсаты: Балаларға медицина туралы ғылыми түрде түсінік беру. Астанадағы медицина орталықтарымен таныстыру. Денcаулық туралы мақал-мәтелдер айту, оның мазмұнын талдау. Денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту, тазазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дидактикалық ойын: «Дәрігер емдейді».

1

34

«Астанадағы қазақ өнері»

Мақсаты: Балаларға қазақ өнерінің түрлерімен таныстыру. Жаңа заманға сай «сәулет өнерімен» танысып, білу. Балаларды суретші Мансуровтың өмір жолымен, атақты еңбектерімен таныстыру, сурет салу мен сәулет өнеріне қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту, шығармашылық ой-қиялын дамытып, дұрыс бейнелей білуге дағдыландыру.

1

35

«Хазірет Сұлтан» мешіті.

Мақсаты: Балаларды Астанадағы ең үлкен мешітімен таныстыру; мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты, ғибадат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Рухани тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, достыққа. жылы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

36

«Еліміздің болашағы қыран құстай болсын»

Мақсаты: Бір жыл бойы Астанамен танысу туралы білімдерін бекіту. Өткен тақырыптарды естерімізге түсіріп, қайталау. Балаларға олар өз елдерінің болашағы екенін және болашақта өз елдірін көркейтуге бірге ат салысыуға шақыру. Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу.

Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдiкке, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Өнерге деген қабiлеттерiн дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.



1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет