а) мжмбс сәйкес тілдік пәндер бойынша қысқартылған оқу бағдарламасы.
3.Оқыту әдістері
жеке б-ға бағытталған қысқа, баяу нұсқау (2-3 сөз) және нені орындау қажеттілігін түсінбеген жағдайда көрсетуді және ымды қолдану арқылы қайта түсіндіру;
жауап беруі үшін ұзақ уақыт бөлу;
жазба тапсырмаларын орындау кезінде дәптер парағында бағдарлана алуына көмектесу;
оқу тапсырмаларының мәнін түсінуді жеңілдету үшін жұмысты орындаудың суреттік жоспарын, үлгілер мен көрнекі құралдарды қолдану;
жұп пен топта жұмыс жасау (көшіріп алуды алдын ала ескер- ту);
формативті бағалау тапсырмалары, жұмыс дәптері, оқулықтағы тапсырмаларға нұсқаулықтарды жеңілдету және қысқарту;
оқу бойынша жеке тапсырмалар.
4. Оқыту нәтижесін бағалау амалда- ры (оқушының жетістіктері)
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) қоршаған орта туралы білім мен түсінік қорын кеңейту, тиісті сөздік қорын жинақтау; буындап оқу, айту бойынша буындап жазу және қарапайым сөздерді жазу, оқылған және жазылған сөздерді түсіну дағдыларын қалыптастыру; 10 шамасындағы сандарды есептеу операциясын орындау, математикалық терминдермен сөздік қорларын кеңейту.
арнайы педагогпен сабақты өту жиілігі - аптасына 2 рет, сабақтың ұзақтығы – 30-40 минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).
9. логопедтің көмегі
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) сөйлеу тілін түсінуді дамыту 2) дыбыстарды қою және автоматизациялау, буын құрылымдарын өңдеу, сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, фразалық сөйлеу тілін дамыту.
логопедпен сабақты өту жиілігі - аптасына 3 рет, сабақтың ұзақтығы – 30 минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).
10. психологиялық көмек
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) есту еркін зейін мен есту-сөйлеу қабылдауын дамыту (4 сөздің көлемінде);
2) есту-сөйлеу жадысын дамыту (4 сөздің көлемінде); 3)сыныптастарымен қарым-қатынас жасау мен өзараәрекеттесу дағдысын дамыту.
психологпен сабақты өту жиілігі - аптасына 2рет, сабақтың ұзақтығы – 30минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).