167
Д.Н.Гумилевта 1407 жылы өлген
—
Т.О.).
Тоқтамыс хан Шыңғыс
ханның оныншы атаға келген ұрпағы екен”[
27
, 25 б.].
ХҮ ғасырдағы және XVI ғасыр басындағы тарихи оқиғаларды
баяндайтын Таварих
-
и гузида
-
йи нусрат
-
наме Тоқтамыс ханның
ата тегін былай таратады: Чингиз
-
хан
—
Йоджи (Жошы) хан
—
Тука
-
Тимур
—
Уз
-
Тимур
-
Сарыджа
-
Туглу
-
Ходжа
-
Той
-
Ходжа
-
Токтамыш [
1
2, 39 б.].
Біздіңше, Шәйбани ханның
қатысуымен жазылған осы
деректе тарихи шындық бар.
Тоқтамыстың Тайқожаның ұлы екендігін Қадырғали би
Қосымұлының
жылнамасы да растайды [
14
, 252 б.].
Тоқтамыстың шығу тегі туралы осы деректер басқа
еңбектерде де мақұлданады [
12, 139-
141 бб.]. Алайда Муин
-
ад
-
дин Натанзидің “Ескендір анонимі» атты еңбегінде Тоқтамыстың
шығу тегі мұнан гөрі басқаша таратылады. Бұл бойынша
Жошыдан
—
Сасы Бұқа
—
Ерзен
—
Шымтай
—
Тойқожа
—
Тоқтамыс болып келеді [
8, 129-
130 бб.].
Осы дерек бойынша 1361
-
1380 жылдары Ақ Орданы билеген
Ұрыс
хан Тоқтамыстың әкесі Тойқожа оғланмен ағайынды
кісілер болып шығады. Тоқтамыстың жеңгесі Құдан Күншек
қоңырат
руынан екен [
8, 129-
130 бб.]. Тойқожа оғлан Ұрыс
ханның билігі тұсында Маңғышлақ әмірі болады.
Ұрыс
хан өзінің билігінің
алғашқы кезеңінде өзінің Ақ
Ордамен Алтын Орданы біріктіруді көздеген ойын жүзеге асыру
үшін
қол астындағы игі жақсыларды жинап, құрылтай
шақырады. Бірақ Ұрыс ханның мұндай пиғылына Тойқожа оғлан
үзілді
-
кесілді қарсы шығады. Муин
-
ад
-
дин Натанзидің айтуынша
Тойқожа оғлан Ұрыс ханның Алтын Ордаға қарсы аттануға
жиналған жорығына
келмей қойғаны үшін өлтірілген. Ал әлі
кәмелетке толмаған оның ұлы Тоқтамыс хан ордасынан бір
-
екі
рет
қашып кетіп, кейіннен қайтып келіп жүреді. Жас
болғандықтан да оның мұнысына кешіріммен қарайды.
Әмір
Темірдің өзінің жеке тапсырмасымен жазылған Низам
-
ад
-
дин Шамидің “Жеңістер кітабында” (“Зафар
-
наме”) өзінің
өмірінен
қауіптеніп Ұрысхан ордасынан Әмір Темір сарайына
қашып
келген Тоқтамыстың тағдыры былай баяндалады:
“Тоқтамыш
-
оғлан келген кезде әмірлер араға жүріп, оны Темірге
таныстырды. Оның ұлылығы оған құрмет пен сый
-
сияпат
көрсетуде мүмкін болғанның бәрін жасауға күш салды. Ол
168
онымен бірге Самарқандқа келді, патшаға лайық тартулармен той
өткізді. Оған (Тоқтамышқа) және оның серіктеріне ақылға
сыймайтын жөне сансыз көп алтындарды жөне қымбат әшекей
бұйымдарды, малдарды және маталарды, аттарды және өгіздерді,
шатырлар мен қостарды, барабандар мен жалауларды, жасақтар
мен әскерлерді бөліп берді.
Ол (Темір) Отырар және Сауран аймақтарын бөліп берді және
оны сол жерлерге жөнелтті"[
8
, 132 б.].
Деректердің айтуынша Тоқтамыстың Отырар жөне Сауран
маңында пайда болуына Ақ Орда
билеушілерінің немқұрайлы
қарай
алмасы белгілі еді. Ұрыс хан бұл кезде Еділ бойында
Алтын Орданы бағындыру жорығында болғандықтан оның
орнында баласы Құтлық
-
Бұға қалған еді. Низам
-
ад
-
дин Шамидің
айтуынша ол “біраз уақыттан соң Тоқтамыс оғланға қарсы әскер
алып шығып, онымен көп шайқасқан”[
19
, 298 б.]. Бұл жерде айта
кететін мәселе, орыс тарихшысы академик Б.Греков “Құтлық
-
Бұғаға қарсы жас Тоқтамыс аттанды”,
-
деп керісінше айтады. Бұл
алғашқы шайқас 776 жылы (1374 жылдың 12 маусымы мен 1375
жылдың 2 шілдесі аралығында болған [
3
, 318 б.]. Жанталасқан
Ұрыс
кезінде Құтлық
-
Бұғаға жебе қадалған және ол осыдан
қайтыс
болған. Низам
-
ад
-
дин Шамидің айтуынша бұл оқиға
“оның әскерлерін
қатты толқытқан және
осыдан қаһарланған
және кектенген олар Тоқтамысты қуып шыққан”. Ұрыста
жеңілген Тоқтамыс тағы да Әмір Темірге қайта қашып келді.
Әмір
Темір болса Тоқтамысқа бұрынғыдан да бетер құрмет
көрсетіп, оны тағы да жер қайысқан көп әскермен жасақтап Ақ
Ордаға қарсы қайта аттандырды. Бұл жолы Ұрыс ханның басқа
ұлы
Тоқтақия хан тұқымдарымен және белгілі әмірлермен бірігіп
Тоқтамысқа қарсы шықты. Шайқас тағы да Тоқтамыстың
пайдасына шешілмеді. Низам
-
ад
-
дин Шами мұнан арғы
оқиғаның барысын төмендегідей баяндайды:
«Шайқастаи соң ол тағы қашып шықты. Оның (Тоқтамыстың)
алдында өзен (Сырдария
—
Т. О
.) болды. Амалсыздан ол
етіктерін лақтырып, осы суға қойып кетті және құтылып кетті.
Оның артынан қуып келген Қараншы
-
бахадур өзеннің жағасына
жетті де, жебемен оның қолын жаралады. Ол (Тоқтамыс) жалғыз
өзі
қорысқа кіріп кетті де жасырынып қалды.
Темір оны
патшалық ісі үшін ержүрек және батыл деп таныды және жаудың
бетін қайтару керек деп ойлап, оны (Тоқтамысты) тауып келу
169
үшін
өзінің туысы Едіге
-
барласты жұмсады. Әмір Едіге осы
қорыстың
жанымен
өті
п бара жатып жылаған дауысты құлағы
шалды. Іздестірген ол, Тоқтамысты осындай жағдайда көрді.
Сыпайылық ережесін сақтаған
Едіге көмек беруге асықты,
тиісінше оған камқорлық жасады, және оны Бұхараға Темірге
алып келді». Өзі әлі жас,
өмірден көрген
-
түйгені аз Тоқтамысқа
бұл жеңілістің аса ауыр тигені сөзсіз.
Жағдай мұнан ары былай өрбіді. Тоқтамыстың Сырдария
бойындағы жорықтарынан хабар алған Ұрыс хан Ақ Ордаға
оралып екі елшіні
—
Кепек
-
маңғытты
және Тұлұтжанды Әмір
Темірге жіберді. Олар Әмір Темірге мынаны айтты: «Тоқтамыс
менің баламды өлтірді және сенің аймағыңа кетті. Менің
жауымды маған ұстап бер, егер де көнбесең, онда соғысатын
жерді айт». Оған Әмір Темір былай жауап берді: «Қандай да бір
болсын мемлекеттен баспана іздеген адамды жауының қолына
ұстап
беру мемлекет басшысының ерлігіне және дәстүріне лайық
заң ба екен: бұл орындалмайтын нәрселер қатарына жатады».
Егер
осыған байланысты
Достарыңызбен бөлісу: