Жабынды сынықтарының, деформацияларының, ақауларының (қыртыстардың, дақтардың, коррозияның), сонымен қатар кесетін бөліктерінде үгілген жерлері мен кетіктердің болмауын қарап анықтаңыздар.
Тармақтарды берік және саңлаусыз жалғайтын бекіткіштердің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Тармақтардың қимылы бірқалыпты болып, айқасып қалмауы тиіс. Ажырайтын бекіткіш болған жағдайда тармақтар оларды тек 900С бұрышпен айырғанда ажырамауы тиіс .
Кескіш қасиеттерін дәкенің 1-5 қабатын кесу арқылы тексеріңіз. Бұл жағдайда қайшылар дәкені бекіткіштен тармақтың ұшына дейін жіпті іліп алмай және мата қайшы жүздері арасынан жылжып кетпейтіндей етіп кесетін бөліктерін бойлай кесуі тиіс. Қайшы жүздері сынық кезінде өтпейтін болып қалмауы керек. Қайшылардың кескіш қасиеттерін сонымен қатар сулы папирус қағазын кесу арқылы сынауға болады. Бұл жағдайда қағаз ұйпаланбауы тиіс.
Аралардың бүтіндігін және олардың жабынды жағдайын қарап анықтаңыздар.
Рамалы ара сабының топсалы қосылыс дұрыстығын матаны барлық үш қалыпта созып бекіту арқылы тексеріңіз. Бекіту берік болуы керек. Сонымен қатар аралардың бұрандалы қосылыстарының дұрыстығына көз жеткізіңіз, ол матаның ара сабымен берік бекітілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Аралардың функционалдық қасиеттерін жануардың жаңа түтікті сүйектерін немесе қатты ағаштардың (емен, қайың) осындай диаметрлі кесектерін аралау арқылы анықтаңыз. Бұл жағдайда ара тістері уатылмауы немесе деформацияланбауы, ал сабына бекітілген мата дірілдемеуі немесе тербелмеуі тиіс.
Қашаулардың сапасын бағалау
Кесетін бөліктерде деформацияның, коррозияның, жабынды бұзылыстардың, ақауларының болмауына көз жеткізіңіз, онда үгітілген жерлер мен кетіктер болмауы тиіс.
Кескіш бөліктерін сынауды жас сүйектен 100мм бойына сызықтың ішіне қарай басып енгізу арқылы жүргізіңіз. Бұл жағдайда қашау жүзі өтпейтін болып қалмауы, уатылмауы және деформацияланбауы тиіс.