Рецензенттер


Операциялық киімдерге арналған қысқыштардың сапасын бағалау



бет76/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Операциялық киімдерге арналған қысқыштардың сапасын бағалау

  • Қан тоқтататын қысқыштарға қатысты қолданылатын әдіс бойынша аспаптардың дұрыстығы мен бүркеудің қатерсіздігін тексерумен анықтаңыз.

  • Операциялық киімге арналған 7-8 қабатта орамдалған дәкенің басып алынуы жолымен қысқыштардың функционалдық қасиеттерін тексеріңіз.



Корнцангтердің сапасын бағалау

  • Бекіткіш, аузы және кремальера жағдайын қан тоқтататын қысқыштарды сипаттау кезінде көрсетілген әдістермен анықтаңыз.

  • Корнцангтың функционалдық сыналуын 4 қабатқа бүктелген дәкені немесе 4-5мм диаметрлі резеңкелік дренажды түтікшелер ауыздарының арасына үш рет қысу арқылы жүргізіңіз. Сынаудың нәтижесінде қалдықтың өзгерістері болмауы тиіс.

  • Ауыздарының жабылу тығыздығына папирус қағазын қысу арқылы көз жеткізіңіз, қағаз шығып кетпеуі тиіс.



Шымшуырдың сапасын бағалау

  • Жабынды жағдайын анықтаңыз, онда дақтар, сызаттар, қабаттану және коррозия болмауы тиіс.

  • Аспап жиегінде үшкір жердің болмауына көз жеткізіңіз (шеттері шеңберленген болуы тиіс).

  • Ауыздарының жабылуын тексеріңіз, ол тығыз, қиғаштанбауы керек. Анатомиялық шымшуыр ауыздарын жапқан кезде ауыздарының аяқ жағынан бастап бүкіл кертікті болмай бір ізді жанасуы тиіс. Көлденең кертік болғанда бір аузының шығыңқы жері шымшуырдың толық қысқан кезде бүкіл кертікті бойлай екінші қуысқа кіруі керек.

  • Аспаптың иілгіштігін сипалап анықтаңыз. Саусақтарды жазғанда тармақтар бастапқы қалпына оралуы тиіс.

  • Ауыздарының жабылу тығыздығына папирус қағазы көмегімен көз жеткізіңіз, қағаз шығып кетпеуі тиіс.

  • Автошымшуырлар серіппесінің серпімділігін тексеріңіз. Ол үшін оны металдық жақшалармен (5-10 дана) зарядтаңыз. Шымшуырды ашқан кезде жақша итергішпен аспаптың ұшына берілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет