Бұйымдардың механикалық бүтіндігін, жабынды күйін (қабаттану, дақтар, коррозия жоқ па) қарап анықтаңыз. Кесетін бөліктеріне ерекше назар аударыңыз, олар өткір, үгітілген жерлері мен кетіктері болмауы тиіс.
Бекіткіш жағдайын тексеріңіз: онда жүріс бірқалыпты, жеңіл болып, қажалмауы тиіс.
Серіппенің (пружинаның) дұрыстығына көз жеткізіңіз, ол аспаптың толық ашылуын қамтамасыз етуі және қабыстыруына кедергі жасамауы тиіс.
Кескіш қасиеттерін қалыңдығы 5-6мм сүйек пластинкасын тістеу арқылы сынаңыз. Сынақтан кейін аспаптың кесетін шеттері өтпейтін болып қалмауы, уатылмауы тиіс.
Қан тоқтататын қысқыштардың сапасын бағалау Қарау арқылы анықтаңыз:
- жабынды коррозиясы мен ақауларының болмауы (қабаттану, дақтар және жарықшалар болмауы тиіс).
- тістерінің ішкі беттеріндегі керту толықтығын (жылтыр және боялған орындар болмауы тиіс).
- тістерінің тығыз тұтасу дұрыстығын, олар 0,2мм-ден артық қисаймауы керек.
- Бекіткіштің дұрыстығын тексеріңіз, ол қысқыштың екі тармағын да берік байланыстыру және жабылып тұрғанда ауытқымауы тиіс.
- Кремальераның дұрыстығын анықтаңыз. Ол жеңіл және бірқалыпты бірігуі және әрбір тісінде берік бекітілуі тиіс. Кремальераны өздігінен ажыратуға болмайды.
- Қысқыш аспаптың тістері арасына папирус қағазын қысу арқылы қысқыш тістерінің тығыз қабысуын сынаңыз. Кремальераны жапқанда бірінші тістерімен қатар соңғы тістері де жабылады, сондықтан қағаз жұлынбауы тиіс.
- Қысқыш аспапта қалдық деформацияның болмауына келесі амалмен тексеріңіз. Алдымен қысқыш тістерінің жабылу тығыздығына көз жеткізіңіз, ол содан кейін кремальераны соңғы тісіне дейін жауып, диаметрі 5-6мм дренаждық түтікті немесе 20рет бүктелген дәкені үш рет қысыңыз. Егер қысқыш тістері тығыз жабылса, онда аспапта қалдық деформация жоқ.