Рецензенттер


Кеңейткіш, ығыстырғыш және қалған жалпы хирургиялық аспаптар сапасын бағалау (тауартану талдауының элементі)



бет77/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)
Кеңейткіш, ығыстырғыш және қалған жалпы хирургиялық аспаптар сапасын бағалау (тауартану талдауының элементі)
Хирургиялық ілмектер, айналар, Буяльский күрекшесі, ішкі органдарды ығыстыруға арналған пластиктер сапасын бағалау



  • Тісті және пластинкалы ілмектер беріктігін салмағы 5-8кг жүкті сабына ілу арқылы анықтаңыз, бұл жағдайда тістер деформацияланбауы керек.

  • Айналар сынығын жұмыс бөліктерінде салмағы 10кг жүкті көтеру арқылы жүргізіңіз; сынақтан кейін қалдық деформация болмауы тиіс.

  • Тісті ілмектердің өткірлігін қалыңдығы 2-3мм картонды тесу арқылы анықтаңдар. Ілмектерді сынау нәтижесінде қалдық деформация бермеуі тиіс, ал ұшы майысып қалмауы керек.



Жара кеңейткіштердің сапасын бағалау

  • Жарма-қасық жабындысының сапалылығын анықтаңыз, оның беттері таза, тегіс болуы тиіс (кедір-бұдырлы, дақтары, коррозиялары және басқада жабынды ақаулары болмауы керек).

  • Бекіткіш жағдайын тексеріңіз, оның жүрісі жеңіл және бірқалыпты болуы тиіс.

  • Кремальера дұрыстығын тексеріңіз, ол оның әрбір тісінде берік тіркелуі және өздігінен ажырамауы тиіс.

  • Кремальерасыз жараны кеңейткіштер сапасын анықтаңыз: қозғалмалы тіреулер мен сырғыма тиек стержень бойында айқасып қалмауы, ал бекіткіш құрылғы қосымша айнаны кез келген қалыпта берік бекітуі тиіс. Бекіткіш құрылғының бұрандасы толық, үзілген және ұйпаланған жіпсіз болуы керек.



Тіл ұстағыштар сапасын бағалау

  • Тіл ұстағыштың ернеулері арасына диаметрі 10-12мм дренажды резеңке түтікті үш есе қысу арқылы ауыздарына деформацияның болмауын тексеріңіз. Мұндай жүктемеден кейін ернеулеріне көрінетін деформация (қиғаштану және олардың толық жабылмауы) байқалмауы керек.



Распаторлар сапасын бағалау

  • Қашау жүзімен мүйіз пластинкадан немесе жас сүйектін 100мм аумақ бетінен ұсақ жаңқаны қырып алу арқылы кескіш қасиетін тексеріңіз. Мұндай сынақтан кейін жиегі өтпейтін болып қалмауы немесе уатылмауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет