Осы топ қысқыштары мен қыспақтарының сапалылығын қан тоқтататын қысқыштарға қолданылатын әдіс бойынша қарау жолымен анықтаңыз.
Асқазан-ішекке арналған қысқыштарға диаметрі 12 мм дренаждық резеңке түтіктерге үш рет қысу арқылы беріктігі мен иілгіштігіне функционалдық сынақ жүргізіңіз.
Қыспақтар тістерінің жабылу тығыздығын және бекіткіштің дұрыстығын тексеріңіз. Тістерінің жабылу тыңыздығы аспап тістерінің арасына салынған 2 қабат дәкені қысу арқылы анықталды. Дәке сабын толық қысқанда жұлынбауы тиіс.
Бекіткіш жағдайын бос ұшынан 5-6 см ара қашықтықта орналасқан диаметрі 15-20 мм дренаж түтігін қысу арқылы тексеріңіз.
Ине ұстағыштардың сапасын бағалау
Ине ұстағыштар тістерінің жағдайын анықтаңыз, олардың контуры сәйкес келуі және таза, толық және тегіс кертігі болуы тиіс.
Кремальердің дұрыстығын оны бірінші тісіне тұйықтау арқылы тексеріңіз, сондықтан да ернеулер барлық жұмысшы жоғарғы бетінде түйісуі керек. Кремальердің одан арғы алмасуы бірізді, жеңіл және балқымалы түрде әрбір тістегі тұтасуды толықтай қамтамасыз ете отырып өтуі тиіс (кремальердің өздігінен езілмеуі тиіс).
Бекіткіш жағдайын анықтаңыз, ол екі тармақты да берік жалғауы және жабылған кезде тербелмеуі тиіс. Бұрандалы бекіткіштерде білікті бұранда аспапты ашқан кезде бұралып кетпейтіндей етіп берік тартылуы тиіс.
Серіппе жағдайын анықтаңыз, оның сапасы ине ұстағышты бір қалыпты ажырату және жұму бойынша бағаланады. Серіппенің бос ұшы қарама-қарсы сабының ішкі бетінде жеңіл жылжуы тиіс. Ине ұстағышпен жұмыс істеп болған соң серіппенің қалдық деформациясы болмауы керек.
Ине ұстағыштардың функционалдық қасиеттерін үшбұрышты және шеңберлі қима орта нөмірлі хирургиялық инелерді ауыздарының ұшынан үштен бір қашықтықтан қысу арқылы анықтаңыз. Толық қысқан кезде ине аузы тістен қимауы тиіс, сондай-ақ шамалы күштің әсерінен жылжуы немесе айналмауы керек.