Металл және металл емес бейорганикалық бүркеу Металл және металл емес бейорганикалық бүркеу металдардың бейорганикалық бөлімдерінен құралады (тотығу, тотыққан-фосфатты, фосфатты және т.б.) және олар бұйымдарды химииялық өңдеуде пайда болады. Болаттан жасалған бұйымдардағы тотыққан пленкалардың түрі қара болады және олар аспаптарға қолданылады, әсіресе тот баспайтын болаттан, олар микроскоппен ота жасауға қажет аспаптар (отосклероз отасын жасау үшін аспаптар жиынтығы), сонымен бірге жарық жұтқан оптикалық приборлар.
Медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау кезінде қорғау Декоротивтік-қорғау бірқалыпты жағдайда затты пайдалану кезінде жеке үнемі (тұрақты) қолданылады. Коррозиядан уақытша қорғау бар, ол заттарды сақтау және тасымалдау кезінде қолданылады. Уақытша қорғауды консервациялау жолымен жүргізіледі. Медициналық техниканы консервациялау бұйымдарды өндіретін үлкен мекемелерде үш тәсілмен жасалады: консервациялық майлармен майлау, қапталған қораптағы ингибиторлармен және герметизация жасау арқылы. Сонымен бірге консервациялаудың әртүрлі аралас әдістері қолданылады.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс): Металдардың коррозияға ұшырау дегеніміз не?
Медициналық бұйымдарды қажетті түрде қорғау керектігі немен түсіндіріледі?
Медициналық бұйымдарды қорғау үшін қандай қаптағыштар қолданылады?
Металдық және металл емес бейорганикалық қабықшаларды атаңыз?
Қорытпа тұрақтылығы мен беріктігін жоғарылату үшін қолданылатын термиялық өңдеудің маңыздылығы қандай?
Медициналық бұйымдарды тасымалдау мен сақтау кезіндегі қорғау қалай жүргізіледі?
Тақырып №5. Металл емес материалдар
Мақсаты: Студенттерді металл емес материалдармен таныстыру.
Дәріс тезистері: Металл емес материалдар органикалық және органикалық емес заттардың көптеген ассортиментінен тұрады, шыны, керамика, пластмасса, резеңке, ағаш бұйымдары және композициялық заттар. Металл емес материалдар металлды заттармен қатар, оларда жоқ қасиеттер қажет болғанда қолданылады.