Рецензенттер



бет10/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Шыныны термиялық өңдеу. Шыны бұйымдары ауада салқындатылған соң беріктігі төмендейді, біркелкі салқындатпау салдарынан шыны қабаттары арасында ішкі кернеу пайда болады, ішкі кернеуді болдырмау үшін шыныны арнайы тоннельді пештерде (бумен) салқындатады, кіру маңында температура - максималды, ал шығу да – минималды.


Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Металл емес металдарға қандай металдар жатады?

  2. Керамика мен шыны металдардан не жасайды?

  3. Шыны бұйымдарының өңделуі мен жасалуы қалай жүргізіледі?

  4. Шыныларды термиялық және механикалық өңдеуден өткізудің қандай маңыздылығы бар?


Тақырып №6. Медициналық резеңке бұйымдары


Мақсаты: Студенттерді медициналық резеңке бұйымдарымен таныстыру.


Дәріс тезистері: Соңғы жылдары медициналық тәжірибеде полимер деп аталатын органикалық туынды кеңінен қолданылуда. Полимерлерге аз ғана күшке айтарлықтай үлкен деформацияға ұшырайтын созылғыш заттар – эластомерлер жатады. Бұл эластомерлерді табиғи және синтетикалық деп бөледі. Резеңкелердің негізгі құрам бөлігін каучуктер құрайды.
Резеңкені алуда негізгі шикізат ретінде каучук қолданылады.
Табиғи каучукты гевея деп аталатын Бразилия ағашының шырынын алады. Ол үшін ағашты тесіп түтік арқылы ағаш шырыны-латексті алады. Латекс гевея ағашының тамыры мен кейбір тропикалық өсімдіктердің құрамында болады.
1928-1930ж.ж. ғалым Лебедев синтетикалық каучукты алды.
Синтетикалық каучукты техникалық спирттен Лебедев тәсілі бойынша алады. Арнайы катализаторлар көмегімен техникалық спиртті бутадион газына айналдырып, бутадионнан синтетикалық каучуктың негізін алады.
Резеңкені вулкандау тәсілімен каучукты өңдеп алады, оның құрылымының өзгеруіне алып келеді. Вулкандау тәсілі ыстық және салқын болып бөлінеді.
Ыстық вулкандау каучукты 135-1400С-та геометриялық 2 атмосфералық жабық автоклавтарда қыздыру арқылы жүргізіледі. Енгізілген химиялық заттар мен каучук молекулалары арасында жүретін реакция нәтижесінде каучукке қарағанда жоғары беріктікке, созылғыштыққа, иілгіштікке және тұрақтылыққа т.б. қасиеттерге ие резеңке бұйымдары алынады.
Салқын вулкандау үрдісі бұйымға күкірт көмірсутегі мен күкірт хлоридін қосып ыстық, құрғақ желмен кептіруге негізделген.
Бұл әдіс қымбат, әрі қиын. Сондықтан бұл әдіс резеңкеленген жіпшелер мен майда резеңкелік бұйымдарды алуда ғана қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет