Рецензенттер


Шыны және керамикалық заттар



бет9/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Шыны және керамикалық заттар
Металл емес материалдардың ішінде, медициналық бұйымдар жасауда шыны ең көп қолданылады. Химиялық тұрақтығы, беткейлік беріктігі, арзандылығы бойынша басқа заттар арасында оған тең жоқ. Шыныдан лабораториялық ыдыстар, дәрі-дәрмекті қаптауға, сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар, көзілдірік линзалары, оптикалық және медициналық бұйымдарға қарапайым және талшықты оптика элементтері, шприцтер, термометрлер және т.б. жасалады.


Керамикалық материалдар
Фарфор және фаянс – керамикалық материалдар, дала шпаты, кварцты құм мен балшық қоспасын жоғары температурада күйдірудің нәтижесінде алынады. Фарфор құрамы – 45-50% саз балшық, 30-35% кварц және 18-22% дала шпаты. Фарфор мен фаянс бұйымдарын күйдіруден кейін, жоғарыда аталған заттарға (16%) дололит қосып жылтыратады кейін жоғары температурада (15000С) қайта күйдіреді (жылтыратады). Емдеу мекемелерінде фарфор мен фаянстан жасалған санитарлы-техникалық бұйымдар қолданылады, стомотологияда фарфордан жасалған тістер қолданылады.


Шыныны қайнату және шыны бұйымдарын жасау
Шыны – табиғатта кеңінен кездесетін кварцты өзен құмы, натрий гидрокарбонаты, бор және т.б. жасалды. Шыныны арнайы пештерде 1350-16000С температурада қайнатады, құрамында кварцты құм (кремний тотығы) неғұрлым көп болса, жасалған шынының балқығыштығы мен ыстыққа төзімділігі соғұрлым жоғары болады. Шыныны қайнатқанда күрделі физика-химиялық процестер жүреді, соның нәтижесінде шикізаттың механикалық қоспасынан (шихта) біркелкі гомогенді шыны массасын алады. Жоғары температурада қайнату процесінде шыны бірқатар кезеңдерден өтеді: силикат түзеу (қайнатылған қоспа алу) ағару (бос кеңістіктерден тазару), гомогенизация (біркелкілікке келу) және салқындату (200-3000С) температурада жабысқақтығын ұлғайту мен қалып түзеу үшін қолданылады.
Шыныны өңдеу
Шыныны механикалық өңдеу. Бөтелкелер, ампулалар, дәріханалық және зертханалық ыдыстар қосымша механикалық өңдеуден өтпейді, қақпағы тығыз жабылатын құтылардың ауыз бөлігі мен тығынын әрлеп, абразивті ұнтақпен сүртеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет