Қорытынды сұрақтары (кері байланыс): 1. Материалтану дегеніміз не?
2. Қара металдардың қорытпаларының топтасуы?
3. Тот баспайтын қорытпалар туралы түсініктеме беріңіз?
4. Түрлі металдарға қандай қорытпалар жатады?
Тақырып №4. Аспап құралдардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралар
Мақсаты: Студенттерді аспап құралдардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралармен таныстыру.
Дәріс тезистері:Коррозия деп – сыртқы ортаның әсерінен материалдардың бүлінуі. Металдар мен металл бұйымдарының коррозиясы химиялық және электрохимиялық табиғаты бар. Металл емес материалдардың коррозиясы (органикалық және синтетикалық) микроорганизмдермен пайда болады, сондықтан микробиологиялық коррозия не биокоррозия деп аталады.
Медициналық бұйымдардың коррозиядан қорғау қажеттілігі оларды пайдаланудан алдын термиялық және химиялық залалсыздандыру немесе антисептикалық сұйықтармен өңдеуден өту себебінен туындайды. Металл медициналық бұйымдарды және оның металдан жасалған бөліктерін коррозиядан қорғау үшін 3 түрлі жасалатын затты пайдаланады: металдық, металдық емес бейорганикалық және бояу, лактармен металдық емес бояу.
Металдық бүркеу Көміртегі болат және жезден (латунь) жасалынған медициналық аспаптарды коррозиядан сақтау үшін оның бетін никель не хром қабатымен бояйды немесе екеуімен бірге де бірден бояйды, ол үшін гальваникалық тәсілді пайдаланады. Бұл жағдайда жағылған қабаттың артқы түрі сол бұйымның функционалды пайдалануына сәйкес келуі тиіс. Үстіңгі бетін бояу сол бұйымға әдемі декоративті түр береді. Хромдық бояу жылтыр не күліңгір болады. Соңғы жылдары хромдық бояудың қара күліңгір түсі көп қолданылады.
Термиялық өңдеу туралы ұғым Бұйымдардың қаттылығы және тұрақтылығын термиялық өңдеу жасау арқылы жетілдіруге болады, ол үшін затты белгілі бір температураға дейін қыздырып және белгілі бір жылдамдықпен суыту арқылы өңдейді. Бірақ бұл тек үдерістің сыртқы көрінісі. Затты қыздырып және суыту кезінде онда құрылымдық өзгерістер болады, нәтижесінде оның механикалық қасиеттері қатты өзгереді. Мұндай құрылымдық болаттың барлық құрамы үшін зерттелген, ол қажет қасиеттерді алу үшін зерттелген, ол қажет қасиеттерді алу үшін мүмкіндік береді. Термиялық өңдеу және тәртібі металтану мәліметіне негізделген.