Редакция №2 02. 09. 09. орнына Редакция №3 13. 09. 12. 36 беттің -сі


Педагогикалық училищидегі психологияны оқытудағы әдістеме. Оқу – бағдарламалық құжаттамаларды талдау және зерттеу



бет3/3
Дата21.07.2017
өлшемі0,52 Mb.
#21498
1   2   3

Педагогикалық училищидегі психологияны оқытудағы әдістеме. Оқу – бағдарламалық құжаттамаларды талдау және зерттеу.
Оқытушының жұмыс істеуге дайындығы оқу–программалық документациясының анализінен және зерттеуінен басталады. (оқу жоспарынан және оқыту программасынан)

Ең біріншіден, оқу жоспарының анализі негізінде мамандарды дайындау жүйесіндегі оқу дисциплиналардың орнын орнатады, яғни оның көлемін, зерттеу мөлшерін және бір-бірімен шектес оқу пәндерін. Бұл жерде ең маңызды нәрсе бір-бірімен шектес пәндерді зерттеудегі мөлшерді анықтап алу қажет, ол олармен байланыс мінезін ұсынуға мүкіндік береді: болып өткен, жалғаспалы немесе келесі. Оқу материалы қайталанбауы үшін, ең біріншіден шектес пәндер бойынша оқу програмасының мазмұнымен танысуымыз керек.

Оқу жоспары пәнді зерттеудегі ұйымдастыру жайында жалпы көрініс береді, себебі бұнда оқу процессіндегі ұйымдастыру формалары көрсетіледі (оқу пәндерінің түрлері), сонымен қатар лабораторлы, практикалық жұмыстарға, курстық жобалауға жұмсалған сағаттар мөлшері, оқу курсының аяқталу формалары (зачет, емтихан, курстық жоба немесе жұмыс), міндетті түрде рубежді тексерулер (бақылау жұмыстары, зачеттер, семестрлік емтихандар).

Дайындықтың маңызды этапы – пән бойынша оқу программасының анализі және зерттеуі. Ең біріншіден, оқу материалының логикасымен, құрылымымен танысу керек, оқу пәнінің тапсырмалары мен дидактикалық мақсаттарын орнату қажет. Егер пограммада оқу пәнін зерттеу нәтижесінде студенттің не біледі және не білуі керек жайында көрсетілмесе, онда оқытушы оны өздігінен құрастырады. Ол үшін әрбір тақырыптың маңыздысын бөліп қарастырады, әрбір оқу элементінің маңыздылығын бағалайды. Оқытушы программада оқу элементін меңгеру деңгейін шартты белгілермен белгілейді.

Кәсіби білімдер және дағдылар қалыптасқан шеңбер көбінесе практикалық сабақтардың мазмұнында көрсетіледі, кейде – программаға деген түсіндірме хатында. Сонымен бірге, оқытушы оқу материалының мазмұнын болашақ маманының кәсіби іс-әрекетінің мазмұнымен байланыстыра отырып, тапсырмаларды, жаттығуларды, есептерді шешу процессінде қалыптаса алатын дағдылар және басқа да білімдерді анықтайды.

Оқу программаларының анализін дамыту және тәрбиелеу тапсырмаларының орындалуы үшін оқу материалының мүмкіндіктерінің көрінуін болжайды. Программа анлизі шығармашылық ойларды дамыту үшін оқытушыға материалды белгілеуге, студенттердегі дағдылар мен білімдердің қалыптасуына, танымдық қабілеттерді және қызығушылықтарды дамыту үшін оқу пәнінің мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әр түрлі тәрбиелік, білімді тапсырмаларды дамытуын шешу үшін, оқу материалының мүмкіндіктерінің анализі оқытушыға сабақ үшін материалды, оқыту әдістемелерін таңдауда еркін хабардар болуға көмектеседі.

Оқыту мазмұнын жаңартып және толықтырып отыру қажет, сондықтан да оқу материалын таңдау – бұл педагогтың күнделікті уайымы. Материалмен еркін өолдану үшін, оны жүйелеу керек. Қызықты әңгімелер, экономикалық көрсеткіштер, статистикалық мәлім. Газет материалдарын, статистикалық мәлімдерді өз уақытында жаңартып отыру тиіс. Оқу материалын таңдау нәтижесінде оқытушы картотекаларды жасайды.

Календарлы – тематикалық жоспардың құрастырылуы.

Алдын-ала программаланған оқу сабақтары бойынша оқу материалдарын тарату үшін, яғни әр бөлімдегі оқу материалдарын зерттеудегі уақытты анықтау үшін календарлы – тематикалық жоспар жасалынады.

Ол жаңа оқу программалары нығайтылғаннан кейін өңдейді. Бұл кезең 5-8 жылды қамтиды. Әрине, бұған нақты өзгерулер енуі мумкін.

Календарлы – тематикалық жоспарды әр жыл сайын пәндік комиссия қарастырады және толығымен нығайтады немесе әрекеттегі өзгерістерді нығайтады.

Календарлы – тематикалық жоспарларды нығайтып, қайта қарауда келесі сұрақтарды қарастырады.

А) оқу пәнімен байланысқан ғылым негізінде шешілетін жаңа проблемалар, оқу пәніндегі мамандарды дайындау үшін олардың маңыздылығы.

Б) мамандарды дайындау мақсатымен байланысты білімге деген жаңа талаптар. Кәсіби дайындықтарды жақсарту мүмкіндіктері және сабақтардың жеке элементтерінің сапасын жоғарылату.

Кейде оқытушыларда оқу пәндерінің түрлерін жоспарлауда қиындықтар туады. Педагогикалық училищилер жоспарларында оқу пәндерінің келесі түрлерін көрсетеді: дәріс, сабақ, семинар, практикалық сабақ, лабораторлы жұмыс және т.б. Сонымен қатар календарлы – тематикалық жоспарда келесі сабақ типтерін бөлуге болады: жаңа оқу материалын зерттеу сабақтары, қиыстырылған бақылау жұмыстары.

Календарлы – тематикалық жоспарды өңдеуде біз оның ең бірінші мазмұнына, көлеміне және үй тапсырмасына ерекше зейінімізді аудару қажет.

Оқытушының әдістемелік жұмысы.

Педагогикалық училищилердегі оқытушының педагогикалық іс-әрекеті өте ауыр, көп еңбекті және көп қырлы болып келеді. Оқытушы еңбегінде жай қайталанатын элементтер жоқ: білім аймағы жиі дамып отырады; студенттердің контингенті өзгереді, педагогикалық ғылым байытылады.

Мұның барлығы оқу үрдісінде студенттермен тиімді әріптестік жолмен, оқыту тәсілдермен, формасымен және неғұрлым маңызды әдістермен әркездік ізденісті талап етеді.

Оқытушының педагогикалық тәжірибесінің негізгі бөлімі оның ғылыми-педагогикалық жұмысы болып табылады, яғни жиналған тәжірибемен анализді болжамдайды. Әдістемелік жұмыстар педагогикалық мекемелердегі оқытушының міндеттерінің бірі болып табылады, және арнайы пәндерді беру әдістерін жүзеге асыруға бағытталынған.

Әдістемелік жұмыстардыңнәтижелерін педагогикалық жиындарда, ғылыми-әдістемелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, статьялардың периодтық басылымдарында, әдістемелік жұмыстардан көруге болады. Оқытушының әдістемелік жұмыстарының нәтижесі болып пән бойынша тапсырмалар мен есептер комплексін шығару, сондай-ақ оқу үрдісінде қолданатын дидактикалық материалдарын қолдану болып табылады.

Әдістемелік жұмыстар пәндік (циклдық) комиссия көлемінде ұйымдастырылады. Оның маңызды сәті әдістемелік жұмыстың мазмұнын таңдау, яғни нақты оқу пәніне бағытталуы керек.

Төменде оқу мен анализдің кейбір мәселелері келтірілген:



  1. Мамандардың кәсіптік әрекеттерінің анализі (нақты мамандық бойынша), орындауға қажетті негізгі еңбек функциялары мен кәсіптік дағдылардың көрінуі

  2. Оқу үрдісіндегі маманның кәсіптік әрекетін моделдеу, маманның кәсіптік дайындығының моделі: қажетті дағдыларды меңгеру үшін тапсырмалар комплексін жасау, оқыту мазмұны мен олардың орнын анықтау, оқу бағдарламасына түзетулер енгізу.

  3. Педагогикалық білімнің дамуы (нақты мамандықта қолданылады).

  4. Студенттердің ойлау белсенділігінің дамуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерімен формаларын жүзеге асыру(студенттердің өздік жұмыстарының формалары мен әдістері).

  5. Оқыту және кәсіптік практикалық дағдыны меңгеруді қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен формаларын жүзеге асыру (практикалық оқытудың әдістері мен формалары).

  6. Оқытудың индивидуализация(жеке) жолы: жеке тапсырмалар мен жұмыстар, ұжымдық формадағы жұмыстардың жеке тапсырмалары, оқытудың жеке оқыту жоспары.

  7. Дидактикалық материалдарды жасау(оқытылатын программалардың программаланған оқытулары, тапсырмалар комплексі және анализ үшін педагогикалық ситуацияларды жазу) және оқытудың басқа тәсілдері (оқытудың экрандық-дыбыстық тәсілдері үшін фон материалдары).

Мұнда тек қана кейбір актуалды бағыттар аталып өтті, яғни әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін. Әрине, әрбір мұндай бағыттар бір мұғалімге өте ауыр, күрделі. Әдетте заттық(циклдық) комиссия мұндай бағыттың біреуін ғана таңдайды, оны нақтылап және анықтап, осылайша, осы жұмысқа әрбір оқытушының еңбегі енеді. Кейде тақырыптар бір жылға ғана алынбайды, бұл оқытушыға мазмұнын жасауға, студенттермен практикалық жұмыста оқыту әдістерін немесе формаларын жасауда мүмкіндік береді, осылайша, оларды жүзеге асырап және оларға сәйкесінше баға береді.

Нақты тақырыпты таңдау оқытушының педагогикалық тәжірибесіне байланысты болады. Тәжірибелі педагог өз жұмысы мен әріптестерінің жұмысына анализ жасай алады. Ол өз бетімен, творчествалық түрде оқытудың жаңа әдістерін шыңғара алуға мүмкіндіктері болады.

Бастаушы оқытушыға курстың жеке тақырыптары ұсынылады, тақырыптары ұсынылады, тақырыппен терең жұмыс жас маманға курстың негізгі мазмұнын оқуға мүмкіндік береді, оқу сабақтарын жүргізудің түрлі нұсқауларын тақырып бойынша құрастыруға, тапсырмалардың түрлі формаларын жасауда көп жітістіктерге жетеді.
Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негізі.


  1. Педагогикалық технология ұғымы.

  2. Білім беру технологияларының түрлері.

Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш – білім деңгейін шығармашылық деңгейіне жеткізу деген сөз.

«Технология» - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде «оқу – тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асыру жобасы» деп қарастырады. Беспалько педагогикалық жүйені – педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды. Педагогикалық жүйеде берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына бағытталынуы тиіс. Кәсіпке дайындық – тұлға дамуын жүзеге асырады. Мақсатты білім беру – технологияның басты белгісі .

Жоғары оқу орнында білім беру сапасын жетілдіруде тиімді инновациялық технологияларды қолданған маңызды. Бүгінгі күнде білім беру технологияларының кең тараған түрлерін атап айтсақ:



  • модульдық оқыту технологиясы;

  • ақпараттық коммуникациялық оқыту технологиясы;

  • дистанттық оқыту;

  • дамыта оқыту және т.б.

. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны мен мақсаты.

Модульдік оқыту технологиясы –студент мақсатты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқу үрдісін өзгертеді, қайта құрады. Модульдік оқытудағы мақсат студенттердің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.

Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар студент оқытушымен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас үрдісі арқылы жүзеге асады.

Студент көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, мақсат қоюға, жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді.

Модульді оқыту барысында, студент бойында бұрыннан қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:



  • ұйымдастырушылық оқу;

  • интеллектуалдық оқу;

  • ақпараттық оқу;

  • коммуникативтік оқу

біліктіліктері жан-жақты ашылып көрсетілуі, блок-модульдік оқыту технологиясының негізгі элементтері анықталынып, олардың тәжірибеде ендіру жолдары көрсетілуі оқу үрдісін жетілдіреді [6.4].

Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологиялары және оның ерекшеліктері.

Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технология кеңінен қолданылуда, студенттермен байланыс жасауда өте тиімді.



Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, студенттерге жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Презентациялар технологиясын пайдалану студенттердің оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеужұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы мұғалімдерді жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады.

Дистанциялық оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедиа құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырртай оқу жүйесіне балама (альтернатива), нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:

а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;

ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде оқушылардың мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды;

б) ақапараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі студенттермен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.

Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы үшін әр студентте жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы керек. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда. [4.2-5].

Дамыта оқыту технологиясының мазмұны әр студенттің өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында; мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметтерінде; әдіс-тәсілдерде, студенттің білім алу белсенділігінің түрінде; оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшелігінде; олардың қарым-қатынас сипатында танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дамыта оқыту идеясының бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар оқытудың басты мақсатын жалпы дамытуға бағыттайды.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін бағалауға да өзгерістер енгізілген, соның ішінде рейтинг-тестілік жүйе- оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бағалаудың жаңа түрі. Рейтинг-ағылшын тілінде «torat»-«бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты:

-оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

-оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін арттыру.

-оқу-таным әрекетіндегі білім,білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

-оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;

-текскруде уақытты үнемдеу.

Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім,білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.

Бүгінде оқыту процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану болашақ мамандардың жаңа жағдайларға байланысты ғылыми-зерттеу процесін шығармашылықпен ұйымдастырудың негізгі өлшеміне айналуда. Осы бағыттағы әдістемелерді қолдана білу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда өте маңызды. Бұл мәселені шешуде студенттер оқу үрдісінің мәнін терең түсініп, әдіс-тәсілдерін кең арнада саралап, тәрбиелік бағыттарын бағалап, әдістемелік деңгейін көтеруде жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуге дағдылана, оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге үйренеді.


Педагогикалық мекемелердегі оқытудың ұйымдастырылған формалары.

Арнайы орта оқыту мекемелерінде оқу үрдісі ұйымдастырылған формада көп образдылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ мұнда негізгі орынды сабақ алады. Ұйымдастырылған форма ретінде ол әркездік кететін уақытымен (ереже ретінде 2сағат ) сиптталады, студенттер (оқу тобы) құрамы оқыту кабинеттерінеде (аудитория) оқытушының жетекшілігімен арнайы білім алады.

Сабақ барысында дидактикалық мақсаттардың комплексі шншіледі:


  • Студентерге жаңа білімді жеткізу : оқу материалын өз беттермен оқуды ұйымдастыру, алынған білімнің және идеялық көз-қарастардың негізінде сендірудің қалыптасуы:

  • өтілген материалдарды қайталау және бекіту, нақтылау, алынған білімді жүйелеу,теоретикалық жағдайды эксперимент жүзінде дәлелдеу.

  • Практикалық дағдылардың қалыптасуы: а) меңгеруге қажетті келесі оқыту пәндерімен (жалпы білімді және жалпы техникалық заттармен): б)кәсіптік дағдылар; в)өзбетімен ой еңбегі дағдысын қалыптастыру;

  • Студенттердің бақылау, анализ және баға беру дағдылары

  • Тексерудің нәтижесінде оқу үрдісін түзету;білімді толықтыру және анықтау;

Студенттердің танымдық қабілеттерінің дамуы. Сабақтың ең бір ерекшелігі осында жатыр (дидактикалық мақсаттың кең комплексі ), оқу үрдісінің ұйымдардың басқа формаларынан ажырату;

Сабақ – оқу үрдісінің экономды формасы, яғни сабақта оқытушы жаңа материалдарды толық түсіндірілгеннен соң, көлеміне байланысты лабороториялық және практикалық қосымша жұмыстарды ұсынады.

Сабақ- студенттер үшін неғұрлым ұйымдасқан форма, яғни сабақты жүргізу процесінде оқытушыдан творчестволық дайындықты талап етеді.


  • Дидактикалық талаптарға келесілер жатады: сабақта дидактиканың негізгі принциптері жүзеге асуы тиіс: ғылыми, жүйелігі және жалғасымдығы, белсенділігі мен саналымдылығы, оқыту бірлігі мен тәрбие беру, теорияның практикамен байланыстылығы, білім мен дағдының қалыптасуы, әрбір студентке жекелей қарым-қатынас және т.б;

  • Сабақтын нақты мақсатын анықтау : пән бойынша және сабақтың мақсаты бойынша сабақтың жалпы мазмұнын бағдарлама талаптарына сәйкес анықтау:

Оқытушының жоғары педагогикалық тәжірибесі, түрлі әдістер мен тәсілдерді оқыту үрдісінде қолдану , қазіргі кездегі дидактикалық техникаларды қолдана білу;

Сабақта студенттердің жоғары танымдық белсенділіктерін қамтамасыз ету, студенттердің өз беттерімен ізденіс жұмыстары, проблемалық тапсырмалады шешумен, тапсырманы орындау;



Сабақта топтық және жеке жұмыстардың өзара байланысы;

  • Студенттердің оқу материалдарын меңгеру дайындығы және сәйкесінше олардың деңгейлеріне байланысты дифференциалданған қатынас, дидактикалық материалдардың күрделігіне байланысты түрлі сатыларын кең қолдану;

  • Сабақта студенттердің әртүрлі әрекеттердің түрлерін рационалды түрде ауысып қолдануы.


3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
Тақырып 1. Психология пәнінің спецификасы.

Жоспары


  1. Психологиялық пәндерді оқытудың мақсат міндеттері.

  2. Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.

  3. Психологияны оқыту әдістемесіне жалпы мінездеме.



Тақырып 2. Психологияны оқытудағы студенттерде болатын қиыншылықтар.

Жоспары


                1. Жалпы қиындықтар сипаттамасы.

                2. Қиындықтардың туындау себептері.


Тақырып 3. Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы.

Жоспары:


  1. Дидактика: оқыту мен білім беру теориясы және практикасы.

  2. Дидактика принциптері.

  3. Дидактикалық принциптердің іске асырылуы.


Тақырып 4. Дәріс түрлері.

Жоспары:


  1. Жалпы дәрістің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар.

  2. Дәріс түрлері.


Тақырып 5. Оқыту топтарына практикалық, семинар және лабораториялық сабақтар ұйымдастыру және жүргізу.

Жоспары:


                  1. Семинар сабақтарын даярлау ерекшеліктері.

                  2. Лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.

3. Студенттердің өзіндік жұмыстарының жалпы сипаттамасы.
Тақырып 6. Психология оқытушысының кәсіби жеке тұлғалық деңгейі.

Жоспары:


  1. Кәсіби психологтың теориялық және практикалық даярлығы мәселесі.

  2. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары.


Тақырып 7. Белсенді оқыту әдістері.

Жоспары:


  1. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары.

  2. Іскерлік ойындар.

  3. Рөлдік ойындар.

  4. Ересектерді оқытудағы ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар.

  5. Ересектерді оқытуда ойынды қолданудың жалпы нұсқаулары.


Тақырып 8. Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру.

Жоспары:


    1. Дидактикалық мақсаттардың комплексі.

    2. Дидактикалық талаптар.

3. Педагогикалық училищедегі оқыту сабақтарының ерекшеліктері.
4. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларын орындауға

әдістемелік нұсқау

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.



  1. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  2. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  3. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  4. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.


Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.




    1. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

Студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары мен орындалу кестесі

СӨЖО

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс




2

3

4

Психологиялық пәндерді оқыту курсы пәні

1. (Бадмаев Б.Ц., 2004)

алғы сөзін оқыңдар. Оған өз көзқарасыңды жазбаша түрде бер

2. Педагогикалық және психологиялық білімдердің салыстырмалы кестесін жаса


Кесте құру

Дәріс – жоғары оқу орнында оқытудың дәстүрлі формасы

1. Психологияны оқыту процесінде жестің атқаратын функциясын көрсет.

2. Проблемалық дәріс тезисін құру



конспект

тезис


Семинар және практикалық сабақтарға дайындық және өткізу әдістемесі.

1. Жалпы психология курсы бойынша тақырып таңдап, семинар және праткикалық сабақ жоспарын жаса

2. Осы жоспарлардың салыстырмалы анализін жасап, олардың дидактикалық ерекшеліктері, ұқсастықтары, айырмашылықтарын кестемен көрсет



Сабақ жоспары
кесте толтыру

Психологияда белсенді оқыту әдістері.

1. Отбасында «Фигура» ойынын жүргізу

2. Түсіндірмелі- терминологиялық



ойын құрастыр

Ойын әдістемесі

Психологияны оқыту процесінде білімді тексеру түрлері және формалары.

Психологиядан 2-3 бағдарламамен танысып, ерекшелігін көрсету

салыстырмалы анализ


Аралық бақылау сұрақтары

  1. Психологиялық пәндерді оқыту курсының пәні, мақсаты, міндеттері.

  2. Оқу іс-әрекетіндегі психологиялық теориялар.

  3. Студенттердің оқу әрекеті психологиясы.

  4. Студенттердің оқу әрекетін қалыптастыру.

  5. Психологиядағы оқыту теориясы түсінігі.

  6. Педагогикалық технологиялар.

  7. ЖОО дамыта оқыту.

  8. Белсенді оқыту әдісі.

  9. Бағдарламалап оқыту әдісі.

  10. Проблемалық оқыту әдісі.

  11. Интерактивті оқыту әдісі.

  12. Ойын-психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы.

  13. ЖОО психологияны оқыту.

  14. Білім беру формалары және олардың өткізілу әдістері.

  15. Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.

  16. Дәрісті оқыту формасы.

  17. Оқыту топтарындағы сарамандық сабақтар.

  18. Пікірталастарды ұйымдастыру, басқару әдістері.

  19. Қолданбалы психологияны оқыту әдістемесі, ерекшеліктері.

  20. Проблемалық оқыту әдісі

  21. Интерактивті оқыту әдісі

  22. Ойын- психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы

  23. ЖОО психологияны оқыту

  24. Білім беру формалары және олардың өткізілу әдістері

  25. Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

  26. Дәрісті оқыту формасы

  27. Оқыту топтарындағы сарамандық сабақтар

  28. Пікірталастарды ұйымдастыру, басқару әдістері

  29. Қолданбалы психологияны оқыту әдістемесі, ерекшеліктері

  30. Психологиялық пәндерді оқыту курсының пәні, мақсаты, міндеттері

  31. Оқу іс-әрекетіндегі психологиялық теориялар

  32. Студенттердің оқу әрекеті психологиясы

  33. Студенттердің оқу әрекетін қалыптастыру

  34. Психологиядағы оқыту теориясы түсінігі

  35. Педагогикалық технологиялар

  36. ЖОО дамыта оқыту

  37. Белсенді оқыту әдісі

  38. Бағдарламалап оқыту әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет