Редакция №3 26. 02. 2010 орнына Редакция №4 01. 09. 2010



бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,07 Mb.
#32544
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-14.05.01.20.79

/03-2010


Редакция № 3 26.02.2010 орнына Редакция № 4 01.09.2010

52 беттің





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.79

/03-2010


«психология» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 3 26.02.2010 орнына Редакция № 4 01.09.2010




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психология»


(психологиялық емес мамандықтарға арналған)
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей 2010







Алғысөз


ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Бураханова А.Т.

“______” __________ 2010 ж

2.ҚАРАЛДЫ


    1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С.
2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2010 жыл


Төрағасы _______ Колмогорова Г.Б.
3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ Молдажанова А.А.

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ



Термин атауы

Термин мазмұны

1

Психология

психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым

2

Психикалық кейіп

адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері

3

Психикалық қасиеттер

бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер

4

Психикалық процестер

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері

5

Тәжірибе

зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды

6

Байқау әдісі

белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауы

7

Тәжірибе

зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды

8

Тест

адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс

9

Рефлекс

сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы

10

Қозу

әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі

11

Инстинкт

туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі

12

Сана

психиканың тек адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі

13

Жеке тұлға

өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі

14

Іс-әрекет

қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс

15

Дағды

алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы

16

Икем

адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті

17

Зейін

айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу

18

Түйсік

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер

19

Сезгіштік

адамның түйсіне алу қабілеті

20

Адаптация

адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсететін құбылыс

21

Синестезия

тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды

22

Сенсибилизация

сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс

23

Қабылдау

заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі

24

Апперцепция

қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы

25

Ес

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

26

Ойлау

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі

27

Қиял

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс

28

Ерік

ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстар

29

Темперамент

жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік

30

Сезім

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайла болып отыратын психикалық процесс

31

Мінез

адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік

32

Қабілет

мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы


2 Дәрістер

Психология ғылымының жалпы мәселелері.

  1. Психология пәні.

  2. Психикалық процестер мен психикалық қасиеттер.

  3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары.

«Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - жан, «логос» - сөз, ілім, яғни «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Психология тарихы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің тарихы. Осы кезеңде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамиды. Оның екінші тарихи кезеңі 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұнғыш лаборатория ұйымдастырып, психологияны дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Психологияның басқа ғылым салаларынан үш негізгі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – психология адам тану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Екіншісі – адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық процестерін айқындау үшін XIX ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп аталады. Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт – бұл пәннің дербестігі.

Психология – адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім-күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктері болып саналатын міңезі мен темпераментің, қабілетін т.б. зерттейді. Қорытындылай келсек, психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психологияның қарастыратын үш мәселесі:


  1. Психикалық процестер. Бұған адамның таным процестерін жатқызамыз ( түйсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу).

  2. Психикалық кейіп – көңіл-күй мен аффекттерді және ерік сияқты жайттарды бейнелейді.

  3. Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, міңез, қабілет арқылы дараланады.

Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән.

  1. Тәлім-тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз- шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Тәлім-тәрбие психологиясының тармақтары: оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы.

  2. Жас кезеңдерінің психологиясы - әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді. Тармақтары: балалар психологиясы, жеткіншіктер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы.

  3. Арнаулы психологиясы – адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Тармақтары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, патопсихология.

  4. Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Тармақтары:авиациялық психология, инженерлік психология, ғарышкерлік психология.

  5. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың міңез-құлқын зерттейді. Тармақтары: нейропсихология, психофармакология, психопрофилактика және гигиена.

Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер.

      1. Ежелгі психология.

      2. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

      3. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымғы айналуы.

Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Героклит, Демокрит жан - табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікіді қолдады. Демокрит психиканы оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім – психиканы адам тәнінің қызметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон жан – мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінің айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Оның психология саласында жинақтаған білімдері «Жан туралы» еңбегінде көрініс тапты.

Орта ғасырлық психологияның негізгі ерекшеліктері – ертеден қалыптасқан тәжірибелік зерттеулер схоластикамен алмасты, жан жайындаға аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.

Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Али ибн Сина, Ибн Рошд сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім жаңа сипатқа ие болды.

Әбу Насыр әл-Фараби - «Әлемнің екінші ұстазы» аттанған данышпан ғалым.

Ол дүние материядан құралады, жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды

Ибн Сина – жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген ғалым. Оның зерттеулерінде жанның адам көңіл-күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сло замандағы жаңашылдық бағыт еді. Оның психологиялық ой-пікірлері мен зерттеулері тәжірибелік бақылауға жүгінді.

Ибн Рошд адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Ол жанның тіршілігі тәнге байланысты, әрбір адамның жаны мен даралығы мәңгілік емес деген мистикалық ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.

XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен әдіс тәсілдері айқындалды. Психологрияның дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі – физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері. Психологияның дербес пән ретінде қалыптасуына зор үлес тигізген В. Вундт, Ф. Брентано, И.М. Сеченов, И.П. Павлов т. б. зерттеулері .
Ғылыми психологияның принциптреі мен зерттеу әдістері.

1.Ғылыми психология принциптері.

2.Психологияның зерттеу әдістері.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әр қандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдәстерінің даму заңдарымен анықталады. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаламды.

Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалы мен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.

Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С.Л. Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп, оның әдісенамалық маңызы барын тұжырымдап, алға тартты. С.Л. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан

С.Л. Рубинштейн.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды. Сана мен іс-әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте ғана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

Даму принципі. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларды зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізі тәсілі ретінде қабылдайды.

Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтің объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді

(Б.Ф. Ломов).

Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады.

Негізгі әдістер.


  1. Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адпмның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет;

байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

2) Тәжірибе.

Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.

Неміс ғалымы В. Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұнғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. 80-ші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұнғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы

Н. Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. 90-шы жылдарда француз психологы А. Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады.

Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық құралдар қажет. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейінің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр т. б.

Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі төмендегі жағдайларға байланысты:



  1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау;

  3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу;

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығару.

Табиғи экспериметті психологияға тұнғыш еңгізген орыс психолог А.Ф. Лазурский. Мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тұдырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады.

Қосалқы әдістер:



    • Әңгемелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды.Әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі;

    • Анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап береді. Осы әдіспен әр түрлі топ ұжымының психологиялық өзгешеліктері зерттелінеді;

    • Сұхбат барысында сұрақ қоюшы респондентпен әңгімелеседі, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді;

    • Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық барма деген сауалдарға жауап алынады.


Психика дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.

1. Психиканың даму сатылары.

2. Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері.

Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Ал психиканың ең жоғары формасы – адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады.

Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әралуан нәрселерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді.Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым, пікір, ой қорытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болып туындауы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына қаншылықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетінін нақты іс-әрекетімен дәлелдейді.

Ұзақ дәуірлергек созылған эволюциялық даму нәтижесінде жер бетінде тіршілшк пайда болды.Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс – психиканы тудырады.

Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік шындықтың өзара шартты байланыста екенін көрсетеді.

Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі – тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипат, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады.

Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мән-мазмұнының субъективтік түрде бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу әр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті.

Барлық материяға – жансыз заттардан бастап ең жоғарғы дәрежеде дамыған күрделі материя – адам мсиына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі – материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Материяға тән жалпы қасиет – биологиялық бейнелеу формасы. Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады. Организмнің мсұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.

Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті – тітіркенгіштік. Тітіркену – тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотктік қасиет. Мұндай қасиет өте қарапайым бір клеткалы тірі организмдерде болады.

Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа бір түрі – сезімталдық- тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық белгі қызметін атқарады. Тірі организмдердің эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында олардың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тітіркенуі мен бейімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Әрбір мүше өз алдына арнайы қызмет атқаратын дәрежеге жетеді.

Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілік әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға көтерілген сайын олардың өмір-тіршілігінің ең жоғары басқышы – интеллектік міңез пайда болады.

Жануарлардың интеллектті міңезі – олардың заттар арасында байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездестірмеген жаңа міндеттерді шеше бастауы. Интелліктік міңез – жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әр қилы әрекет-қылық көрсетуі. Ал адам баласы өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейінделіп қана қоймай, оны жоспар түрде өзгертеді.

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол – ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет