Реферат №9 семинар тақырыбы: Қазақ қоғамына сапалы



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі138,09 Kb.
#123190
түріРеферат
Байланысты:
Документ 21
Коррекция СӨЖ Есен Айнара, Сестринское дело (алгоримты каз), қазақ тілі 9-12


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 
№9 СЕМИНАР
Тақырыбы:
 
Қазақ қоғамына сапалы 
өзгерістер алып келген әлеуметтік 
реформалар мен оның нәтижелері 
 
 
Дайындаған:Шалқарбай Жасмин Ерболқызы
 
Тексерген:Қалыбаева Айнұр Жақыпқызы 
 


Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
1.ҚР –дағы әлеуметтік реформалар және кедейшілікті 
еңсеру, халықты жұмыспен қамту, студенттерді қолдау 
жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар
.
Тәуелсіз 
Қазақстанның 
алдына 
қойған 
басты 
мақсаттарының бірі - адамдардың жақсы жәйлі тұрмысын 
іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда 
әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, 
жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, 
зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру өркениетті 
елдер қатарынан орын алудың басты кепілі болып 
табылады. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: ұлттық 
байлықты тұрақты ұлғайту, халықтың тұрмыс-тіршілігі 
жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен 
арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, 
яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы 
деңгейіндегі айырмашылықты жою. Алайда, қоғамдық 
қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға 
көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы 
төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының құлдырауымен 
байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл 
жылдары 
тиісінші 
дәрежеде 
өспей, 
тауарларды 
ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. 
Халықты жұмыспен қамту проблемасы да өткір сипат 
алды. 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық 
кең көлемде қанат жайды. Әсіресе, ауылдық жерлерде 
кеңшарлардың 
жекешелендіруіне 
байланысты 
жұмыссыздық қанат жайды. Жастар жұмыс іздеп қалаға 
ағылды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не 


баспана, не тұрақты жұмыс орны пен табыс жоқ, сенделіп 
жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық-қарлықпен 
шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер 
қатарын толтырды. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан алдында 
тиімді әлеуметтік саясат пен қоғамның барлық саласында 
кешенді реформалар жүргізу міндеттері тұрды. Бұл 
реформалар халықтың әл-ауқатын күшейтуге бағытталуы 
тиіс болды.Халықаралық тәжірибені зерделеу халықты 
әлеуметтік қорғаудыңнеғұрлым тиімді және кешенді 
жүйесінің төмендегідей басты элементтерден
тұратындығын көрсетеді: 
мемлекеттік жәрдемақы; 
міндетті әлеуметтік сақтандыру; 
жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету; 
әлеуметтік көмек. 
Республикада 90 жылдары осы бағытта біршама шаралар 
жүзегеасырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен 
қоғамдық қорлар қалыптасты.Олардың қатарында 
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мемлекеттік қоры 
(1991 ж.); Зейнетақы қоры (1991 ж.), Мемлекеттік 
әлеуметтік сақтандыру қоры (1992 ж.), «Бөбек» қоғамдық 
қоры (1992 ж.), т.б.бар. Мұның сыртында бірқатар 
нормативті-құқықтық актілер қабылданды.
Дегенмен бұл 
құрылымдар мен заң актілері елдегі әлеуметтік- 
экономикалық, құқықтық, демографиялық жағдайды 
түзей алмады. КСРО заңдары мен ҚазКСР Жоғарғы 
Кеңесі қабылдаған заңдар аясында өмірге келген бұл 
құқықтық нормалар арасында үлкен алшақтық байқалды. 


Қаржылық-экономикалық дағдарыс тұрғындардың өмір 
сүру деңгейін күрт нашарлатты. Осы жылдардағы ұлттық 
армия құру, шекараны бекіту,
кедендік бақылау орнату, 
елдің дипломатиялық корпусын құру сияқты кезек 
күттірмес мәселелерді шешу, оны қаржыландыру 
әлеуметтік саланы қаржыландыруды қысқартуға 
мәжбүрледі. Республикада жұмыссыздар саны күрт өсті. 
Олардың 40%-ы ауыл тұрғындарының үлесінде болды. 
Осы жылдары жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі 
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан 
облыстарында көрініс тапты. 
Қазақстандықтардың жалақысын арттыру шаралары. 
Республикада тәуелсіздік жылдары халықтың әл-ауқатын 
жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің 
жалақысын арттыруға назар аударуға баса көңіл бөлген. 
Экономиканың қарқынды өрлуі әлеуметтік міндеттердің 
үлкен кешенін шешуге жол ашты. Тек 2002 жылы орташа 
айлық 54 пайызға, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 
мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы 
мөлшері 5 мың теңгені құрады. Бұл жылдары үкімет, 
әсіресе, бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің 
жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек 
мұғалімдердің жалақысы 35 пайыздан астам көбейтілді. 
Бұл мұғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 
2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін ұлғайтуға 
мүмкіндік берді. Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік 
міндеттемелерін орындауға айрықша көңіл бөлетін 
болды. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, 
мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған және басқа 
да санаттағы тұрғындарды әлеуметтік жағынан 


қамтамасыз ету ісіне де арнайы бақылау орнатты. 
Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық 
тұрғындардың 23,6%) адамнан асты. 2004 жылы 1999 
жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету 
шығындары 1,5 есе көбейді. Бұл қазақстандықтардың 
кірісін айтарлықтай арттырды, 
Денсаулық сақтау ісін жетілдіру шаралары. Халықтың 
денсаулығын сақтау және оның сапасын жетілдіру 
мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл - 
Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының 
аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелерді 
жөндеу және жаңа құрылысқа жетік қаржы бөлінді. 
Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан бой 
көтерген. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке 
Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау және Фармация комитеті 
құрылды. Жалпы, 2000-2002 жылдары денсаулық сақтау 
саласын республикалық бюджеттен қаржыландыру 
көрсеткіші екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен - 50 
пайызға дерлік ұлғайған. Ал 2007 жылы ғана республика 
бойынша қосымша мемлекет тарапынан ондаған 
денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне айналды. 1997-2007 
жылдары аралығында мемлекеттің денсаулық сақтау 
саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард 
теңгені құрады. Тәуелсіздікке қол жеткен жылдан бері 
денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта 
жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы 
жұмсалған. Осымен қатар алғашқы көмек көрсету 
буынын құрал-жабдықтармен және замануи медициналық 
жабдық құралдармен жарақтандыру 3 есеге жуық өскен. 


Егер 1997 жылы 1200-ге жуық ауылдық елді мекен 
медициналық қамтамасыз етусіз қалса, он жылдан соң 
ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен толық 
қамтылған. Тұрғындарға тегін медициналық қызмет 
көрсетуді қаржыландыру мәселесі де қолға алынып 
кепілдендіруге жол ашылған және 2003 жылдан бастап 
өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бөлген қаржы 
көлемі 3 есеге артқан. Тәуелсіздік алған жылдары 
денсаулық сақтауды реформалау мен одан әрі дамытудың 
аса маңызды құралы, яғни Мемлекеттік бағдарламасы 
табысты жүргізілуде деуге толық негіз бар 
2005 жылғы 18 ақпандағы Президенттің Қазақстан 
халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей: бүкіл 
дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта 
Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына енді. 
Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін 
салыстыратын болсақ, 1995-2005 жж. 
қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта 
айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 
25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; 
жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің 
жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе 
өскенін көреміз. Экономиканың қарқынды өсуі 
мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын 
едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі осы 
жылдары қолға батыл алынған модернизациялау 
саясатының айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін 
айғақтайды 
Сөйтіп, 2000-2014 жылдары аралығында Қазақстанда 
Кеңестік дәуірдің 70-90 жылдары орын алған көптеген 


қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан 
экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде 
біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға 
қолы жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы 
ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің 
әлеуметтікэкономикалық дамуы жағынан алдыңғы 
қатардан орын алды. Қазақстан әлемнің ең серпінді 
дамып келе жатқан елдерінің қатарына енді. Еліміз 
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің 
қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай 
ілгері жылжыды. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік 
жылдарында экономикалық, әлеуметтік қуатты 
реформаларды жедел де тиімді іске асырып, әлеуметтік-
экономикалық дамуында посткеңестік мемлекеттер 
арасында көшбасшы болып қала берді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет