Ұлттық электр торабына қосылған энергия өндіруші ұйымдарға Ұлттық электр торабына қол жеткізу Жүйелік оператормен жасалған келесі шарттар болған жағдайда беріледі
Ұлттық электр торабына қосылған энергия өндіруші ұйымдарға Ұлттық электр торабына қол жеткізу Жүйелік оператормен жасалған келесі шарттар болған жағдайда беріледі:
Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтер көрсетуге;
Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге.
ӨЭК электр желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымдарға энергия өндіруші ұйымның Жүйелік оператормен Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша соңғы қызметтер көрсетуге арналған шарты болған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі.
Электр энергиясының орталықсыздандырылған нарығындағы тұтынушылар Азаматтық кодекске сәйкес баға, көлем және жеткізу шарттары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.
Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығына мына талаптар орындалған жағдайда қатысады:
ұлттық және (немесе) өңірлік электр тораптарына қолжетімділік болса;
электр энергиясының көтерме сауда нарығында кем дегенде 1 МВт көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуатты сатып алса және олардың Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен біріздендірілуін қамтамасыз ететін коммерциялық еспке алудың автоматтандырылған жүйелері, телекоммуникация жүйелері болса.
Ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясының тұтынушыларына Жүйелік оператормен мына шарттары болған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі:
Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге;
импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтер көрсетуге (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған жағдайда);
Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге.
Өңірлік электржелілік компаниялардың электр желілеріне қосылған электр энергиясын тұтынушыларға мына талаптарды орындаған жағдайда