Реферат қазақстан электр энергетикасының қазіргі жағдайы Тексерген: Нурпейсова а. М


Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторлардан тұрады



бет4/8
Дата23.01.2023
өлшемі198,11 Kb.
#166131
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат
ПЖ-5. ГВК, Межелік бақылау Данелқан А., Семинар-13. Данелқан А. НИК, Данелқан А.А. ЭПиС география мира, семинарские занятие ДОТ (1)
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторлардан тұрады:

Электр энергиясын өндіру секторы
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 190 электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2022 жылғы жай-күй бойынша Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 23957,3 МВт, иелік қуаты 19004,0 МВт-ты құрайды.
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатуды қамтамасыз етуші ірі жылу электр станциялары жатады:
Б.Г.Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
ERG «ЕЭК» АҚ, «Евразийская группа» ЭС;
«Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС;
«Т.И. Батұров атындағы «Жамбыл ГРЭС-і» АҚ;
Сонымен қатар қосымша ретінде және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін қолданылатын жоғары қуатты гидравликалық электр станциялары:
«Қазцинк» ЖШС Бұқтырма ГЭК;
«AЭС Өскемен ГЭС» ЖШС;
«AЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС.
Өндірістік маңыздылығы бар электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және жақын жерлердегі елді мекендерді электр-жылумен жабдықтауға арналған электр және жылу энергиясын аралас өндіруші ЖЭО-лар жатады:
«Караганда Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-3;
«Арселор Миттал Темиртау» АҚ ЖЭО БАС, ЖЭО-2;
ERG «ССТБӨБ» АҚ ЖЭО, «Евразийская группа»;
«Kazakhmys energy» ЖШС Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО;
ERG «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО-1, «Евразийская группа» және басқалары.
Өңірлік маңызы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік компаниялар және энергия жеткізуші ұйымдар арқылы электр энергиясын сатушы, сонымен қатар жақын арадағы қалаларды жылумен жабдықтаушы аумақтармен біріктірілген ЖЭО.
Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар және электр энергиясын жеткізу және (немесе) таратуға арналған, оларды қосушы 0,4-1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде жүйе құраушы желінің рөлін республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелері арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын беруін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын шағын станциялары, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері және электр беру желілері «KEGOC» АҚ балансына жатады.
Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішіндегі электр байланыстарын, сонымен қатар бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады.
Энергия жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттардың негізінде жеке немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.
Электрмен жабдықтау секторы
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алатын және оны соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады. ЭЖҰ бөлігі электр энергиясының «кепілді жабдықтаушыларының» функцияларын орындайды.
Электр энергиясы нарығы
Электр энергиясының нарығы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығына бөлінеді, ал жылу энергиясының нарығы тек бөлшек сауда нарығында ұсынылған.
Электр желілеріне иелік ететін Жүйелік оператор, ӨЭК және басқа ұйымдар табиғи монополия саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте барлық қатысушылардың электр энергиясы нарығына еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Электр немесе жылу энергиясы нарығында өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындайтын қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет