Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге Жүйелік оператормен жасалған шартының болуы;
импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтер көрсетуге (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған жағдайда) Жүйелік оператормен жасалған шартының болуы;
өңірлік электр торабына қолжетімділіктің болуы.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мына шарттарды орындаған жағдайда Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асырады:
энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергияны сатып алу құқығына лицензиясының болуы;
ұлттық және (немесе) өңірлік электр торабына қолжетімділіктің болуы;
электр энергиясының көтерме сауда нарығында кем дегенде 1 МВт көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуатты жеткізу/тұтыну және олардың Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен біріздендірілуін қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, телекоммуникация жүйелері болса.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мына шарттарды орындаған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі:
Жүйелік оператормен, электр энергиясын тұтынушыларын көрсете отырып, ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясының берілісі жөніндегі қызметтерін көрсетуге және (немесе), электр энергиясының тұтынушыларын көрсете отырып, импортталатын электр энергиясының (электр энергиясын импорттауды жүзеге асырған немесе осындай қызметтерді сатып алу жағдайында) техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтер көрсетуге шарттардың болуы;
Жүйелік оператормен, электр энергиясын тұтынушыларын және/немесе энергия өндіруші ұйымдарын көрсете отырып, Қазақстанның біртұтас электрэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін көрсетуге шарттардың болуы;
егер электрмен жабдықтаушы ұйымдарында өңірлік электр тораптарына қосылған субъектілері болған жағдайда, өңірлік электр тораптарына қолжетімділіктің болуы.
Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылармен электр жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын электрмен жабдықтау шарттарының негізінде жүзеге асырылады.