I.Жоғарғы жүйке әрекеті
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана,ойлау, ұйқы, түс көру, гипноз және сол сияқты ми сыңарларының негізгі қызметі болыпсаналады.
Адам мінез-құлқа мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппоктар секліді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) «Интеграциялаушы» деп аталатын қызметтері сенсорлық сигналдарды тікелей өңдеумен немесе қозғалу және вегетативтік орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күй циклі, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сияқты құбылыстардың негізін құрайды. Аталған қызметтер негізінен алдынғы (ақырғы) мидың екі ірі бөлігінде – лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортексте) шоғырланған деп есептеледі. Бұлардағы жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, табиғатын түсіндіруге жасалған көптеген ғылыми талаптардың бір парасы шартты рефлекстер туралы іліммен («жоғары нерв әрекетінің физиологияс» деген атпен кеңестік физиологиялық мектепте кең қолдауға ие болған) тығыз байланысты.
Декарттан Павловқа дейін рефлексті, рецепторларды тітіркендіруден туатын реакция деп түсінгенмен, Сеченовқа дейінгі физиологтардың бәрі дерлік оны тек орталық нерв жүйесінің төменгі бқлімдерімен ғана байланысты деп есептеді.
Павловқа дейінгі көптеген физиологтар психиканың өзін де мидың әрекет ету нәтижесі деп ойлағанымен, бұл әрекетті физиологиялық тәсілдермен түсінуге болмайды деп түсінеді. Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов болды. Ол 1863 ж. шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегі мен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттің барлық көріністерінің негізінде рефлекс жататындығын дәлелдеді. Сеченов орталық нерв жүйесіндегі тежелу құбылысын ашу арқылы мидың рефлекторлық реакцияларының күшейіп және әлсіреп отыратын кезеңдерінің болатынын көрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екенін мойындаудың нәтижесінде кез келген әрекеттің бірінші себебі сыртта жатады және бірдей ішкі, сыртқы жағдайлар кезінде адам әрекеті де әр уақытта бір түрлі болу керек деген қорытынды шығарды. Басқаша сөзбен айтқанда, ол саналы тіршілік етудің барлық актыларының детерминдігін мойындайды. Мидың физиологиясын жасау міндетін орындап шыққан И.П. Павлов болды.
Чернышевскийдің, Добралюбовтың, Писаревтің, т.б. ағартушы-демократтардың алдыңғы қатарлы идеяларымен тәрбиеленген Сеченовтың «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінің сөзсіз ықпалында болған Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмін зерттеуге тырысты. Ол тұтас, дені сау зақымданбағанорганизмнің сілекей бездерінің қызметін ұзақ уақыт зерттеуге мүмкіндік беретін фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін және сыртқы ортаның әсерін ескеруге толық мүмкіндік бар. Сыртқы орта жағдайлары тұрақты болғанда сілекей бездерінің жұмыстары да стеоротипті; сонымен қатар ол тітіркендіргіштің күші мен сипатына да байланысты болады және орта әсерінен оңай өзгереді. Бұрын дәмі белгілі тамақтың түрі мен иісі емес, басқа, онымен бір байланысы бар тітіркендіргіштер де, мысалы малды бағып асырайтын қызметшінің көрінуі де сілекейдің рефлекторлық бөлінуін тудырады. Сондай-ақ егер итті тамақтандыру үнемі бір түтіктің дыбыс шығаруымен қабаттастырылып отырса, ол тамақтың сигналына (шартты тітіркендіргішке) айналып, рефлекс тудырады. Осындай құбылыстарды ұзақ уақыт бақылау арқылы Павлов оларды ми сыңарлары (жарты шарлар) қыртысының физиологиялық жұмысының нәтижесі (шартты рефлекстер) деп қарап, жоғары нерв әрекетін эксперименттік зерттеудің объективтік әдісін тапты. Павловтың негізгі сүйенген қағидасы – жоғары нерв әрекетінің рефлекторлық сипатын мойындау болды. Павлов жоғары нерв әрекетінің негізгі заңдылықтарын сілекей бездерінің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылап-зерттеп, талдаудан шығарды. Себебе, оның айтуынша, сілекей бездері шартты рефлексті зерттеудің өте ыңғайлы объектісі (нысаны).Бездің өзегін сыртқа шығару арқылы оның қызметінің сипатын және дәрежесін көзбен көріп, тіркеп отыруға болады. Сондай-ақ мұнымен қатар организмнің қалыпты тіршілік әрекеті бұзылмайды. Сілекей ауызға басқа бездер арқылы құйыла береді.
Шартты рефлекстер әдісі тек сілекей бөлінуді зерттеумен ғана байланысты емес. Павловтың және оның көптеген шәкірттерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде шартты рефлекстің кез келген шартсыз рефлекстік реакциясының негізінде де жасалатыны көрсетілді. Мысалы, түтіктің дыбысын электр тогының аяқ терісіне өтетін әсетімен қабаттастыра, ол ауыртатын тітіркендірудің сигналы (шартты тітіркендіргіш) бола алады. Түрліше шартсыз рефлекстер негізінде шартты рефлекс жасаған соң, осы байқалып отырған құбылыстарды жануарлар психикасын, оның ішкі көңіл-сезімін, талдау арқылы түсінуге бола ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Павлов теріс жауап береді. Ол жануарлардың жоғары нерв әрекетін зерттеу үшін объективтік әдісті пайдаланды. Павловтың шартты рефллекстер туралы ілімінің тек физиология үшін емес, сонымен қатар бүкіл ғылым үшін, оның ішінде философия, психология, педагогика үшін де маңызы бар. Себебі, ол сана сияқты продуктысы бар өте жоғары, ерекше ұйымдасқан материяда болып жатқан процестердің механизмін анықтап, түсіндіреді. Уақытпен шыңдалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шыңдалып отыр. Жаңа зерттеулер әдістері пайда болысымен – ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмідері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |