Реферат Физиология пәні Тақырыбы «Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу»



бет6/7
Дата07.10.2024
өлшемі49,79 Kb.
#205731
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
физиология 4

Балалардың жоғары жүйке әрекеті
Бір жасқа дейінгі балалардың жоғары жүйке әрекеті
Мұның қалыптасуы үлкен жарты шарлар қыртысының морфофункционалдық дамуымен тікелей байланысты. Күрделі мінез-құлық формаларының құрылыстық негізі қыртыстық ассоциативті аймақтары, ал бұлар қыртыстың маңдай және төбенің төменгі облыстарында орналасқан. Мұнымен қатар балаларда адамға тән сөздік әрекеттерді қамтамасыз ететін қыртыстық арнайы құрылыс дамиды.
Емізулі балалардың жоғары жүйке әрекетін тексеру үшін кереует төсенішінің астына оның қозғалыс әрекетін жазып алатын прибор орналастырады. Бақылаушыдан және бөгде тітіркендіргіштерден нәрестені бөлек жатқызудың мәні өте зор, себебі 3-4 айлық балалар кез келген жаңа тітіркендіргіштің әрбіріне жоғары сергектікпен жауап береді.Бұл жастағы балаларда шартты рефлекс тамақтың немесе қорғаныштық шартсыз тітіркендіргіштер негізінде пайда болады, мұның өзінде орта күші бар тітіркендіргіштер қолданылады.
Туғанына 6-8 тәулік болған нәрестелердің өзінде кезекті тамақтандырулардың алдындағы 30 минутта қан құрамындағы лейкоциттердің саны артады. 8-ші лейкоцитоз тамақтандыруға 15 мин қалғанда байқалады. Бұл рефлекстердің уақытқа сай табиғи шартты рефлекстер деп атайды. 2 айлық балада тамақтандыру кезіндегі дене қалпына сай рефлекс түзіледі. Бқл жағдайда шартты рефлекс түзілгендігінің сыртқы көріністеріне бала басының іздеу қимылдарын жасауы, тамсану, еріннің ему қимылдары, баланың тынышталу реакциялары, т.б. жатады. Бұл рефлекс 9-шы тәуліктегі балалардың аз ғана бөлігінде, 10-шы тәуліктегілердің 26%, 11-ші тәуліктегілердің 66%-ында байқалған. Өте тынымсыз балаларда бұл рефлекс 2-5 тәуліктерде ақ пайда болады. Бұл рефлекстің сигналы проприо, тері және вестибулярлық рецепторлардың тітіркенулері, ал бектіушісі тамақ. Табиғи шартты рефлекстердің ерте пайда болатындығын дәлелдейтін бұл мәліметтер бала тәрбиесін оның алғашқы күндерінен бастап жүргізу қажеттігін көрсетеді.
Нәрестелерде шартты рефлекстердің түзілуі бірнеше стадиядан тұрады:

  1. Арнайы емес реакциялар стадиясы. Бұл стадияға тән сипат тітіркендіргіштердің өзгерісіне селк ету немесе тыныштала қалу түрінде көрінетін бағдарлау реакцияларының орындалуы.

  2. Тежелу стадиясы.Бұл бала әрекетінің тоқтауы немесе азаюы түрінде көрінеді.

  3. Шартты рефлекстердің тұрақсыз сталиясы.Бұл барлық уақытта пайда бола бермейді.

  4. Тұрақты шартты рефлекс. Бұл стадияда тітіркендіргіштің әрбір әрекетіне шартты рефлекс тұрақты түрде алынады.


Мектепке дейінгі балалардың жоғары жүйке әрекеті
Мектепке дейінгі балаларда бағдарлау реакциясы айқын. Егер 2 жастағы балалар затты қолмен ұстап, оны айналдырып қараса, мектепке дейінгі балалар ол затты ұстап, көзбен көріп қызыға қараумен қатар, оның сөздік мағынасына байланысты бұрын қалыптасқан шартты рефлекстерді және сөздерді пайдаланады.
Мектепке дейінгі балаларда шартты рефлекс тез қалыптасады. Оларда алғашқы шартты рефлекс 2-4 ұштастырудан соң пайда боладыг 15-17 соң ол рефлекс тұрақты түрге көшеді. Аталынған жастағы балаларды қозу процесі тежелуден басым. Бірақ бұлардың зейін қоюы мен ойлауы 15 минуттан аспайды.
Шартсыз тежелу де мектепке дейінгі балаларда тез дамиды. Міне, осыған байланысты бұл балаларда шартты рефлекс жасау процесінде шартты реакциялардың шамасы күрт төмендейтіндігі түсіндіріледі. Аталынған жастағы балаларда шектен тыс тежелу де айқын жүреді. Мысалы, шартты рефлекс жасау барысында кез келген бөтен бір тітіркендіргішті қосса, балада бағдарлау реакциясы айқын жүреді. Нәтижесінде шартты рефлекс нақты тоқтайды немесе мөлшері азаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет