М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университеті
Жаратылыстану-география факультеті
Химия кафедрасы
Реферат
Химия кабинеті
Топ: Х-англ/3
Дайындаған: Маумен Р
Тексерген:Курмашева Н.Н
Орал, 2019
Жоспар
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................................4
1.1 Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер...........................4
1.2 Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері....................................4
1.3 Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу................................................................4
1.4 Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер...............5
1.5 Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері...........................5
2. Химия кабинетінде өрт сөндірудің үлгі жоспары ...............................................6
2.1 Медикаменттер тізбесі......................................................................................7
2.2 Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар...................8
2.3 Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар...................8
2.4 Барлық химиялық заттар үшін сипаттамалар.................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................10
КІРІСПЕ
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия -эксперименттік ғылым. Сондықтан, мектеп қабырғасынан оқушыны техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжіриебелер жасауға үйрету, зертханалық құрал-жабдықтарды қолдана білу икемділігін қалыптастыру – жалпы білім беретін орта мектептерде химияны оқыту үрдісінде оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі болып табылады. Осы талаптарды жүзеге асыруда химия сабақтарында сарамандық және зертханалық жұмыстарды әр оқушы өзі жеке орындап, мәнін түсіндіре алатын деңгейде жүйелі әрі тиімді етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, білімді жүйелі де түсінікті жолмен берудің негізі оқу-тәрбие үрдісін технологияландыруда жатыр. Осы бағытта химия сабақтарында оқушылар сарамандық жұмыс пен зертханалық тәжірибе жасау үшін ең бірінші қауіпсіздік ережелерін, оны қалай қолдану керек екенін білу болып табылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер
1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.
2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.
3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.
4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.
5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.
6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.
8. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .
9. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.
1.2 Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері
1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.
2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.
3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.
4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.
5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!
6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.
7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.
8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.
1.3 Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу
1. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электроқыздырғышты өшіріп қою керек.
2. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.
3. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіш заттар: құм, от алмайтын маталар.
1.4 Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер
1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафы астында жүргізіледі.
3. Жұмыс басталарда тартпа шкафын іске қос.
3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын істен алуды ұмытпа.
1.5 Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері
1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жаңарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.
2. Газ жанғанда жалының шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жаңарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.
3. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.
4. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы мұғалімге хабарлау керек.
2. Химия кабинетінде өрт сөндірудің үлгі жоспары
р/с
|
Жүргізілетін іс-әрекет атауы
|
Іс-әрекет тәртібінің жүйелігі
|
Орындаушының қызметі,
аты-жөні
|
1
|
Өрт шыққандығы туралы хабар
|
Өрт сөндіру тобы 01 шақыру, мектеп әкімшілігіне хабар беру, электр желдеткішті ағыту, өрт сөндіретін құралдарды даярлау.
|
Мұғалім, лобарант
|
2
|
Жаңа өрт басталған бөлмеден оқушыларды эвакуациялау
|
Балаларды шошытпай, эвакуация жоспарына сай оқушыларды көшеге шығару.
|
Мұғалім, лаборант
|
3
|
Эвакуацияланған оқушыларды тексеру.
|
Сыныптағы оқушы санын тексеру.
|
Мұғалім, лаборант
|
4
|
Оқушыларды орналастыру
|
Қысқы және жазғы орындар көрсетіледі.
|
Мектеп әкімшілігі
|
5
|
Өртті бастапқы құралмен өшіру.
|
Өрт сөндіру
|
Жас өртшілер тобы
|
6
|
Өрт тобының келісімімен өрт сөндіруге қатысу
|
Өрт сөндірушілерге адамдар бар кабинетті мен химия кабинетін көрсету.
|
Әкімшілік топтар
|
2.1 Медикаменттер тізбесі
р/с
|
Дәрінің атауы
|
Пайдалану себебі
|
Пайдаланатын мөлшері
|
1
|
Активтелген көмір карболен
|
Улы затпен уланғанда
|
10 ас қасық суға езілген 4-5 таблетка ішкізу
|
2
|
Аммиактың 10 % ерітіндісі
|
Естен танғанда
|
Мұрынға апарып иіскетеді.
|
3
|
Альбуцид
(Na2S О4) 30%
|
Көзге әсер еткенде
|
Көзді жуғаннан кейін 2-3 мл тамызады
|
4
|
Этил спирт (С2 Н5 ОН)
|
Тері күйгенде
|
30-50 мл күйген жерді өңдейді.
|
5
|
NaHCO3 2% ерітіндісі
|
Қышқыл теріні зақымданғанда
|
200-250 мл қышқыл тиген жерді тазартады.
|
6
|
Бор қышқылының 2% ерітіндісі
|
Денеге сілті тигенде
|
Сілті тамған жерді тазартады.
|
7
|
Пипетка
|
Көз ауырғанда
|
3 дана
|
8
|
Мақта, бинт
|
Орауға
|
1 дана
|
9
|
Таңғыш
|
Таңуға
|
1 дана
|
2.2 Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар
1. Химия кабинеті мектептің жоғарғы қабатына орналастыру керек. Терезе онтүстік- батыс жаққа қарайды.
2. Кабинеттің ауданы 66 м2 , лаборант бөлмесі 15 м2, биіктігі 3,3м2 болуы керек.
3. Лаборант бөлмесі сыныптың тақта жағынан есік арқылы орналасуы керек .
5. Химия кабинеті мен лаборант бөлмесі жарық, жылы болуы керек.
6. Зертханалық үстелдің биіктігі 750-800мм, ені 550мм, ұзындығы екі орындықтың 1600мм, үш орындықтың 2400мм.
7. Лабораториялық үстелдің демонстрациялық үстелдің арақашықтығы 800 мм.
9. Ең ақырғы отыратын оқушының партасы тақтадан 10 м қашықта орналасуы керек.
10. Кабинетте ыстық және суық су тартылған раковина болуы керек.
2.3 Кабинет жарықтығы.
Кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілмесе, әр түрлі оқиғалардың негізгі себебінің бірі болады. Cондықтан кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілуі керек.
Берілетін жарық мына стандартқа сәйкес болу керек:
СИИП ІІ –А-8-72 коэффиценті І 2%.
2.4 Барлық химиялық заттар үшін сипаттамалар
1. Ерекше белгі графа 2, егер мұнда «Х» белгісі тұрса, типтік тізбеде қаралған формалар , затты мұғалім ғана қолданады. Егер бұл графада «ХХ» белгісі тұрса, бұл зат аз дозада болғанмен физиологиялық аса секемшіл, өртену қаупі бар зат. Зат әуелгі қалпында оқушыларға берілмейді.
Егер, ерекше белгісі қойылмаса зат қауіпсіздігі жоқ, шектелмей қолдана беріледі.
2. 3 графа –заттарды сақтау топтары:
«1» - жарылғыш заттар
«2» - суға тисе атылғыш заттар
«3» - дұрыс сақталмаса ауада өзінен-өзі жанады
«4» - оңай оталғыш сұйық заттар
«5» - оңай оталғыш қатты заттар
«6» - оталғыш реактивтер
«7» - физиологиялық секемшіл заттар
«8» - қауіптілігі шамалы қауіпсіз заттар
ҚОРЫТЫНДЫ
Химия кабинеті мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін және оның нәтижелерін қорытындылайтын орын. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі өтуі, химия кабинетінің материалдық-техникалық базасына, оқу жабдықтарына тікелей байланысты.
Кабинеттік жүйе мұғалімнің өз пәнінен әдістемелік шеберлігін арттырады. Мұғалім химия кабинетін жабдықтау мен техникалық және басқа да құралдармен дұрыс жұмыс істеуді меңгеруге және оқушылардың өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру үшін, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, газет-журналдарды үзбей оқуына тура келеді.
Оқыту процесінде алуан түрлі құралдармен оқушылардың жеке дара немесе топталып, өз бетімен іздене оқуына жағдай жасалады. Зертханалық және сарамандық жұмыстардың бағдарламасын нақтылы орындауға мүмкіндік туады. Сыныптан тыс арнаулы сабақтар өтіледі. Оқушының білімін орынды да мезгілді бағалауға мүмкіншілік туады.
Химия кабинеті негізінен үш түрлі талаптарға сай болуы керек: әдістемелік, еңбек гигиенасын қорғау және техникалық талаптар. Бұл талаптар оқу-тәрбие процесінің мақсаттарына
негізделген. Әдістемелік талап – білім беру, тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді, сондай-ақ химиялық материалдарға және дидактика талаптарына, оқыту теориясы мен психология ғылымының жетістіктеріне сай болады. Әдістемелік талаптарға сәйкес химия кабинетіндегі жұмыстар бірнеше бөлімдерге бөлінеді: химиялық тәжірибелерді көрнекі көрсету; оқушылар эксперименті; оқушылар білімін бақылау және дамыту; әдістемелік шеберлікті жүйелеу. Әрбір бөлім кабинеттің материалдық бөлігі болып саналады. Алғашқы екі бөлім химияның өзіндік ерешелігіне сәйкес болса, соңғы бөлімнің әдістемелік жағынан басқа пәндерге ұқсастығы бар.
Еңбекті қорғау техникалық қауіпсіздік, тазалық-гигиеналық нормалар мен ережелерді қамтиды. Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап, денесінің дұрыс қалыптасуы, мүсіні мен көзі бұзылмауы үшін кабинет жиһазының гигиеналық талапқа сай болуы шарт.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Химия кабинеті мен химия өндірісіндегі еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігін сақтау» - А. Каримов, Алматы,2004
2.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асыру
үшін мектеп кабинеттерін жабдықтаудың минималды нормалары. Әдістемелік
құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. –
52 б.
Достарыңызбен бөлісу: |