Жарық шығаратын дененің энергиясы квант соңынан квант түрінде
өзгереді.
Кванттық түсінікті, ядроны айналып жүрген электрондарға қолданып, Бор
үш негізгі постулатты құрастырды;
1)
электрон белгілі орбита бойынша энергия жұмсамай айналады;
2)
ядроға тақау орналасқан орбита неғұрлым қалыпты атом күйіне сәйкес;
3)
атом энергияны сіңіреді және
шығарады, егер электрон бір орбитадан
екінші орбитаға ауысса.
Электрон және басқа элементар бөлшектердің (протондар, нейтрондар)
атомдағы жағдайы кванттық механикаға негізделген:олардың екі жақты
қасиеті бар, яғни
микробөлшектердің толқындық, ал толқындардың
бөлшектік қасиеттері болады.
Атомның негізгі сипаттамасы, оның заряды және массалық мөлшері. Ядро
заряды Д.И.Менделеевтің периодтық жүйедегі химиялық элементтің
реттік
нөміріне тең болатын протондар санымен анықталады. Мысалы, магнийдің
реттік нөмірі 12-ге тең, онда ядродағы протондар саны да 12, оның ядро
заряды +12-ге тең. Атомның массалық салмағы ядродағы протондар
санына
тең болғандықтан магний атомының массалық салмағы 12+12=24тең, Mg ) )
), (+12). Электрон болуының ықтималдылығы мол ядро маңындағы кеңістікті
орбиталь деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: