Реферат Химияның негізгі заңдары мен түсініктері


Химияның стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата23.02.2023
өлшемі214,7 Kb.
#169951
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20221017-WA0085.

Химияның стехиометриялық заңдары 
Стехиометрия
- заттардың арасындағы массалық және көлемдік 
қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі. 
«Стехиометриялық мөлшер»
деген ұғым химиялық реакцияның 
теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. 
«Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында 
жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың 
түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. 
Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар 
массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер 
заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады. 
Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом – 
молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім 
стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді. 
Заттар массасының сақталу заңы. 
(1748 г, М.В. Ломоносов): 
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген 
заттардың массасына тең болады. 
Құрам тұрақтылық заңы. 
(1808 г., Ж. Пруст): 
Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық 
құрамы тұрақты болады. 
Еселік қатынас заңы. 
(1803 г., Дж. Дальтон): 
Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа 
элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің 
массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай 
болады. 
Эквиваленттер заңы. 
(1793 г., В.Рихтер): 
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі. 
Көлемдік қатынас заңы. 
(1805 г., Ж. Гей-Люссак): 


Реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде 
түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар 
қатынасындай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет