Бір ойыншыға арналған жаттығу. Жүгіру бағытын өзгерте отырып ойыншы допты аяқтың сыртқы жағымен, аяқтың ішкі жағымен, аяқ үстімен, бір шетке допты алып кету, 1800-қа бұрылуға, допты тоқтатумен, допты домалатып артқа беру, түзу бойымен, шеңбер бойымен, “жылан” тәрізді алып жүру. (186-сурет).
Ж оғары жылдамдықта ойыншы допты бүкіл алаң ұзындығымен алып барып, кейін қарай демала жай қайтады. Жаттығу демалыссыз бірнеше рет қайталанады. (187-сурет).
Ойыншы допты 10 метр алдына тебеді де, артынан жылдам жүгіреді, қайта теуіп қайта жүгіреді. Жаттығу 2-5 рет бүкіл алаң ұзындығында қайталанады. (188-сурет).
Ойыншы допты алға-артқа 10 метр қашықтыққа алып жүреді. Допты бағыттаған соң ойыншы доп соңынан қуып оза бере қайта артқа тебеді, допты қайта қуып озып барып қайта артқа тебеді. (189-сурет).
Т абанның ішкі жағымен ойыншы допты көлденең оңға бағыттайды, сосын солға бағыттайды, допқа жүгіреді, қуып жетіп тоқтатпастан ойыншы көлденең сол аяқтың ішкі жағымен оңға теуіп, жүгіреді. Бұл жаттығуда доп бүкіл алаң бойында ирек қимылмен қозғалады. (190-сурет). Бұл жаттығулар жақтау сызық бойында орындауға болады, тек доп сызықтан асып кетпеу керек. Ол үшін ойыншы тебу күшін сызыққа қарай доп тепкенде дұрыс есептеу қажет немесе өте жылдам жүгіру керек.
Ойыншы допты алдына 10 метр жерге тастап, артынан жүгіреді, допты қуып жетіп сол ұзақтыққа 900-қа бағыттап артынан жүгіреді де қуып жетіп тағы 10 метр қашықтыққа 900-қа тебеді. Осылай допты квадратта тоқтаусыз алып жүреді.(191-сурет). Сағат тілімен допты сол аяқтың ішкі жағымен, ал қарсы оң аяқтың ішкі жағымен алып жүреді. Бұл жаттығуды аяқ табанының сыртқы жағымен де орындауға болады.
Жаттығу жоғарыдағыдай жүргізіледі, тек допты еркін бағытта сол аяқпен де оң аяқпен де орындалады. Әр тепкенде тік бұрышпен тебіледі. (192-сурет).
О йыншы допты жерге түсірместен аяқпен, жамбаспен ойнап, жақтастарымен допты ең көп жерге түсірмеуден жарысады.
О йыншы белгілі тапсырмалармен допты аяқ үстімен көтеріп, баспен допты соғады, тағы бір жанасу арқылы допты аяқ үстімен көтеріп баспен соғады. (193-сурет).
Ойыншы 2-3 мәрте допты аяқ үстімен теуіп, оны көтеріп баспен соғады тағы 2-3 мәрте теуіп көтеріп допты баспен соғады.
Ойыншы 3 рет допты баспен ойнап, сосын аяқ үстімен тебеді, тағы 3 рет баспен ойнап аяқ үстімен тебеді.
О йыншы 1 рет баспен, 1 рет сол аяқтың үстімен 1 рет оң аяқтың үстімен, тағы 1 рет баспен, 1 рет сол аяқтың үстімен 1 рет аяң аяқтың үстімен ойнайды.
Ойыншы допты аяқ үстімен қолдан теуіп баспен допты қабылдап өзінің алдына допты бағыттайды. Допты табанның ішкі немесе сыртқы жағымен ұстап жаңа бағытқа алып жүреді. (194-сурет).
Ойыншы допты аяқ үстімен қолдан теуіп, баспен соғады, жерге доп соғылғаннан кейін аяқ үстімен көтереді, сосын кезекпен жамбаспен, аяқ үстімен, кеудемен ойнайды. (195-сурет).