Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталды. Оның себебі бұл территорияны мекен-деген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді».
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды. Орнына Жошының екінші ұлы Батк (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы қалың қолды бастаған Бати хан орыс қняздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы ұздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молда-вияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ сағасына қайта оралды.
1. Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
2. Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
3. Ырыспайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.- Алматы, 2000
4. Қазақстан тарихы. Д.Бабаев. Алматы «Рауан» 1996.
5.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қ.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков, К.А.Пищулина. Алматы «Мектеп», 2001.