Реферат тақырыбы : Философия және өнер Орындаған: Мәлік Гаухар Топ: кд21-12К Қабылдаған: Сембаева Мөлдір 2022ж



бет2/2
Дата23.02.2023
өлшемі33,13 Kb.
#169969
түріРеферат
1   2
Байланысты:
философия реферат

Негізгі бөлім
Эстетикалық өнер
Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының
барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.
Эстетикалық тәжірибе – бұл субъектінің ақыл-ой, ойын, бейнелейтін, бейнелейтін, декорациялайтын және т.б. сипаты бар шындыққа интуитивті-пәрменді қарым-қатынасының жиынтығы. Бұл ретте жеке тұлғаның тәжірибесі, сондай-ақ мәдениеттің белгілі бір кезеңдерінің нақты әлеуметтік түзілімдеріне тән, субъектінің рухани рахатымен ілесе жүретін немесе аяқталатын тәжірибесі; немесе рахат сезімінің негізінде субъектінің оң аксиологиялық реакциясы. Эстетикалық тәжірибе сайып келгенде адамға Универсумда өз орнын табуға, өзін табиғаттың органикалық бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі. Эстетикалық тәжірибе ертеден адамға тән болды және ежелгі өнердің тұжырымдамалық формаларында, денені әшекейлеуде, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, діни жасақтарда, жағажайларда, еңбек ырғақты ұйымдастыруда және т.б. көрініс тапты. Мәдениеттің неғұрлым кеш кезеңдерінде – Шығыстың ежелгі өркениеттері мен антикалық Еуропада эстетикалық тәжірибенің жекелеген компоненттерін және тиісінше эстетикалық сананы ұғыну басталады, оларды белгілеу үшін арнайы терминология пайда болады (ең алдымен сұлулық, әдемі, үйлесім, тәртіп, биік және т.б. терминдер), ол одан әрі эстетика ғылымының категориялық аппаратының негізін құрады.
Әлемнің эстетикалық көрінісі үдерісіне тек сезім мүшелері ғана емес, ақыл-ой, түйсік, қиял және т. б. қатысады. Әлемнің эстетикалық көрінісінің нәтижелері көркем формаларға негізделуі мүмкін. Олар сондай-ақ жеке санада жеке әсерлер, бейнелер, ойлы суреттер түрінде қалуы мүмкін. Эстетика категорияларының бірі – Катарсис (грек. katharsis-тазарту) – өнер туындысын қабылдау процесін сипаттайтын эстетика санаты және бұл ретте адам жанының жай-күйіне жағымды, тазалағыш әсер ететін күшті ішкі күйзелісті білдіреді. Катарсис – антикалық эстетика термині өнердің адамға эстетикалық әсерінің маңызды сәттерінің бірі. Пифагоршылар арнайы таңдалған музыкаға әсер ету арқылы зиянды құмарлықтан (ашулардан, ашулардан, үрейден, қызғаныштан және т.б.) жан тазарту теориясын жасады. Пифагор адамға тек қана жансыздан, сонымен қатар дене сырқаттарынан «тазарту» музыкасының көмегімен жоғалғаны туралы аңыз болды.
Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы, өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке ойынынан ләззәт алады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
жазып кетеді. Сонда уәзір барлық музыканттарды жинап, гипжакқа жазған адаида іздейді. Иесін таппаған соң « Игіліктің сырын енді тапқанда , оның жоғалып кеткенің білесің» деген екен
Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа – бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мумкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мумкін емес. Бұл жағдайлардың кеуіле мумкін емес. Көбінесе, әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге , не болмасабелгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді.
Кейбір деректерге қарағанда , оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Туркия және тағы басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған Канун, Уд, Қыпшақ деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясына арнап бірнеше еңьек жазған: Музыканың улкен кітабы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Ғылымдардың энциклопедиясы атты туындыларында музыка ғылымын талдауға арналған жеке тараулары бар.
Әлемге танымал болған Фарабидің Музыканың улкен кітабы атты еңбегі кейінгі жазылған бірнеше ғалымдардың трактаттарының жинағы деген көзқарастар да бар. Музыканың улкен кітабының алғы сөзінде Фараби музыканың ежелгі заманғы ғалымдардың көзқарастарымен көбімен келісе алмайтынын, кейбір қателерін тапқанын, теориясының жағдайы мен сапасына өзінің қанағаттанбағандығын, яғни көңілі толмағандығын айтқан, онда айтылған барлық басқа өнерлер әсіресе , музыка өнері, толық түрде зерттелмегендігін жазады және пайымдалған немесе қабылданған пікірлердің көпшілігі мазмұны түсініксіз, олардың мазмұнының бір- бірімен байланысы жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Сонымен, көне музыка ғылымының пайда болуы мен даму процесін жоққа шығармай, Фараби олардың, яғни ежелгі заманғы ғылымдардың айтқандарының кемшіліктерін, көптеген шығармалардың жойылып кетуін және олардың араб тіліндегі аудармаларының дәл еместігін, яғни араб тіліне сай аударылмағандын түсіндіреді.
Ғалымның айтуынша, теориялық өнерде қалыптасқан жағдай оны өзінің кітабын жазуға талаптандырған. Фарабидің өткен зерттеулерден белгілеп алған басты мәселесі-ол музыка ғылымында өңделген, яғни бір қалыпты жүйеге келген әдіснаманың жоқтығы.
Фараби заманауи музыкалық тәжірибеге ғана сүйенбеген. Өз еңбектерін Согда, Хорасан, араб елдерінің, үндістердің, римдіктердің, гректердің және тағы сол секілді халықтардың ежелгі музыка мәдениетіне де үлкен мән бере отырып жазған. Ол антика теоретиктері- пифагоршылдарға, Аристотельге,Птоломейге, Аристоксенге сілтеме жасап, мұсылмандық дәстүрге дейінгі аспсптар, музыканың түрі мен формалары жөнінде баян етеді.
Фараби музыка ілімін жасауда, сөз жоқ, ежелгі грек оқымыстыларының еңбектеріне сүйенеді. Алайда Фараби бұл авторлардың идеяларына сын көзбен қарап, логикалық сарапқа салып, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде қайта талдап шығады, олардың дұрыс-бұрыс жерлерін дәл басады. Сондықтанда Фараби бұл салада гректердерден көп озық кеткен. Мәселен, ежелгі грек ғұламалары аспаптарды зерттеуді тіпті қолға алмаған. Ал Фараби музыкалық аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физиканы жетік білгені сонша , олардың музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады. Мен тек музыка ғылымын бағалаушы емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтан ежелгі гректарге қарағанда, көп іс жасауыма мүмкіндігім болды»,-деп жазады Әбу Насыр Ғұламаның музыка жөнінде жасаған мына тұжырымдарына тоқталсақ, « Мусика ғылымына кететін болсақ, бұл ғылым әуендердің түрлерін, әуендердің неден құралатынын, оны не үшін шығаратынын, бойға терең сіңіп, күштірек әсер етуі үшін бұлардың қандай болуы керек екенін зерттейді. Музыка туралы дегенде біз екі ғылымды түсінеміз:
1) музыкалық практика
2) музыка теориясы
музыкалық практиканың міндеті- табиғи немесе жасанды аспаптардан шығатын, құлақ арқылы қабылданатын әуендердің түрлерін іздестіру.
Табиғи аспаптар- бұл тамақ, кішкене тіл және тамақтағы басқа мүшелер,Содан соң-мұрын, жасанды аспаптар- мысалы , сыбызғы, лютня, және басқалары.
Музыкант- практик әуендерді, олардың тондарын және әдетте,музыкалық аспаптардан шығатын барлық үндерді біледі.
Музыка теориясы интеллекцияның пайымдау обьектісі ретінде музыка саласынан білім береді , әуендердің неден құралатындығы себептерінің
бәрі келтіріледі. Музыка теориясы бұларды қандай аспап арқылы немесе қандай дене арқылы жүзеге асырылса да, жалпылама түрде қабылдайды.
Музыканың үлкен кітабы- формасы жағынан ерекше, логикалық бірізділікпен жазылған, бас-аяғы жинақы, мазмұны терең энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбек тек Шығыста ғана емес, әлемдік деңгейде құнды еңбек болып саналады. Бұл шығарманы негізге ала отырып, көптеген ғұламалар, мысалы, Ибн Сина (980-1037) және оның замандастары мен кейінгі кезеңдегі авторлар-Дервиш Али Бухари, Сафиуддин Джурджани секілді ғалымдар өзінің музыкалық еңбектерін жазды. Ибн Синаның негізгі музыкалық еңбегі –Музыкалық ғылымдар жинағы Музыканың үлкен кітабының негізінде жазылған. Фарабидің еңбегіне ірі музыка теоретиктері Сафиуддин Урмави, Абдулкадир Мараги, Әбдірахман Жәми, ал XIX ғасырда Уаджид Алихан да Матла ал-улум уа маджма ал –фунун деген шығармасын жазуда сүйенеді.
Фарабидің Ғылымдар классификациясын XI ғасырдың өзінде монах Гульдисал латын тіліне аударып, оны барлық Еуропа елдеріне танымал етті. Әбу-Насырдың музыкалық теориялық еңбегіне деген үлкен қызығушылық танытқан үлкен толқын XIX ғасырда басталды десе болады. Оның музыка саласына арнап жазған шығармаларына көптеген шығыстанушы- ғалымдар үлкен мән берді. Мысалы, Вилоттоның Араб музыкасы (1826) Косегартен, Ланд, Кизеветтер, Сальвадор-Даниэль секілді ғалымдардың еңбектерінен Фарабиге жасаған сілтемелерді көруге болады.
Түсініктер мен көзқарастарды қалыптастырып, халық болмысының құндылық негізін нығайту жауапкершілігі тұр. Әр уақытта халық қалыптастырған руханидүниеге негізделген мәдени мұрамен қаруланып соған арқа сүйеген дұрыс. Себебі бұл дүниенің шынайылығына деген сеніміміз мол.Сондықтан да күй өнері мәдени құндылық ретінде қымбат.
Халық күйі –философиясы терең,мәдени танымы жоғары музыкалық шығарма. «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, Оның философиясы жай қарапайым философия дәстүрінде» -деп филосов Кішібеков Досмұхамед айтқандай, күй өнері оның саз сырыны ырғағының дамуымен үндескен қарапайым философиялық таным. Бұл философиялық таным , саздың мәнін ашатын мына құралдарымен, атап айтқанда үн жүйесімен, саздық сарын және ырғақпен қағыстағы ерекшелікпен,орындаудың экспрессиялылығынмен тығыз байланысады. Ырғақ жүйесі көбінесе халықтың дүние танымымен орайласқан күй өнерінің саздық ерекшелігімен танылады. Күйдегі ырғақ пен саздың іштей қабысуы , айтпақ ойды білдіріп, өзіндік табиғатын танытады. Саздың сарын мен ырғақ жігі байқалмайды. Халық дүние танымында күй
сарынын ырғақсыз түсіну мүмкін емес. Себебі күй табиғатында ой,образ, бейне нақтылығы ырғақ арқылы көрініс табады. Сезім қуатын , көңіл күйін, ой толқынын, күй өңін кіргізетін саздық сарын дүниетанымдық түсінігін ырғақ пен саз-сарын, қоңыр бояу, оның дүниетанымдық түсінігін, бейнелеушілік сипатын танытады. Күй-ойға, сезімдік құбылысқа, саздық бояуға мейлінше мол қаныққан, ырғақтық әлем. Күйдегі мәдени-философиялық түсініктер саз бен бірлігімен танылады.
Көне дәуірден тамырын тарататын музыка табиғатының маңызын анықтауда, оның негізгі қызметтері тек эстетикалық ләззәт алумен ғана шектелмейтінін ұғындырады. Эстетикалық негіз кез-келген өнер мәдениетінің негізгі қызметі болғанымен ол еш уақытта тар өрісті мақсат тұтқан емес. Керісінше, музыка- жаратылыс әлемінің сұлулығын сезінуден
туған ырғақты сезімдік құбылыстар дүниесі. Адамзат баласы өзін табиғат аясында тіршілік иесі ретінде, әрі өздерін сол табиғаттың бір бөлігі ретінде санағанынан, бұл сезімдек құбылыстарды табиғаттағы түйсік ырғақ пен сұлулықты түйсік арқылы байланысуы деп түсіндіреді. Бұл олардың
сезімталдығын, көңіл сергектігін қалыптастырады, әрі мұндай сергектік өмір тіршілінде адамның өмірге сүру тіршілінде адамның өмірге деген құлшынысын арттырады.Табиғаттың сырлы сызын түйсікпен сезіну, өмір сүру үлгілерінің көркемдігін аңғаруына да көмектеседі, әрі адам жанының тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігін туғызады.
Бір жағынан алып қарасақ, философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына ,жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана», деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұұсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрәнәп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.
Филослфияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешұашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер деректер жетіспеген жағдайда қиял арұылы толыұтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр.
Қорытынды 
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ.. Өмір жайлы: «табиғатқа еліктеу», «Құдайды тану», «шындықты бейнелеу», « сезім тілі», т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен саңқырлылығына сай оның мән-маңызың тек танымдық немесе идеалдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар Өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамным көркем шығармасының әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлар ретінде таратылады.Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.
Әдебиеттер тізімі:
Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет