Реферат тақырыбы : Футбол. Білім алушының аты-жөні: Толегенова М. С мамандық цифры: ссиМ-19-11


Футболдан әлем чемпионатының рекордтары



бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі487,76 Kb.
#90056
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
СРС РК1 Физика 1 каз, glossarii, Отчет Шалкар, тап.5 Орынбаева А.Б, МТПРП-206 Байбосын Құндыз, Әлеуметтану, ЛЕКЦИЯ №1, ДӘРІС №2, Управление риском в социально-экономических системах by Богоявленский С.Б. (z-lib.org), marcet, Учебное пособие Мызрова К.А. ОРГАНИЗАЦИОННА КУЛЬТУРА, Отчет, ОТЗЫВ, Introduction to Hospitality
3.3 Футболдан әлем чемпионатының рекордтары
Ең ірі есеп: Венгрия - Оңтүстік Корея 9:0, 1954 жылы; Югославия - Заир 9:0, 1974 жылы; Венгрия - Сальвадор 10:1, 1982 жылы; Германия - Сауд Арабиясы 8:0, 2002 жылы; Уругвай - Боливия 8-0, 1950 жылы; Швеция - Куба 8-0, 1938 жылы; Уругвай - Шотландия 7-0, 1954 жылы; Түркия - Оңтүстік Корея 7-0, 1954 жылы; Польша - Гаити 7-0, 1974 жылы; Португалия - КХДР 7:0, 2010 жылы.
Ең тез соғылған гол: Хакан Шүкір 10,8 секунд, Түркия - Оңтүстік Корея 3:2, 2002 жылы.Ең көп әлем чемпионатына қатысушы: Антонио Карбахал (Мексика, 1950-1966), Лотар Маттеус (Германия, 1982-1998).
Әлем чемпионатында ең көп ойын өткізген: Лотар Маттеус - 25 ойын.Үздік сұрмерген: Роналдо (Бразилия) (1998-2006) - 15 гол.Бір турнирде ең көп доп соққан: Жюст Фонтен (Франция) (1958) - 13 гол.Бір матчта ең көп доп соққан: Олег Саленко (Ресей), 5, Ресей - Камерун ,6:1, 1994 жылы
Ең қарт ойыншы: Роже Милла (Камерун), 42 жас, 39 күн.
Ойыншы ретінде ең көп әлем чемпионы атанған: Пеле (Бразилия) 3 дүркін әлем чемпионы (1958,1962,1970
Ең көп алтын алған: Марио Загалло (Бразилия) ойыншы ретінде (1958, 1962), бас жаттықтырушы (1970), жаттықтырушының көмекшісі (1994)
Барлық медель иелері (алтын-күміс-қола) ГФР құрамасының 5 ойыншысы: Зепп Майер, Франц Беккенбауэр, Юрген Грабовски, Хорст-Дитер Хеттгес, Вольфганг Оверат (алтын - 1974, күміс - 1966, қола - 1970), Италия құрамасының ойыншысы Франко Барези (алтын - 1982, күміс - 1994, қола - 1990).
Ойын соңындағы пенальтиден гол жібермеген қақпашы: Александр Шовковский (Украина), Украина - Швейцария 0:0, пен. 3:0, 2006 жылы.
Футболдан әлем чемпионаты - әлемдегі өткізілетін жарыстардың ең көп жанкүйер жинайтын жарыстардың бірі. Әлем чемпионатын телеарнадан көрушілер саны тіпті Олимпиада ойындарынанда көптеп жиналады. 2002 жылғы әлем чемпионатын телеарнадан тамашалаушы жанкүйерлердің жиынтығы 2,88 млрд. адамды құрады. 1,1 млд. адам осы турнирдің финалын тамашалады. 2006 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімін әлемнің 300 млн. халқы көрді.
1966 жылдан бастап әр әлем чемпионатының өз тұмары бар (1966 әлем чемпионатының алғашқы тұмары арыстан күшігі Вилле болды).
Әлем чемпионаты әлемнің бай брендтерінің қаржылай көмегі арқылы өткізілуде. 1978 жылғы әлем чемпионатынан бастап басты демеушілердің бірі - Кока Кола компаниясы болып табылады (1974 жылдан бер ресми әріптесі болып табылады.
Әзірге келесі әлем чемпионатын өткізуші елді алдын ала 6 жыл бұрын ФИФА атқарушы комитетінің мүшелерінің дауыс беруі арқылы сайланыды. 2010 жылғы әлем чемпионатын өткізуші елді 2004 жылы сайлады. ӘЧ 2014 - 2007 жылы, ал ӘЧ 2018 бен ӘЧ 2022 - 2010 жылы сайланды. Сонымен есептеп қарасақ ӘЧ 2022, тіпті, 12 жыл бұрын сайланды. Осыдан кейін ФИФА шенеуліктері ендігіде соншалықты ерте сайламайтынын мәлімдеді. Рекорд ӘЧ 1982-де, оны 16 жыл бұрын, яғни, 1966 жылы сайлады.
1930-1998 жылдар арсындағы әлем чемпионаттары не Еуропада, не Америкада өткізілді. 1934-1938 және 1954-1958 жылдары әлем чемпионаты Еуропада қатарынан 2 рет өткізілді. 1958 жылдан бастап Еуропа мен Америкада әлем чемпионаттары кезектесіп өткізілетін болды.
2002 жылғы әлем чемпионаты тұңғыш рет Еуропа мен Америкадан басқа жерде өткізілді, яғни, Оңтүстік Корея мен Жапония жерінде. Алғашында екі ел бөлек бір елде өткізуге ұсыныс жасап еді, алайда, ФИФА-ның қысымымен және басқа елдер өз мәлімдемелерін қайтарып алғаннан кейін бірге, қосылып өткізуге келісті.
2010 жылғы әлем чемпионатын өткізуге тек Африка аймағының құрамалары мәліметтерін өткізді, ал 2014 жылы тек оңтүстікамерикалықтар. Бразилия әлем чемпионатын өткізуге мәлімдеме жасаған жалғыз құрама болғандықтан 2014 жылғы ӘЧ Бразилияда өтетін болды. Басқа мәліметтер түспегендіктен ФИФА қабылдаушы ел принципін қайта өзгертті: соңғы екі әлем чемпионаты өткен аймақта келесі ӘЧ қайтадан өткізілмейтін болды. Сөйтіп 2018 жылғы ӘЧ Африка мен Оңтүстік Америкада өткізілмейтін болды, ал 2002 - Оңтүстік Америка мен Еуропада өткізілмейді. Егер осы принцип өзгермесе 2026 жылы Еуропа мен Азияда өтпейтін болса, 2030-да Азия өтпейді.
2010 жылғы әлем чемпионаты Африка жерінде өтетін болып келісілді. Сайлауда 4 бәсекелесін жеңіп ӘЧ қабылдаушы ел болып Оңтүстік Африка Республикасы сайланды. Сөйтіп 2010 жылғы әлем чемпионаты қара құрлықта өткен ең алғаш, үлкен спорттық сайыс болып саналды.
2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Колумбия және Екуадор мен Перу қосылып өткізуге қызығушылық танытты. Ал ӘЧ 2030-ды қабылдауға Уругвай мен Аргентина қызығуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет