Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы: Инклюзивті білім беруде вариативті бұзылыстары бар балалардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.
Орындаған: Тоқтарханова А.С.
Тексерген: Кусаинова Н.М.
Топ: ПМНО-705
жылы
Кіріспе.
Негізгі бөлім
1.1.Вариативті бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері
1.2.Вариативті бұзылыстардың себептері,олардың туындауы туралы жалпы түсінік.
1.3.Вариативті бұзылыстары бар балалардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе. Вариативті бұзылыстары бар балалар бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір «балалардағы даму аномалиясы» терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда «психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады. 1.1Вариативті бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері. Тифлосурдопедагогика (греч- турһіоs-көрмейді және лат- suгdos-естімейді деген мағынаны білдіреді) дефектология ғылымының бір саласы. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды оқытатын және тәрбиелейтін ғылым болып табылады. Алайда бұл ғылым саласындағы проблема тек дефектология саласында қамтылып қана қоймайды. Себебі оқыту-тәрбиелеу процесі адамның псхикасымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге әр ғылым әртүрлі көз қараспен қарайды. Тифлосурдопедагогика мынадай ғылымдармен тығыз байланысты: психология, педагогика, философия, медицина т.б мамандықтармен. Әсіресе маркстік және лениндік философиямен тығыз байланыста себебі мұнда табиғаттағы адамның орны туралы және олармен материалдық және рухани байланыс арқылы қарым-қатынас жасауы жайында баяндалады.Отандық тифлосурдопедагогика - жеке тұлғаның қалыптасу тоериясы мен маркстік психологияның негізінде балалар психологиясымен тығыз байланысты ғылым болып табылады.
Баланың дамуы оның көрмей қалуына байланысты өзге адамдардан ерекше дамиды деп ойлап қате екендігін Л.С.Выготский өз еңбегінде жиі айтады. Сондықтан бала дамуы үшін үш фактор алдыңғы орында тұрады олар: ойын, оқуту және пәндік жұмыс жүргізу. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың дамуы үшін оның үлкен адаммен заттық қатынас жасауы маңызды және оларға үнемі үлкендердің мейірімі қажет. Балалармен жұмыс жүргізілгенде компенсация, коррекция процестері қатар жүргізіледі бұл кезде тифлосурлопедагогика тифлопедагогикамен және сурдопедагогикамен тығыз байланысты болып табылады.
Тифлосурдопедагогоика басқа да ғылымдар секілді өзінің бірқатар тараулардан тұрады. Оған тифлосурдопедагогиканың тарихы, көзі әлсіз көретін естімейтін-сөйлемейтіндерді, әлсіз еститін көрмейтін-сөйлемейтіндері және мүлдем көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтіндерді оқыту және тәрбиелеу теориясы, арнайы психология және түрлі әдістемелер жатады. Сонымен қатар арнайы педагогикамен логопедия, офтальмология, патофизиология, мектеп гигиенасы, оториноларингология секілді ғылмдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Арнайы жасалынған техникаменде байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |