Реферат тақырыбы : «Реттеуші органдар»


Автоматты басқару жүйесінің технкалық құрылғылары



бет4/6
Дата22.11.2023
өлшемі220,2 Kb.
#192883
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат

3. Автоматты басқару жүйесінің технкалық құрылғылары




ТҮАБЖ кешенінің құрылымы. Əртүрлі өндіріс саласында қолданылатын техникалық үрдістерді автоматты басқару жүйе (ТҮАБЖ) кешенінің типтік құрылымын қарастырайық.
Бұл құрылым төмендегі жүйелерден тұруы керек:
1. Өлшеу, бақылау құрылғылары, жабылу клапандары жəне электр сымдары бар алаңдық құрылғылар
2. Кабельді байланыс сызықтары,кроссты құрылғылар
3. Ұшқын қауiпi жоқтықтың тосқауылдары, нормалаушы түрлендіргіштер
4. Программаланатын контроллерлер, аналогты жəне дискретті сигналдардың кіріс жəне шығыс модульдері
5. Операторлық станциялар – компьютерлер, магниттi сақтаушылар, мониторлар, басып шығару құрылғылары жəне сол сияқты
6. Кабельді,оптоталшықты жəне байланыс радиоарналары
7. Өрт автоматикасының жəне газдылық басқамасының жүйесі
8. Үзiлiссiз электроқоректенулер жүйесі
ТҮАБЖ құрылу барысында құнның 70-80% алаңдық құрылғыларға кетеді. ТҮАБЖ құрылу барысында құралдарды, интеллектуалды жабдықтарды, fieldbus қолдану ұсынылады.
Алаңдық құрылғылар. Жаңа обьекттерді құру барысында жаңа интеллектуалды құралдарды қолдану қажет. Өлшеу құралдарының əртүрлілігін қысқарту жəне олардың қызмет көрсетуіне кеткен еңбек шығынын бағалау маңызды роль атқарады.
Өлшеу құралдары бойынша ұсыныстарды қарастыра кетейік:
1. Температураның өзгеруі. Температураны түрлендіргіш ретінде 420мА шығыс тоқты, платиналы терморезистор немесе терможұппен жұмыс жасайтын өлшеу түрлендіргіштерді қолдану ұсынылады. Сезгіш элементпен бірге жасап шығарылған жəне обьектте орнатылған өлшегіштерімен өлшеген жөн. Өлшегіш түрлендіргіштер 4-20мА кірісті болуы тиіс.
2. Шығынды өлшеу. Диафрагманы қолданып шығынды өлшеу əдісі қолданылады. Деңгейді өлшеу қалтқы датчиктермен, ультрадыбысты кысым датчиктерімен жүзеге асады. Мұнай газ өндірісінде мұнай мен газдың деңгей сигнализаторлары қолданылады.
3. Реттейтін кесетін клапандары. Клапандар атқаратын қызметі бойынша үш топқа бөлінеді:
а) Реттегіш
б) Құлыптау (блокировка) сұлбасындағы кесетін
в) Ретінде алыстан басқаруға арналған кесетін
Оптикалық кабельдер. Кабельдердің оптоталшықты, талшықтыоптикалық, файбер-оптик, ВОЛС сияқты көптеген түрлері бар. 70-ші жылдардан бері оларға оптикалық кабельдер деген атау берілген. Байланыс кабельдері 2 үлкен класқа бөлінеді: электрлік жəне оптикалық. Соған сəйкес электрлік жəне оптикалық сигналдар таратады.
Оптикалық кабельдер өте ертеде ойлап табылған,бірақ сай келетін материалдар болмады. 70 –ші жылдардың басында көптеген ізденулер нəтижесінде, 20 дБ/км –ден аз бере отырып жарықты жоғалту арқылы жаңа талшық ойлап табылды. Содан бері отпоталшық суда да,жерде де қолданып келеді.
Алдымен, қалаларда АТС арасында байланыс сызықтары салынды, содан кейін қалааралық жəне халықаралық оптикалық кабельдер магистралінің құрылысы басталды. Соңғы 10 - жылдықта теңіздік жəне мұхиттық материкаралық байланыстар орнатылуда. Соның ішінде Ресей белсенді қызмет атқаруда,бұған мысал ретінде Транссибирлік оптикалық магистральді келтіруге болады.

3.1 сурет. Типтік жарық өткізгіш
Типтік жарық өткізгіш өзекшеден жəне қабықшадан тұрады. Өзекшенің сыну көрсеткіші қабықшаға қарағанда көптеу, соның нəтжесінде жарық сəулесінің өзекше – қабықша шекарасына толық бейнесі түседі. Өзекше де, қабықша да кварц шыныдан жасалады. Жарық өткізгіштің сырты оның механикалық жəне оптикалық сипаттамаларын жақсартатын көптеген қорғаныс қаптамалардан тұрады. Құрылысы осындай жарық өткізгішті оптоталшық деп атайды. Жарық өткізгішті полимерлі материалдардан жасайды.
Жарық өткізгіштің жəне оптикалық талшықтың конструкциялары өте көп, бірақ 2 негізгі түрі бар:көптолқынды жəне біртолқынды.Жарық өткізгіштің кварцтан жасалған мөлдір əйнектері толқын ұзындықтары 0,85; 1,3; 1,55 мкм аралығында орналасқан. Ал көптолқынды талшықтардың өзекшесінің диаметрі 50 жəне 62,5мкм.
Біртолқынды талшықтардың өзекшесінің диаметрі 5-10 мкм аралығында. Талшық бойымен бір ғана типті толқын берілгендіктен бұл талшықты біртолқынды деп атаймыз,ал өзекшесінің көлемі алдынғылардан да аз болады. Кварц қабықшаларың диаметрі стандартталған, 125 мкм тең.
Жақын қашықтыққа көбінесе көптолқынды талшықтар қолданылады,олар тасымалдауға да оңай болып келеді. Ал алыс қашықтыққа біртолқынды талшықтар қолданылады, себебі бірден сөнуі болмайды жəне импульстің дисперсиясы аз. Дегенмен де оларды өңдеу,тасымалдау қиынға соғады.
«Сөну» параметрі жарық ағынының қуатының əлсіреуін сипаттайды. Ол электр кабелінің параметрлері сияқты дБ/км өлшенеді. Импульс дисперсиясы – оптоталшық арқылы тарау кезіндегі дисперсияның ағыны. Бір біріне жақын орналасқан екі импульс оптоталшық арқылы өткенде дисперсияның пайда болуынан бір – біріне қосылып, соңында бірігеді. Импульс дисперсиясы сөнуге, микросызаттарға, жарық өткізгішінің материалының ішкі құрылысына жəне тағы басқа көптеген факторларға байланысты.



3.2 сурет. Күрделі оптикалық кабельдің құрылысы
Жарық импульсі сəулелену көзінің(лазер,светодиод) модуляциясында пайда болады. Жарық көзінен талшыққа берілу кезінде апература маңызды роль атқарады. Апература талшық өзекшесінің көлеміне жəне жарық көзінің оптоталшықпен байланысына тəуелді. Дұрыс байланыспаған жағдайда бергіштердің аз мөлшердегі қуаты жарық өткізгішіне өтеді, ал қалғаны шағылады. Керісінше, егер апература жарық көзімен жақсы байланыста болса, онда бұл тиімді: барлық энергия жарық көзіне өтеді.
Жеке жарық өткізгіш жат əрекеттерді (созылуды, бұрылуды, ылғалды) нашар көтереді, сондықтан корғаныс матералдарымен (лактармен, пластикпен ) қапталады. Жарық өткізгіштің диаметрі 125мкм болса, ал қапталған жабындарымен 0,5мм жəне одан да үлкен көлемге ие болады. Осындай түрде оптоталшықты кабельдің ішіне орнатады, сонда ғана ішкі əрекеттерге қарсы тұра алады. Кабельді жасау барысында талшықты қорғау мақсатында тағы да қосымша шаралар қолданылады: оптикалық талшықты үлкен пластикалық трубаға орнатады, ал кабельді қабықшаның ішін гидрофобты (су итергіш) материалмен немесе қалың жəне қатты талшықтармен толтырады.
Оптикалық кабельдің құрылысы əртүрлі. Кейбіреулері аз көлемді талшықты болады. Бірақ көбінесе əртүрлі қорғаныс элементтерімен толтырылған арнайы модульге орнатылған көптеген оптикалық талшықтардың жиынтығынан тұрады (3.3 сурет). Бəрі де оптикалық талшықтық түріне байланысты. Оптоталшықтар түтікте бос жəне «жұлдызша» түрінде жəне мөлдір пластмасса лентасында берік орнатылған түрінде кездеседі. Байланыс арнасында кабельдің екі типі де кеңінен қолданылады.

3.3 сурет. Оптикалық кабельдің құрылысы
Оптоталшықтардың ұяшықтарға (разъем) дұрыс орнатылуы маңызды роль атқарады,себебі байланыс орындарында жарық импульстарының өтуі осыған тəуелді. Сондықтан барлық оптикалық кабель жасап шығаратын орындарда ұяшықтарға ерекше көңіл бөлінеді. Оптоталшықты кабельдің соңын желіммен, эпоксидты смоламен немесе т.б толтырғыштармен герметиздейді. Сонымен қатар оптикалық кабельдің бұрылу радиусына назар аударылады. Егер радиусы үлкен болған жағдайда, тракттың сөнуі көбейеді. ал кішкентай болса, жарықтың өтетін бөлігінің нашарлауына алып келеді.



3.4 сурет. Оптоталшықтардың ұяшықтарға (разъем) орнатылуы
Енді оптикалық талшық жəне оптикалық кабель туралы айта кетейік. Оптоталшық арқылы 155 Мбти/с ағындар беріледі, бұл байланыс жүйесіндегі синхронды сандық иерархияның алғашқы бастамасы болып табылады. Жақында екінші сатысы – 622 Мбит/с пайда болды жəне тез арада үшінші сатысын – 2,5 Гбит/с бағындыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет