Санға емес сапаға жұмыс істеудің нәтижесі жоғары болатыны белгілі. Сондықтан сапалы өнім өндірген кез келген кәсіпорынның болашағы бар деп есептеуге толық негіз бар. Экспортқа және ішкі нарыққа шығарылатын тауардан ең алдымен сапа талап етіледі. Сапасы жоғары өнімге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сұраныс жоғары болады. Сапылы өнім өндіру ─ кәсіпорын жұмысының тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Тұтынушының басты талабы тауардың сапалы болуы. Оған зер салғанда сапаның өндіріс қарқынымен қатысын, өнімнің өзіндік бағалануын, еңбектің нәтижесі сияқты көптеген мәселелерге назар аударуға тура келеді. Шығаратын тауардың сапасын арттыру – өндіріс механизмін дамытып, халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп отырумен тікелей байланысты. Сапалы өнім тұтынушы өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды. Ал кез келген өнімнің түрі қойылған талаптарға сай болғанда ғана нарыққа жол тартады. Өнімнің сапасына қойылатын талаптар бірнеше көрсеткіш арқылы анықталады. Оған туар сапасын жобалау және сақтау, қолдану барысындағы қасиеттерін, тұтыну кезіндегі тиімділігі сияқты көптеген көрсеткіштерді атауға болады. Кеңірек айтар болсақ, тұтынушы өнімді қажетіне қарай қолданғанда пайдасы мен тиімділігі, оны сақтаудағы, тұтынудағы ыңғайлылығы, сыртқы көрінісі яғни эстетикалық тұрғыдан қарағандағы бейнесі, тартымдылығы, экологиялық тазалығы, қоршаған ортаға және тұтынушыға зияны жоқтығы, шыдамдылығы, техникалық шешімдерді, қауіпсіздігі, тасымалдауға ыңғайлылығы сияқты барлық талаптары ескеріледі.
Ж.Ж. Есенқұлова Ж.Ж. Аканова А.М. Касенова “СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ”
Т.М. Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева “Стандарттау сертификаттау және метрология”
Баубеков Сабит “Стандарттау, сертификаттау және метрология”
Достарыңызбен бөлісу: |