Реферат тақырыбы: Бүйректің құрылысы мен жас еркшеліктері Орындаған: Арыстанбек Диас Тобы: Еп-19-15к



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі122,35 Kb.
#119792
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Арыстанбек Диас Рефереат
жазғы мектеп-21 жоғарғы сыныптар, жазғы мектеп-21 жоғарғы сыныптар, Арыстанбек Диас Рефереат, Арыстанбек Диас Рефереат
Қуықтың құрылысы мен қызметі.
Қуық –қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. сфинктер – қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады.
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.
Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі жене еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп қүрамында лактоза, аздаған (аз мөлшерінде) мелшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.

  • жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі.

  • жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу жөне иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады.

Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мүндай мәліметтер әлі белгісіз.

Бүйректің организмдегі ен. негізгі қызметі — шығару. Соны-мен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос кысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сұйықтық ор-таның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдык жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын не'сеп құрамы, касиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүр-лі өзгерістерге байланысты. Осығаң сәйкес, ішкі және сыртқы ор-таның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған инфор-мация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртурлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, кысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан 'барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелеріиің жүйкелік және гумо-ральдық реттелу механизмі іске 'қосылады. Реттелу механизмі жалпы диурезді (немесе тәуліктік несеп шығарылуды) өзгерту-меи қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдсрін, түз-дарды, дәрілерді, суды т. б. заттарды организмнен шыгарады.


Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және па-расимпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.


қорытындыларынан кезеген жүйкені тітіркендіргенде несеп кұрамындағы хлорлы нат-рий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байкалған. Парасимпатикалық жүйкенің мұндай әсері түтікшелердін. кері сінуінің өзгеруінен пайда болады.
Бүйректін. симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардыц шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалык, жүйкені тітірксндіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгер-меііді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шы-ғарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.
Л. А. Орбели лабораториясының зерттеу

Днурездің рефлекстік өзгеруі толып жатқан дене сыртында және ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлётін мүшелерде ор-наласқан рецепторлардың тітіркенуінец болады. Несепағардың несепте пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана ты-ғындалран бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, со-нымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шыға-рылуын төмендетеді.


Несеп жасалу процесі вегетативтік жүйке арқылы орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімдерімен реттеледі.
Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс кабаты бөлімдерін — мидың төртінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т. б. әртүрлі әдістермен тітіркендіргенде неоеп жасалу процесі өзгеретіні анықталған. Бүйрек қызметінің реттелуі ве-гетативті жүйке жүйесінің жоғары орталықтары (гипоталамус-тын) паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар және бас мидын, қыртыс қабаты арқылы жүретіні дәлелденді. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мәліметтерге байла-нысты, реттелу механизміне өте күрделі гормональдық тізбекті (гипофиз, бүйрекүсті безі т. б. бездер) қосып 'бүйрек қызметін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бүйрек өзінің шығару функ-циясын орындап гомеостазды қамтамасыз етеді.
Бүйректің жүйке гуморальдық реттелуінің маңызын, олардың өзара байланысьш 1937 жылы А. Шпуга жүргізген өте қызықты дәлелді тәжірибеден көруге болады. Ол бүйректі өзінің табиғи орнынан ауыстырып тері астына, мойын аймағына тігіп, оның та-мырларын сол жердегі қан тамырларымен жалғайды. Тәжірибе-ден бүйрек жүйкелері бүзылғанмен, жалғасқан қан тамырлары арқылы қан бүйрекке келе бастағаннан бастап несеп жасалу про-цесі жүре бастаран. Бірнеше күннен кейін осы бүйрек пен қалып-ты жағдайдағы бүйректің несеп жасау қызметінде аса көп өзгеріс байкалмаған. Егер организмге су немесе ас тұзын көбірек енгіз-се, орнын ауыстырмаған бүйрек сияқты, ауыстырып тіккен бүйрек-те де жасалатын несеп құрамында су, тұз көбейеді. Жүйкесі кесілген бүйрек қызметі жүйке жүйесінің арқасында әртүрлі ті-тіркендіргіштерге өзгереді. Ауырсыну тітіркендіргіштері әсер ет-кенде, жүйкесі кесілген бүйрек кесілмеген сияқты 'несеп шығару-ды тоқтатады. Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердін ау-ырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан — гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет