Реферат тақырыбы: «Дисграфия»



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі25,87 Kb.
#120972
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
реферат арай

Логопедиялық түзету жұмысының негізгі мазмұны:

  • түр, түс, көлем туралы түсініктерін анықтау;

  • өз денесін, қоршаған ортаны бағдарлау;

  • әріптерді құрастыру, қайта құрастыру;

  • әріптерді табу, бөліп айту.

Логопедиялық түзету жұмысының негізіг бағыттары:

  • көріп қабылдауын және тануын (гнозисын) дамыту;

  • көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту;

  • кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту;

  • көріп талдау, жинақтауын дамыту;

  • шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс.

Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:

  • жеке әріптерді ажырату;

  • шатастыратын әріптерді буында ажырату;

  • шатастыратын әріптерді сөзде ажырату;

  • шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату;

  • шатастыратын әріптерді мәтінде ажырату.

Жоғарыда айтылған жұмыс бағыттары негізінде перспективті жоспар құрастырылады.
Оптикалық дисграфияны түзету барысында қолданылатын жұмыс тәсілдерін құрастырайық.
1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданылатын тәсілдер:

  • контурмен сызылған заттарды атау;

  • бірінің үстіне бірін сызылған суреттерді атау;

  • жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау;

  • түрі, түсі, ңөлемі бойынша заттарды іріктеу;

  • суреттегі айырмашылықтарды табу.

2. Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту:

  • 10 — шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету;

  • әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау;

  • алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды орналастыру;

  • «Не өзгерді?», «Не жоғалды?» ойындар.

3. Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру:

  • Л-М, А-Д, К-Ж, Ж-Х, П-Н, Ш-Щ;

  • бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау;

  • дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау;

  • элементтері бойынша әріп құрастыру;

  • бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж, т-г, р-в, т.б.);

  • әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.

Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін әріпті бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О — дөңгелекпен, З — жыланмен,т.б.) немесе тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы: Мына әріпке қарашы,
Былай «Е», былай «Ш»
Сонымен, ЖСТБ-ы әртүрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарлы дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылу керек:

  • қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес;

  • ақаулықтың түрін, құрылымын ексеру;

  • онтогенетикалық ықпал ету;

  • сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;

  • қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технолгиялары мен көзқарастарды ескеру;

  • логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.

Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады:

  • сөйлем құрамын талдау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • буындық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

  • фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет