Торшалық иммунитет. Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста түзіледі. Әртүрлі вирустық, бактериалдық, саңырауқұлақтық және т.б. індеттердің әсерлеріне қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске торшалардың 3 субпопуляциялары қатысады:
Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық және торшалық жауаптарды, макрофагтардың белсенділігін қамтамасыз етеді;
Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және індеттелген торшаларды жоюға қатынасады;
Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммундық жауапты тежейді және микроорганизмдермен пайда болатын иммундық супрессияға жауап береді.
Организмнің иммундық жауабын негізгі реттеушілер – Т-хелперлер мен Т-супрессорлар. Адам мен малдарға бірдей патогенді вирустармен жүргізілген көптеген эксперименттер организмнің жазылуында Т-торшалардың маңызды рөлін дәлелдеп берді.
Торшалық типті иммундық реакциялар:
торшалардың ішіндегі микроорганизмдерге (вирустарға, бактерияларға, саңырауқұлақтарға) тошалық реакция;
трансплантация жасалған ағзалар мен ұлпалардың торшаларына лимфоциттердің цитотоксикалық әсері;
белсенді Т-лимфоциттермен ісік торшаларын талқандау;
торша типті ГЗТ аллергиялық реакциясы;
аутоиммундық бұзылуда болатын торшалық реакция.
Осындай әртүрлі реакциялардың жалпы белгісі ретінде жіктелу процесінің соңғы өнімі, эффектор-торша рөлін Т- лимфоцит атқарады.
Т- және В- лимфоциттер өздерінің мембраналарында құрылысы жағынан В-торшалардың иммунды глобулиндерінен аумайтын арнайы антиген рецепторларын тасымалдайды. Т-торшалардың антигендік рецепторлары - құрамында екі негізгі гликопептидтер бар гетеродимер. Мұндай антигенді рецепторлар шеткергі Т-торшалардың 90 %-да және барлық тимоциттерде кездеседі. Т- лимфоциттердің негізгі функциясы вирус-індетпен жарақаттанған торшаларды талқандау. Кейде ондай реакция шеттен шығып, организмнің басқа да ұлпаларын талқандауы мүмкін. Ондай жағдайда торша-супрессорлар талқандау процесін шектеп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді.Бөгде антигендер торша мембранасының гликопротеиндерімен жинақталғанда ғана Т-торшалардың әсеріне ұшырайды. Торшалық иммундық жауаптың индукциясында макрофагтар зор рөл атқарады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Індеттану мен микробиология негіздері (оқулық) Алматы. «Қайнар» 1993 ж.
Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,1999
Толысбаев, Б.Т. Ветеринариялық санитарлық микробиология.- Алматы, 2008
Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары- Омарбеков.Е.О
Достарыңызбен бөлісу: |