Реферат Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін факторлар


Құқықтық мемлекттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар



бет2/6
Дата11.03.2023
өлшемі23,58 Kb.
#171931
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
құқық талшын
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, 2 5465154380158207824, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси
1. Құқықтық мемлекттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар
1.1 Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
Құқықтық мемлекеттің ұғымы
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу , құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,Демокрит,Платон,Аристотелъ,Полибии,Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады.” Заңның күші жоқ жерде- Аристотелъдің айтуы бойынша –мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”.Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.
Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығына көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызыметіне жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулар мен байланысты өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай -ақ мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер етатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көз қарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та кетеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен занның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама – қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялау мен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызыметті приориттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатнастың әрбір субьектісі мемлекеттік оргындардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен ( басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсенбеушілік қатнасынасының тарауына кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет