Жартастағы бейнелер орнасқан жеріне қарай ерекшеліктері.
Франциядағы Фон-де-Гом үңгірінде табылған жартас бейнелері кейінгі палеолитке жатады. Суреттерде жабайы жылқылар, бизондар, мамонт, солтүстік еліктер және т.б жануарлар бейнеленген. Фон-де-Гом үңгіріндегі жартас суреттері ежелгі қара боялардан, құрамы қиын Мадлень кезеңіне жататын полихромдық бояуларыда бар.
Францияда тағы бір жартас бейнелері табылған үңгір бар. Ол Комбарель үңгірі. Үңгір ұзындығы 237 метр. Үңгірдегі суреттер алғаш 1901 жылы табылған, суреттерде 400-ден астам зооморфтық және антропоморфтық суреттер бейнеленген. Айта кететін бір қызықты факт бұл осы үңгірдің қасында Кро-Маньон шатқалы орналасқан, дәл осы шатқалда Кроманьондықтардың қалдықтары табылған.
Капьтық немесе Шульган-Таш үңгірінде де жартас бейнелері табылған. Алғаш оны кеңес ғалымдар 1959 жылы тапқан. Үңгірде кейінгі солютьеден ортаңғы мадленьге шейін хронологияда салынған суреттер.
ІІ ТАРАУ
2.1 Марселино Санс де Саутуола.
Марселино Саутуола 1831 жылы Сантандер, Испанияда дүниеге келді. Кішкентай кезінен геология және ботаникаға қызығушылық танытқан, бірақ ол қызығушылық тек әуесқойлық болған.
Есейіп заңгер болып жұмыс жасаған. Парижда дүниежүзілік археологиялық көрмені көргеннен кейін, 1875 жылы жеке-меншігіндегі жерлерді зерттеуді бастады. 1879 жылы ол 9-жасар қызы Мариямен серуенге шыққанда Альтамира үңгірінде жартаста салынған суреттерді байқайды. Саутуола бұл суреттерді зерттей бастады, кейін оған Мадрид университетінен Хуан Виланова-и-Пьера атты археолог көмектесе бастады.
Саутуола мен Пьера өзінің Альтамирадағы зерттеулерінің еңбектерін 1880 жылы жария етеді. Алғаш оларды ешкім қабылдамай, тіпті «өтірікші» деп атап, ешкім мойындамайды, алайда одан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен табылған жартастағы суреттер олардың еңбектерінің растығын мойындауға әкеледі. Саутуола 1888 жылы «Өтірікші, алдаушы» деген атақпен дүниеден озады.
Достарыңызбен бөлісу: |